Жанат Ахмади Әдебиет – жан нұРЫ



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата21.01.2017
өлшемі0,96 Mb.
#2333
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

* * *
Ал енді жазушының «Көпірдегі көкжалдар» атты 
хикаятында көтерілген мәселеге көз салар болсақ, мына біз 
өмір сүріп жатқан ғасырдағы жұмыр жер бетін мекендеген 
адамзат баласының бір шеті ежелгі адами сападан саналы 
түрде шегіне бастап, тойымсыз қорқаулыққа беттеген 
індетті көреміз. Қазір әрқандай қоғамда шіріктесу ірге теуіп 
отырғанын көркем шығарма тәсілімен сәтті көрсетеді. Рас, 
қай-қай заманда да адам баласы бар жерде, жамандық атаулы 
құрып, жалған атаулы шіріп біткен емес. Дегенмен де, қазір 
бұл пиғыл біртіндеп дүниені жалмап бара жатқан алапес 
ауруындай кеңейіп кеткенін Ж. 
Маман тек жазушылық 
көзбен ғана емес, халықтық жиіркенішпен де өте сәтті 
көрсеткен.
Шындығында бүгінгі Еуропа мен батыс-шығыс Аме-
ри 
каңызға қара 
саңыз да, күнделікті өмірден соны аңға-
расыз. Өмір шын дығын көрсететін көркем шығарма, көр-
кем фильмдерге қарасаңыз да сондай. Бұған ешкім де 
көз жұма алмаса керек. Жазушы ғасырдың толғақты мә-
селесі болып отырған осы бір адами өлшемге жат, сұрқия 
болмыс, тойымсыз аран, дүлей ақшақұмарлық, ұлы табиғат 
пен қоршаған ортаны жапырып, қиратып бара жатқан 
жауыздықты жөркемдеп, өз оқушысын жиіркендіре ашын-
дыра жазған. Мәселен арамызда күнде көрініп жататын 
істің бірі – ауыл ақсақалы Сатыбалды қария сияқты аяулы 
кейіпкерлердің тағдырына нұқсан келтірген қарақшы, 
 
ұры-қары, сыбайлас жемқорлардың әрекеті жан төз 
гі-
сіз. Кешегі азаттық арпалысында оқ қағып, отқа оран ған 
жауынгер, онан кейін қиыншылықты заманда коммуна 
бастығы, бұл күндері зейнеткер болып жүрген Сатыбал-
дының баласы орман қорғаушысы болып жүріп қарақшы-
лар жағынан қаза табады. «Жалғыз ұлы бардың шығарда-
шықпас жаны бар» демекші, көкірегін күйік шер торлап 
қалған Сатыбалды ақсақалдың Көкшоқыдағы баласының 
бейітіне барудан көз ашпай жүргенін білгенде сенің басыңа 

101
 Әдебиет – жан нұры 
да қай-қайдағы ой келіп, оқырманның өзегіне де ойран 
түсіп отырады. Әрине, «Көпірдегі көкжалдар» хикаятының 
оқушысы сондай күй кешуге мәжбүр. Себебі, бас кейіпкер 
Сатыбалдының осы тұста өршіген «үш албаты» (албаты 
салық салу, албаты ақы алу, албаты айып тарттыру) мен 
«алты алапат» (ұрлық, қиянатшылдық, өтірік, пара-
қорлық, жолсыз тарту-таралғы, құқығы мен мансабын 
бұлдау) сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы жан аямай 
күресетін тұстарында оған деген жүрек отың лаулап, әрбір 
әрекетіне қыбың қанып, оның миятына шығып отыра-
сың. Мысалы, «Кемпірқосақ» көпірінің басындағы жемқор 
қарақшылардың Сатыбалдының шаңырағын шағып, құдай 
қосқан қосағы Алтынын қан құштырып, жалғыз ақ ешкісі 
мен маңыраған ақ лағын қорқаулықпен бәске жегенін 
көргенде, рухи жігерің қарақшылыққа қарсы кейіпкермен 
бірге атойлап аттанады.
«Құлдық ұрған көбейсе, жұтағанның белгісі» деген-
дей, ел ішінде жұтау, тозғындық етек алса, пәлеқорлық, 
парақорлық көбейсе азғындық басталмай тұрмайды. Онда 
адами ар-абырой аяққа тапталып, қағынғанға қанжар 
ұстататын сұмдар көбейетіндігін «Көпірдегі көкжалдар» 
әбден дәлелдеген-ақ... Бұл ұлылардан қалған «заңы әлсіздің 
зары бітпейді» деген шындықтың тұнық айнасы іспетті 
шығарма.
Шыңжаңға азаттық қарсаңында (1949 жылдары) кел-
ген корей азаматы (Сатыбалдының ежелгі қандыкөйлек 
саптасы) Асекең – Асқар ағай барынша әділеттің сойылын 
соғып, адам төзбес өрескел оқиғаларға қарсы дауға бел шеше 
кіріседі...
Жазушы бұл тұста да оқырман жанын жылытып, оқиға 
нанымдылығымен баурай түседі. Асекеңнің әрекетіне айы-
зың қанып отырасың. Сондай адамдарға деген мұқтажды-
ғың артады.
...Сатыбалдының орманды қорғау жолындағы қарақ-
шылармен шайқаста ерлікпен қаза болған жалғыз ұлы-

102
Жанат Ахмади
ның қолда баққан «Әдемі» атты аюдың қонжығы өлке бас-
тығының алжыған әкесіне ем-дәрілікке керек болады!.. Осы 
тұста сүйкімді мақұлықты пышаққа тіпті де қия алмай, 
өксігің өрши түседі... 
Әділдіктің айбалтасындай сомдалған Асқардың ұлы қа-
пияда мерт болған Қазтайдың қанын, Алтынның аруа ғын 
ақтап, қарақшылармен сыбайлас жемқорлардың атаман-
дарын заң алдында жер жастандырады. Арманда кеткен 
Алтын ана қаһарман Қазтайының жанына Көкшоқыға 
жерленеді. Міне, осылай қашанда жамандықтың жанында 
ізгі ниетті адамдар жүретінін, олар қалайда жауыздыққа 
қарсы арашасы болатынын көріп, жұбанышқа бөленесіз. 
Бірақ, орны толмас ойранды істер көз алдыңыздан кетпей 
тұрып алады. «Көпірдегі көкжалдарды» оқып болған соң 
да, шығармадағы сұмпайы образдар мен сұлу суреттер 
тайталасып, жағаласып жадыңызда жүреді. Міне мұның 
бәрі шығарманың айтары барлығынан демекпіз. Әдебиетте 
шекара жоқ. Олай болса, Қазақстандағы қазақ көркем әде-
биеті керуенінің салқар тізбек көшіне өзінің барлық мүлік-
мүкәмалымен келіп қосылған, тағы бір майталман қаламгер 
тұлғасын көре білуіміз керек. «Көрмеген көлден естімеген 
қаздың дауысын естисің» дегендей, мұнан бұрын Қытайда 
көп кітабы таралып, көңіл көгінен көрінгенімен, Қазақ 

стан оқырмандарына қалам қуаты әлі дерліктей таныла 
қоймаған әрі ақын, әрі жазушы Жұмәділ Маманның бұл 
кітабын дағы үнінен біз бұрын естімеген әуезді еститініміз 
күмәнсіз.

103
 Әдебиет – жан нұры 
БОЛМЫС
Жазушы Мағира Қожахметованың шығармашылығы 
және әсiресе оның жеке басының жаралыс табиғаты жайлы 
сөз қозғар алдында рухани дүниесi күрделi осы бiр жұмбақ 
сырлы қаламгер жөнiнде ой айту оңайға түспейтiнiн iштей 
сезiп отырасыз. Әрi бұл автор жайлы баспа бетiнде қалайда 
бiр Құдайшылық пiкiр бiлдiру көптен берi-ақ мойнымызда 
тұрған азаматтық борышымыздай көрiнiп жүргенде де, бiраз 
толғандырған түрткiнiң бiреуi едi. 
Жалпы шығармашылық көкжиегi бойынша алып қа-
рағанда Мағира Қожахметова өзiнiң қаламгер әрiптестерi 
мен әдеби сыншыларымыз тарапынан егжей-тегжейлi зерт-
телiп, лайықты бағасын әлi толық алмаған жазушы десек 
болғандай. Шөгел еңбекқорлығына сай табиғат берген да-
рыны бар, М. Қожахметованы жан-дүниесiн бiр түрлi киелi 
ұғымдар мекендеп жүретiн, ешкiмге ұқсамайтын бiр тұлға 
деуге келедi. 
Сан салалы тақырыпта қалам тартатын автордың 
 
