201
бактериялы тыңайтқыштар болып бөлінеді. Органикалық
тыңайтқыштардың көп тараған түрлері малдың көңі, көң
садырасы, құс саңырағы, шымтезек, компосталған жасыл
шөптер.
Органикалық тыңайтқыштарды күрделі немесе кешенді
тыңайтқыштар деп те атауға болады. Себебі оның құрамында
органикалық заттардан басқа азды-көпті минералды заттар да
бар. Органикалық тыңайтқыштардың бір түрі - жоғарыда
айтылғандай, жасыл тыңайтқыштар. Жасыл тыңайтқыштар
немесе сидерация деп, еккен кезде топырақ құнарын көп талап
етпей, өніп-өсіп, жақсы өнім беретін көпжылдық, не біржылдық
шөптерді өсіп-жетіліп тұрған кезінде тамырымен қоса жыртып
тастауды
айтады.
Тыңайтқыштың
бұл
түрі
еліміздің
оңтүстігінде органикалық және азотты заттарға кедей, құрамы
жеңіл топырақтарды (құмдақ) органикалық заттармен байыту
үшін қолданылады. Бактериялы тыңайтқыштар өзінің атынан -ақ
белгілі болғандай, тірі бактериялардан тұрады. Оның себебі:
жоғарыда айтқанымыздай, топырақ түзу процесіне, оның
құнарлылығына
микроорганизмдердің,
оның
ішінде
бактериялардың маңызы өте күшті. Тіпті кейбір бактериялар
түрлері бұршақ тұқымдас өсімдіктер ішінде (тамырында)
түйіртпекті (клубни) болып өсіп, ауадан бос азотты өз денесіне
жинап, топырақтың тыңаюына көп «қолқабысң тигізеді.
Топырақ құрамындағы органикалық заттарды да ыдыратып, оны
өсімдіктер үшін сіңімді қоректік заттарға айналдыратын да осы
микроорганизмдер.
Табиғи
жағдайда
көбінде
топыра қ
микроорганизмдері топырақта өзінше өсе бермейді. Осы
жағдайларды
күшейту
үшін
топыраққа
бактериялы
перпараттардың
ішінен
нитрагин,
азотбактерин
мен
фосфорбактерин т.б. енгізеді.
Сонымен егістік жерлерге тыңайтқыштар
енгізу
мәселесі оңай шаруа емес. Бұған ұқыптылық пен сауаттылық
қажет. Міне, осыларды ескере отырып, үкіметіміз егістікті
химияландыру жұмыстарын тиімді жүргізу үшін Кеңестік
заманның соңғы жылдары барлық облыстарда, аудандарда
арнайы
химияландыру
басқармаларын
ұйымдастырды.
Дегенмен қайта құрумен басталған кейінгі үлкен өзгерістер
кезінде бұл жүйелерде бұзылып қалпына келе алмай
жатыр.Мәселе - осыларды қалпына келтіру.
Достарыңызбен бөлісу: