Жамалбеков Е.Ү


Қазақстанда топырақты бағалау жұмыстары



Pdf көрінісі
бет94/104
Дата20.02.2023
өлшемі1,53 Mb.
#69344
түріОқулық
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104
Байланысты:
топырактану Жамалбеков (1)

5.11 Қазақстанда топырақты бағалау жұмыстары.


202 
Қазақстанда топырақты бағалау жұмыстарының 
алғашқы 
кезеңдері. 
Қазақстанда 
топырақты 
бағалау 
жұмыстары, яғни Жер кадастрын жүргізу Одақтағы сияқты тек 
1960 жылдары басталды. Ескеретін мәселе, Жер кадастры 
географтарға, 
биологтарға, 
экологтар 
мен 
агроном 
мамандықтары үшін өте маңызды. Сондықтан біршама 
Қазақстан 
жағдайындағы 
топырақтануға 
және 
оның 
географиясына байланысты мағлұматтар келтіреміз. 
Қазақстан 
жері әлемдік мұхиттардан өте алыс 
орналасқан құрғақ аймақ. Республиканың терістік біршама 
аумақтарымен 
оңтүстік 
шығыс 
аумақтарындағы 
таулы 
өлкелерде ауадан түсетін ылғалдар егістікпен айналасуға 
мүмкіндік береді. Сондықтан қазақ жері ежелден көшпелі мал 
шаруашылықты аймақ болған. Тіпті Кеңес Одағы кезінде де 
Қазақстан Одақтың шығысындағы негізгі мал шаруашылықты 
базасы болған. Осыған байланысты қазақ жері негізінен көп 
заманнан бері егіншілікке емес, мал жайылымдары үшін 
бағаланған. Бұл мәселені жергілікті халық қазіргі белгілі 
«экология» ғылымы туралы терең түсінігі болмағанымен, 
жайылым өнімділігін төмендетпеу үшін, көктемде көктеуге, 
жазда жайлауға, күзде күздеуге, ал қыста қыстауға көшіп-
қонып, жайылымды жерлерін өте тиімді пайдаланған. Ал 
терістік пен оңтүстік аудандардағы суарылмайтын және тау 
етектеріндегі біршама суармалы егістіктерді осы аумақтарды 
орналасқан орыс, өзбек, ұйғыр дихандарымен араласа отырып, 
олардан егістікті пайдалану жолдарын үйренген. Дегенмен, ол 
кездерде жергілікті халықтың егістік жерлерді пайдалана алды 
деп айта алмаймыз.
1954-1960 жылдары Кеңес Одағының шығыс бөлігінде, 
біршама жерлері Оралдың шығысы мен Сібірде болғанымен 
негізгі бөлігі Солтүстік Қазақстанда орналасқан тың және 
тыңайған жерлерді үлкен масштабта игеру жұмыстары 
жүргізілді. Дәлірек айтсақ, осы уақыттар ішінде 42 млн га 
жерлер негізінен астық егу үшін игерілді. Осы игерілген 
жерлердің 25 млн гектары, яғни барлық игерілген жерлердің 60 
пайызы қазақстан үлесіне тиді. Сонымен Қазақстан жеріндегі 
1953 жылға дейінгі барлық егістік жер көлемі 10 -11 млн га 
орнына 35-36 млн га жетіп, қазақ жері тек мал шаруашылықты 
емес, сонымен қатар кезіндегі Одақтың шығысындағы астықты 