1997 жылы «Ана тiлi» баспасынан жарық көрген «Адам 
құпия» атты кiтабы айта қаларлықтай күрделi дүние. Не-
гiзiнен бұл еңбек адам денесіндегі iшкi-сыртқы ағзалардың 
атқаратын биологиялық қызметi (функциясы) жөнiнде көп-
шiлiгiмiзге сыр-сипатын аша бермейтiн әр алуан құпиялар 
тұрғысында жазылған. 
Дене мүшелерiмiзбен жан-рухымыздағы өзара жалғас-
қан қарым-қатынас, ағыстарды әр түрлi сыртқы күш әсерi-
мен, (ғарыш әсерiмен) байланыстыра отырып ашатын; тыл-
сым – хикметi көп рухани еңбек десе болады. Мағираны 
көзi қарақты әдеби жұртшылыққа, қалың оқырман зия-
лы қауымға өз орнымен, барша сыпатымен әлi толық 
танылып жетпеген қаламгер деп отырғанымыз – бiрiншiден: 
мәселенiң жоғарыда аталған күрделi жағында болса, екiн-
шiден жазушының күнi бүгiнге дейiн жарық көрмей, баспа 
қоржынында сарыжамбас болып келген (баяғылы берi 
«Жазушы» баспасы тарапынан неше дүркiн оқылып жақсы 
бағасын да алған) роман-дилогияның өзi көпшiлiк оқырман 

104
Жанат Ахмади
қолына тиген жоқ. Ол өзі екі кітаптан тұратын «Жантәсілім» 
атты еңбек. 
Автордың «Адам құпия» кiтабындағы әрбiр тақырып 
жұртшылықтың ой-қиялына келе бермейтiн, шындап айтсақ 
дiтiмiз жетпейтiн әлдеқанша тылсым сырларды ашатын 
рухани-ғылыми толғаныстардан тұрады. Мәселен: «Адам 
құпия», «Құмалақ ашу сырлары» деген тарауларға рецензия 
жазудың өзi қиын болар едi. Тек кiтапты бастан-аяқ оқып 
шыққан кiсi ғана автордың жан-сезiмi жайлы мол мағлұ мат 
ала алады. 
Кiтап соңындағы «Айһай, дүние-ай!» деген, қарапайым 
оймен жазылған тараудың басынан алынған мына бiр үзiк 
сырға назар аударсаңыз жазушы айтқалы отырған пiкiр 
сiздiң жүрегiңiзге қандай жақын екенiн танисыз: «Адамның 
еншiсiне тиген көл-көсiр қазынаның бiрi сана, түйсiк. 
Бiрақ бiз бұған пәлендей мән бермеймiз. Жаратқан иемiздiң 
сүйiктiсi бола тұрып соны титтейде бағаламаймыз. Құлқын 
тiрлiктiң құлымыз! Митың-митың тұрмыс күйбеңiмен бү-
кiл уақыт өтедi. Өзiмiз өмiр сүрген қандайда жақсылы, 
жаманды жәйттерге қатысымыз жоқ деп есептеймiз. Жеке 
басымыздың қамын ғана күйттеймiз, қадiрiмiз өзiмiзден 
аспайды, қайырымдылықтан жұрдаймыз. 
Алда-жалда сәтсiздiкке ұрынсақ басқаны кiнәлаймыз. 
Әрқайсымыз «судан таза, сүттен ақпыз». Iште өлiп жатқан 
итқызғаныш, қырсықтық, тойымсыздық, жалқаулықпен еш 
iсiмiз жоқ. Тағдырымыздың шым-шытырық қиын болаты-
ны сондықтан шығар-ау. 
Көп нәрсенi қолымызбен атқарғанмен соның өзегiнде 
ұдайы өмiр сүрiп тұрар жан дүниемiзге тiптi де үңiлмеймiз 
ғой. 
Мiне бұл сөйлемдерден кейiн кемеңгер қазақ атамыздың 
«адамнан ақау өтпей, Алладан азап жетпейдi» деген ұла-
ғатын онан сайын бекiте түскiңiз келедi. Айталық, мысалы 
қылдан тайып, қызметiмiзден ақсайық, яки тастан тайып, 
аяғымыздан ақсайық, осының бәрi өз-өзiнен, тегiннен-тегiн 
келе салмайды, соның бәрiнiң де арғы жағында бiр кiлтипан 
бар деп қарау керек демекшi автор. 

105
 Әдебиет – жан нұры 
Бiз оның себебiн маңайымыздағы адамнан немесе аяғы-
мызды сындырған тастан көрмей оның бәрiнiң түпкi тетiгiн 
өз басымыздан iздеуiмiз керек тәрiздi. «Жақсы қателессе 
өз басынан көредi, жаман қателессе жолдасынан көредi» 
деген мақалдың астарында да осы жатыр. Бұл кiтапты жа-
зуда қиялдан-қиялға батып, қыбырсыз тұнжырап отырып 
тұңғиық ойға шомған М. Қожахметова көзi қарақты, сыр-
шыл оқырманына өз басының биiк түйсiк иесi екенiне 
 
кiмдi де болса тұшындырар қабiлет өресi арқылы таныт-
қандай болады. 
Қаламгердiң «...қадiрiмiз өз басымыздан аспайды, қа-
йырымдықтан жұрдаймыз» деген лебiзiн сен өзiңнiң өмiр-
дегi болмысыңмен салғастыруыңа сұранады. Бұны қарапа-
йым ғана түсiнiкпен жеткiзсек, Мағира Қожахметова «Ақ 
желкен» журналына бас редактор болғалы берi оның алдына 
келiп десi қайтқан бiрде-бiр қалам иесi болды ма екен? 
Ешкiмдi алаламайтын – адам таңдамайтын биiк таным, 
дарқан сезiм иесi әсiресе бұрын танылмаған, әлi көрiне алмай 
жүрген қабiлет, дарын иелерiн жарыққа шығаруда алабөтен 
еңбек еттi деп айта аламыз. 
Жасыратыны жоқ, баспасөз, ақпараттар тiзгiнiн ұстап 
отырған бiраз азаматтарша алдымен лауазымдыларға жал-
тақтап, солар арқылы бедел өсiрiп, ұпай жинауға құмар 
еместiгiне осы жүрген қарайған халық куә. 
Бiрақ «мыңның қамын бір ойлар, бірдің қамын кім 
ой 
лар» дегендей, адалдықты Құдайдан тiлейтiн өзгенiң-
баршамыздың қамымызды Мағира ойлағанмен бiз тоқ-
санымыз жиылып оның қамын ойлай алмаймыз. Тек жаз-
ғандарымызды сөзге келмей ерте ме, кеш пе әдемi бояумен 
әшекейлеп шығарып бергенiне серi-мас, керенау күйде 
қанағаттануымызбен ғана шектелемiз. Риза болып айта да 
жүруге жарамауымыз мүмкiн. Тiптi жеме-жемге келгенде 
бұрын шаруамыз бiткен сайын шынайы жақсы көрген 
редакторымыздың басына әлдеқандай көлеңкелi жағдай 
туа қалса, бiр ауыз Құдайшылық сөзiмiздi айтып, арашашы 
болуға жарамайтынымыз да айдан ашық. Иә сонда Мағира 

106
Жанат Ахмади
бiзге жасаған баяғы жақсылықтарына өкiнiп, iшi ашиды 
дейсiз бе, жоқ. М. Қожахметова ондайға мiз бақпайды. Өйт-
кенi бiздiң кейiпкерiмiз өз жаралысына орай өмiрден қай - 
сар табандылықты үйренген. 
«Адам құпия» кiтабын байыппен пайымдап, санаға 
сiңiре оқыған адам оның авторы жайлы ойға қалады, 
олай етпеу мүмкiн емес. Бала кезiмiзде бiр ақсақалдардан 
мынадай ұлағат сөздердi құлағымыз шалатын. Олар 
әркiмге басу айтып: «ұры Құдайдiкi, қасқыр аруақтiкi» 
деп отыратын... Құдайға жақпағаның үшiн ұрыға, аруаққа 
жақпағаның үшiн қасқырға түс келесiң, дегендi меңзеп 
болжам айтатын. 
Оның – рас, өтiрiгi қаншалық екенiн ешкiм айта алмас, 
бiрақ қалайда сезiк тастап, бiр ойландыруға ойландырып 
тастайтыны хақ. Ақаусыз жүрмейтiн адам баласы өзiн-өзi 
тексерiп, тәубеге келiп тұруына септiгiн тигiзетiн ой түрткi 
осындай философиялық түйiндер екенi анық. Мағираның 
мына кiтабындағы ой-түйсiктiң бәрi мiне, осы тектес жан 
тазалығын уағыз етiп, жар салған ең бiр елеулi еңбек, деуге 
хақымыз бар. 
Алматы қазақтың рухани орталығы дейтiнiмiз, жат 
жұрт, өзге ұлт iшiнде, сонау Астраханда туылғанымен Ма-
ғирадай қазақ қызының қаламгер қауымға қасиеттi ор-
таға келiп қосылып, өз орнын тапқаны шүкiршiлiк етуге 
тұрарлық жай. Әр нәрсенi өзiнiң орнымен, қымбатымен 
бағалау абзал. Жоғарыда меңзегенiмiздей бiз бұл мақалада 
аталмыш кiтаптың қыр-сырын толықтырып ашып беру 
мақсатында еместiгiмiздi, тек осы орайдан пайдалана оты-
рып, автордың табиғат дарытқан бірбет, адал қасиеттерiне 
iңкәрлығымызды бiлдiрмекшi едiк. Ол атаның белi, ананың 
тәнiнен қалай туылды, солай ешқандай жасандылықты 
бiлмей (бiлгiсi келмей) өзiнiң ғана соқпағымен өмiр сүрiп 
келе жатқан жалқы жандардың бiрi. Бiрақ «кеменiң әуенiне 
жел еспейдi». М. Қожахметованың табиғи жолына, қабілет 
құзырына өзге болмыстар мойын ұсына бермейтiнi белгiлi. 
Дүние бітпей таусылып бітпейтін жаны сірі нәрсе – теңшеліп 

107
 Әдебиет – жан нұры 
болмайтын бықсық дүниенің жалғандығы. Тіпті жұрт 
сенім артқан біреулердің яғни «сырты жібек, іші кебек» 
жасамыстардың қойны-қонышында тәсілқой, екіжүзділік 
жасырынатынын ешкім жоққа шығармайды. 
Сонымен алған бетiнен айнымайтын өзiндiк өмiр жолы 
бекем Мағира мейлi жеңiстерге жетсiн, мейлi кедергiлерге 
ұшырасын, мойымайды, қыңбайды. Оны өз таразысынан 
ешбір күш аудара алмайтындығымен екшеледі. 
Топырағы сусығыштық, табаны тайғақтық жағдайға қа-
рап құбыла өзгеру оған жат. 
Өмiр – адам болмысымен құнды дейтiнiмiз осы.

108
Жанат Ахмади
ӘР ЗАМАНДА БIР СҰРҚЫЛТАЙ
Жазушы Тұрсынғазы Әлпейiсовтың «Жоңғардың соң-
ғы қашқыны» (1997 жылы «Жалын» баспасы) атты тари-
хи романы қазақ жерiнде жас сәбет үкiметiнiң құрылу ке-
зеңiндегi шытырман оқиғаларға арналған еңбек. Оқыр ма-
нын – еркi алдына қоймай бiрден жетелеп тартып әкететiн 
оқиға Жаркент өңiрiнде: Сәбет-Қытай шекарасында өтедi. 
Қаламгер шығарма барысын сомдай отырып Суан руының 
сол кезеңдегi бүкiл болмысын ашып бередi. Әрi ол Суан 
руының ғана емес, шекаралық өлкедегi сол кезеңге кiрiптар 
болған қазақ елiнiң тауқыметi түрiнде көрiнедi. Әлi бiркелкi 
көзқарасқа келмеген (ақ пен қызыл жайлы) ру-рулардың 
қиын да қызықты түрде шиеленiскен iшкi тартысы егжей-
тегжейлi, әсіресе жетiк тiлмен суреттеледi, қанығып оқисыз. 
Аттап басқан сайын кiсi өлiмi, қан төгiспен басталатын 
 
үрейлi де, күдiк-күмәнға толы оқиғалар оқырман жанын 
бiрден-ақ арбап алады. Көңiлге көркемдiк дарытып оты-
ратын, бедер лi бояу, қиялыңды шарықтатар айшықты сурет, 
құнарлы тiл ойдан-ой туғызып әкетедi. Сөйлемнен сөйлем 
асқан сайын, беттен бет ауған сайын, туындының қарым-
қуатына, ширыққан iшкi мазмұнына шынайы мойындауы-
ңа тура келедi. Толығырақ айтқанда романның жалпы 
табиғатына табынып отырасыз. Ынталанып, құнығып оқи-
сыз. Селкеулiк, сылбырлық, солғындық жоқ, кiтаптың 
ұзына бойынан өзiңе нәр алып, қуаттанып отырасың. 
Романның басты кейiпкерi Қажыбек, оның жастық 
шақтағы мiнездес, сырлас, қабақ танығыш жан жолдасы, 
Әбдiраман, ел ағасы Ақмолда және бұның сүйенiш, тiрегi 
ретiнде көрiнетiн, ақыл мен қара күшке бiрдей Оразбай 
(Қажыбектiң әкесi) бейнелерi кiтапты бастап оқығаннан-ақ, 
бейне бала жастан өзiңе таныс, өз ауылыңның кiсiлерiндей 
етене, жақын адамдарың болып жылы ұшырап сала бередi. 
«Мың қосшыға бiр басшы» бола алатын ақыл, ұстам, 
мiнезге кемел Ақмолда қартты Мұқа болыстың оқ қағар, 
надан дойыры, Сауырық қапысын тауып түн iшiнде ат-
матымен жардан құлатып өлтiрген тұста әлгi томырық 