203 
аймағына айналып, Отан қоймасына бірнеше рет млрд-тан 
астам астық құйылды.
Қазақстандағы егістік жерлерді бағалау жұмыстары осы 
тың игерумен тікелей байланысты болды. Себебі Қаз ССР 
Ғылым Академиясының Топырақтану институты тың және 
тыңайған жерлерді игеруді таңдап алу үшін топырақтанушылар 
мен агрономдарға көмек ретінде 1954 жылдың өзінде нұсқаулар 
шығарды. Бұл нұсқауларда көрсетілгендей астық егістері үшін 
негізінен ауадан түсетін ылғалмен қамтамасыз етілген 2 
топырақ зонасы ұсынылды. 1. Орманды-дала және дала зонасы, 
топырақтары 
шалғынды- 
қаратопырақ 
және 
кәдімгі 
қаратопырақтар. 2. Құрғақ даланың оңтүстік қаратопырақтары 
мен күңгірт қара-қоңыр тьопырақтары. Сол кездегі талапқа сай, 
бұл жерлерді тезірек игеруді жеңілдету үшін осы зоналардағы 
топырақтар өздерінің агроөндірістік сапалылығы жөнінен 
игеру үшін 4 топқа бөлінді:
1. Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер; 
2. Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер;
3. Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер;
4. Жыртуға жарамсыз сапасы нашар жерлер.
Нұсқаудың келесі баптарында қай топырақ топтарына 
қандай топырақ контурлары жататындары көрсетілген. Тың 
игерудің алғашқы жылдары өтіп, біршама тәжірибе жиналды. 
Міне осы тәжірибені еске ала отырып, 1957 жылы Солтүстік 
Қазақстан 
топырақтарын 
бағалаудың 
жаңа 
нұсқасын 
топырақтану институтының ғалымдары қайта ұсынды. Бұл 
нұсқауда тың аймағында жерлер сапасы жөнінен 6 топқа 
бөлінді. 
1. Жыртуға жарамды сапасы жақсы жерлер; 
2. Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер; 
3. Жыртуға жарамды сапасы ортадан төмен жерлер; 
4. Механикалық құрамы жеңіл жерлер; 
5. Игеруге қиын жерлер; 
6. Игеруге, жыртуға тіпті жарамсыз жерлер.
Келтірілген тізімнен көрініп тұрғандай, бүрынғы 
бағалау нұсқасына қосымша тағы 2 топ қосылған. Механикалық 
құрамы жеңіл жерлермен игеруге қиын жерлер. Бұл топтардың 
пайда болуы да тегін емес. Жоғарыда айтылғандай, тың 
игерудің алғашқы кезеңдерінде жоспарды артығымен орындау 
мақстаымен көптеген жыртуға жарамсыз, механикалық құрамы 
жеңіл, құмдақ топырақтар да жыртылып, бүл өңірде 


204 
топырақтың жел эрозиясы үдеген. Ал шын мәнінде , мұндай 
жеңіл топырақтар, жыртуға тіпті жарамсыз, ал оларды егістікке 
пайдалану үшін арнайы агртехниканы қолдану қажет. 
Сондықтан ол топырақтар бөлек топқа бөлінді. Игеруге қиын 
жерлер қатарына, топырақ кешендері ішінде сортаң жерлер 
көлемі 25-50 пайызға шейін жететін алқаптар енгізілді. Мұндай 
алқаптарды жалпы игермеу керек. Ал игерген кезде 
сортаңдарды жақсарту шаралары қажет. Осы жүйе тың 
аймақтарында бірнеше жылдар пайдаланып келді. Көптеген 
жылдар 
өтті. 
1975 
жылы 
топырақтану 
институтының 
ғалымдары ө.Оспановтың басқаруымен, тек тың аймағына емес 
бүкіл Қазақстан үшін жер бағалаудың жаңа жүйесін ұсынды. 
Бұл жүйе бойынша топырақтарды бағалап, топтастыру 
топырақтардың зоналық принциптеріне сүйене отырып 
жасалды. Мұнда жер категориялары, жартылай категориялары, 
оларға 
кіретін 
зоналық 
топырақтар 
және 
олардың 
агроөндірістік топтары жіктеліп бөлінді. Агроөндірістік 
маңызы мен басты пайдалану бағыты жөнінен бүкіл Қазақстан 
жерлері 5 категорияға бөлінді. 
А - жыртуға сөзсіз жарамды басым түрде егіншілікке 
пайдаланатын жерлер; 
Б - басым түрде шабындыққа жарамды жерлер ; 
В - басым түрде жайылымдық жерлер; 
Г - басым түрде ормандық жерлер; 
Д 