109
 Әдебиет – жан нұры 
дүлей, қара күштiң иесi Сауырыққа деген ғазабың қайнай 
бастайды. «Айтақ» десе, алып түсетiн долы төбет тектес 
наданға оянған өшпендiлiгiң сол арадан басталады. Оған 
әлдеқандай кешiрiмсiз жаза күтумен боласың. Бiр ғажабы 
Сауырыққа сол қылмысты iстеткен Мұқа болысқа көп тұста 
кешiрiмдi көңiлмен қарауыңа тура келедi. Өйткенi Мұқа 
болыстың жазығы тұтас Суан руын, қазақ елiн ақтарға 
да, қызылдарға да талатпай, тыныш жатқан шығыс елiне 
(жазушы шекараның арғы жағында жатқан елдi «қытай 
қазақтары» демей, жан тартқан күйде «шығыс елi» деп iш 
жылыта қолданады, дөрекiлiктен қашып сыпайы, әдемi 
атапты) түп көтере аударып әкетудi көздейдi. 
«Бүкiл Суанды одан қалса терiскейдiң Жалайыры мен 
Қаңлысын арғы бетке аудармай тынбаймын!» дейтiн Мұқа 
болыс осы айтқанына орай бастан-аяқ ғажап қимыл көрсе-
тедi. Сол жолда жылдар бойы етегi – елпi, жеңi – желпi 
болып өзінің алған бетiнен қайтпайды. Өз нысанасында 
қандай қиындық тұрса да, қаймықпайды, ажал екеш, 
ажалдан да тайсала қоймай нағыз ерлерше қасқайып қарсы 
алатын, қасқырдай қайсарлығына сүйiнiп отырасың. 
Тарихи шындықтағы атына сай сомдалған образдың бiрi 
осы – Мұқа болыс. Суан елiнiң белдi руының бiрi – Мыр-
загелдiнiң ақылгөй дана қарты, Ақмолда өз руын Қытай 
жерiне көшiрмей, Суан iшiне iрiткi келтiрiп, бөгет болып 
отырғандығы үшiн де, Мұқа болыс оны өзiнiң ұлы мүддесі 
үшiн көптің жолына құрбан қылып жiберуден тайсалма-
ған. Ал, қан iшерлiгiмен көрiнетiн басты кейiпкер Қажы-
бектiң әкесi Оразбай болса, ол да, осы Мырзагелдiнiң мығым 
тайпасы, Қойекенiң ақылшысы әрi көзсiз палуаны бола-
тын. Оның баласы ежелдегі сезiмдi, естi адамнан кiсi өлтiр-
гiш, тасжүрек болып шыққан Қажыбек әкесiнiң өлiмiне 
байланысты бiр орысты өлтiрумен өз тағдырын бұзып алады. 
Мән-жайы былай: Ресейден осында кеп тұрақтаған 
казак-орыс қытайға Жалайыр елiнiң бiр ауылын шекара 
ауғалы бара жатқан бойында жазықсыз тұтқындап алады 
да, өз үйiне шырқ иiрiп айдап әкелiп, ең ауыр жұмыстарына 
салып қояды. 

110
Жанат Ахмади
Онсыз да ақ пен қызылдан тең қорқа, үрейлерi ұшып, 
өздерi зорға келе жатқан аш-арық шал-кемпiр, жас бала 
қатты қиындықтан ауруға шалдығып, адам көрмеген қор-
лықты көредi. Соны бiлiп бейшара болған ұлтына жаны 
ашыған Оразбай көршi ауылдағы Афанасқа барады... 
Бiр-бiр жарау атқа мiнiп, тақымдарына сойыл-шоқпар 
қыстырған қазақ жiгiттерiн көрiп, Афанас пен оның төрт 
баласы да бұларға жақындайды. Жазушы бұл көріністі 
былай алған:
– Әй, Апанас! мына бейбақтардың не күнәсi бар едi?! 
Қатын-баласын мұнша ашықтырып, өздерiн жұмысыңа 
жегiп тастайтындай не бүлдiрдi?!» – Оразбайдың дауысы 
өктем шықты. Онсыз да терiсiне сыймай келе жатқан жi гiт 
ағасы жүдеп жадаған тым мүшкiл халдегi аш-арық жан-
дарды, сорлы болған момын қандастарын көргенде тiптi 
дүлейленiп алған. Ендi алдарындағы мына орыстың аузынан 
денi дұрыс сөз шықпаса жаншып-таптап кетуге шақ тұр!. 
Сөйтсе Афанастың мына бейбақтарды айдап әкелген 
 
соң қойған шарты өзiнiң арыстай-арыстай төрт ұлымен 
қазақ жiгiттерiн күрестiрiп аналар жықса жолына жiбермек 
те, жығылса жұмысына салу екен... Тау-таста бұғып неше 
күн бойы жол жүрiп келе жатқан күтiмсiз қазаққа көрсетiп 
отырған бұл әрекет мысық пен тышқан «ойыны» болатын. 
Оразбай олардан өш алу үшiн күреске өзi шығатын болып, 
Афанасқа «...шығар күресетiн күшiгiңдi!» деген сөзге келедi. 
– Андрей, слезай с коня! – деп бұйырды ол ат үстiнде 
шiренiп үстi-басын түк басқан үлкен ұлына қарап. 
Оразбай орыстың алып жiгiтiнiң қабырғасын сынды-
рып жыққаны мен өзiнiң де қолқа-жүрегiне дәз кеткен 
 
болса керек, үйiне келе бере-ақ төсек тартып қалады, ке-
шiкпей өледi. Оның үстiне бұрын осы Оразбайдан аяғын 
тартатын, Мұқа болыс ендi өзiне өрiс тауып, дереу Ақмолда-
ны өлтiртедi. Мырзагелдiге ие екi басшының көзi жойыла-
ды. Бiрақ Ораз байдың баласы Қажыбек Ақмолданы өлтiрген 
де, өштiк қуған, Афанас екен деп ойлайды. Сонымен тапа-
тал түсте Афанасты сойылмен бiр-ақ ұрып өлтiредi. Содан 

111
 Әдебиет – жан нұры 
әзiрше Жаркенттi билеп тұрған қызылдардың қамауына, 
тергеуiне түседi. 
Кейiн Мұқаның Жаркентке шабуылдау себебiмен түр-
ме ден құтылған, Қажыбек артында қарап отырған жалғыз 
шешесiне де, сүйген қызы, Бикенге де қайырыла алмай, сол 
кеткеннен мол кетiп, Мұқалар тобының сарынымен арғы 
бетке өтедi. Қажыбек пен Сауырық екеуiн Мұқа Сүйдіндегі 
Дутовтан тіл әкелуге жұмсағанда Ақмолданың кегi үшiн 
Қажыбек Сауырықты жекпе-жекке шақырып өлтiредi. 
Тәсiлқой автор эпилогтi әдейi кiтаптың басында келтi-
рiп түрмеден қашып жолшыбай бiреудi өлтiрiп атын мiнiп  
қайта бергi бетке келе жатқан «Жоңғардың соңғы қашқы-
ны» Қажыбектi көрсетуi амалсыздан өмiр тығырығына 
кiрiптар болған жанның – осы басты кейiпкердiң Сауырықты 
өл тiргеннен кейiнгi ахуалы екенiн автор даналап айтпаса да, 
оқырман терең ойға түсiп өзi бiледi. Шебер жазушы, Тұр-
сынғазы Әлпейісов бұл орайда кейбір авторларша оқиғаның 
алдына желпілдеп өзі түспей, сіресіп отырып оқырман 
шешіміне ой тастайды. Ең ғажабы бас кейiпкерiн сондай 
қанiшер, жауыз да болса, жазушы оны тәуелсiз ел болған 
заманымызға сай, ұлттық көзқараспен заман талабына сәй-
кес алуы роман жанрында жаңа бiр шынайы, табиғи қы-
рынан көрiнiп, ерекше сыйпат алып тұр. Қанiшердiң өзi 
адами амалсыздық тұрғыда өзiн-өзi ақтап аларлық құбы-
лыс танытады. Қажыбектiң қалайда нағыз ер екенiн мойын-
дайсың. Замана ауқымына, уақыт мүддесіне орай керек 
жерінде адамды құрбан етуден қорықпайды. Әрi ол қолына 
түскеннiң бәрiн қарсыласы болса да өлтiре бермейдi. Мыса-
лы Жаркент абақтысында өзiн тергеген қызылдар тергеу-
шiсi кейiн бұлардың қолына түседi. Арғы жағынан Қапал 
қызылдары берi төңкерiлiп, Мұқа сарбаздарына қауiп төнiп 
келе жатқан қапылыс жағдайда әлгi жирен мұрт тергеушi 
бас болған қызылдарды Қажыбектер айдап жолға шығады. 
Арғы бетке әкетпек едi, қызылдар төнiп қалғандықтан тұт-
қындарды қырып кетуге бұйрық берiледi. Сонда өз үлесіне 
тиген орыс жiгiтiн тiлiн тартпай тұрса да, Қажыбек өлтiр мей 
қолы байлаулы бойында тiрi тастап кетедi. 

112
Жанат Ахмади
Себебi, ойлап қараса өзiндей шешесi артында қалған бiр 
бейбақ кезбе емес пе, қанын жүктеп қайтем дейдi. 
Аңғарсаңыз өмiрдегi сәтсiз шатылудан барып еркiнен  
тыс қаныпезерлiкке беттеп кеткен, ұрт мiнез, Қажыбектiң, 
яғни ежелдегі ойлы жанның бұ да болса қанiшер болып жа-
рал мағанының айғағындай едi. Әсiлi жазушы Тұрсынға зы 
Әлпейiсов бұл романында қылмыскер атаулының барлы ғын 
бiр таяқпен айдай салудан адам рухының төлеуi өтелмей-
тiнiн яғни сол қылмысқа жақсы пенделер неге баратынын 
аша отырып, сот төрелiгiн оқырманының өзiне жұмбақ етiп 
қалдырған тәкаппарлығымен дараланған. Қылмысы үшiн 
бiреуге өлiм жазасы кесiлiп атылса да, оның басы бағаланып 
барып көр құшуға тиiс дейтiндей. Өйткенi оқырман ретiнде 
сіз қанiшер Қажыбектi бәрiбiр жауыздыққа қимайсыз. 
Шебер автор қан төгу әрекетiнiң өзiн дұрыс жағдайда көр-
сететiн қылмыскерiн Ана туып, Ана бағып өсiрген, адам 
ұлы ретiнде таныта білген. Мұқа болыстың томырық, түнек 
дайыры Сауырықты өлтiргенде Қажыбекке риза болып, қы-
бың қанып отырасың. 
Нысанасынан қапы ктепейтiн автор неден болса тай-
салмайтын осындай әлденеше кекшiл, тұңғиық, дүт мiнез-
дiлердiң асау қанды жауыздықтарын адам қанында сақта-
лып келе жатқан анайы, жабайылықтың арғы тегiнен 
iздейтiнi, соның әлi жоғалмай жалғасуынан қарастыратыны 
философиялық ойға жетелейдi. Романның аты «Жоңғардың 
соңғы қашқыны» болып аталуы да осыны меңзейді. Ұзақ 
ойланып, көп еңбектеніп жазылған шығармада ешқандай 
дүм 
білездік байқалмайды. Оқиғалар жүлгесі көңiлге қо-
нымды, кiмге де болса «осы қалай?» дегiзбейтiндей. Наным-
ды, нәзiк аңдалып отырады. 
Қажыбектiң сүйген қызы Бикен болса жас сәбет өкiме-
тiн орнатуға күш салып жүрген, оқыған жiгiт Сұлтанғазы-
ның жастай айттырып қойған қалыңдығы. Бiрақ қыз-
жiгiт ес бiлмей атастырылып «қалыңы да төленеген» деген 
дәйектеменi автор кейiн жаңашыл Сұлтанғазы сәбет заңына 
қиғаш келетін қызды «айттырып алудан» бас тартып жүрген 

113
 Әдебиет – жан нұры 
тұста жаңылыс байқатып «әлi қалыңы төленбеген» деп 
келтіреді. Соған қарап автор бұл шығарманы кейде арасын 
үзiп тастап, кейбiр ұсақ детальдарды ұмытыңқырап барып 
жазғаны аңғарылғандай. Бірыңғай табандап отыра алма-
ғаны сәл де болса сезiледi. 
Қым-қуыт, шытырман оқиғалы, қызықты кiтаптың 
ұзына бойындағы жазушы қарымы, айту, көру қуаттылығы 
оқырманға татқызар ләззатымен басқа жаққа мойын бұр-
ғызбай, бiрден-бiрге баурап отырады. Тарихи құнды