ауылшаруашылығына 
да 
және 
орман 
шаруашылығына да пайдаланбайтын жерлер. 
Бұл жалпы ірі категориялар, әрі қарай жартылай 
категорияларға, 
зоналық 
топырақтарға 
және 
олардың 
агроөндірістік 
топтарына 
жіктеліп, 
нақтылана 
түседі. 
Қазақстанның оңтүстік аймақтарына суармалы жерлердің 
бағалау жұмыстарының өзінше ерекшеліктері бар. Бұл жөнінде 
жоғарыда Қазақстан жерлерін мелиорациялау және суармалы 
егіншілік жайында сөз болғанда айтылған. Қазақстанның 
оңтүстік 
бөлігінің 
суармалы 
алқаптарын 
академик 
В.М.Боровский жасаған топырақ-мелиоративтік аудандастыру 
сызба картасында (20-сурет) келтірілген. Дегенмен ескеретін 
жағдай, жоғарыда келтірілген Қазақстан жерлерін бағалау 
туралы Ө.Оспановтың, суармалы жерлерді бағалу туралы 
В.М.Боровскийдің 
келтірген 
материалдарын 
Қазақстан 
жерлерін бағалау жөніндегі алғашқы бастама негіздері деп 
түсінген жөн. Ал нақтылы кезіндегі Одақта, соның ішінде 


205 
Қазақстанда жерді жүйелеп бағалау жұмыстары, соның ішінде 
Жер кадастрын міндетті түрде қолға алып жүргізу тек 1960 
жылдардың аяғымен 1970 жылдардың басында басталды. 
Нақтырақ айтсақ, 1968 жылдың желтоқсанында бұрынғы 
Одақта Жер туралы заң шығып, одан кейін мұндай заңдар 
одақтас республикаларда да шықты. Қазақстанның жер туралы 
заңы 1971 жылы шықты. Осы заңдарды жүзеге асыру 
барысында Одақта, бүкіл одақтас республикаларда 1970 -1990 
жж арасында жерді бағалау жұмыстары біршама қарқынды 
жүргізілді. Одақ бойынша кейбір одақтас ремпубликаларда, 
соның ішінде Қазақстанда да бірнеше басқосулар өткізіліп, бұл 
мәселелер жоғары деңгейде талқыланып, қажетті шешімдер 
қабылданды. Жердің тек бағалау шкаласы емес, сонымен қатар 
олардың нақтылай, ақшалай бағасы туралы да ұсыныстар 
айтылды. Мысалы, 1989 ж Докучаев атындағы топырақтану 
институтының профессоры И.И.Кармановтың өзінің есептеген 
әдісі бойынша ең жоғарғы бағаға Аджарияның қызыл 
топырақтары, шәй және қымбатты цитрус өсімдіктері өсетін 
(гектар 82404 сом), одан кейін Ташкент облысының мақта 
өсетін суармалы сұр топырақтары (гектары 49287 сом) 
топырақтары 
ие 
болған. 
Ал 
Қазақстанның 
солтүстік 
облыстарының суарылмайтын астық егілетін қаратопырақтары 
6-8 мың аралығында, Жезқазған өңірінің жайылымдық ашық 
қара-қоңыр топырақтарының гектары 1-1,5 мың сом, ал 
Маңғыстау облысының өте аз өнімді жайылымдық сұр-құба 
топырақтарының гектары 100-150 сом құраған.
1990 жылдарғы Одақтың тарауымен бұл бастамалар тоқтап 
қалды. Соңғы жылдары тәуелсіз алған әр республикалар жер 
туралы заңдарын өз мұқтаждықтарына сай қайта жасап
қабылдауда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   90   91   92   93   94   95   96   97   ...   104




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет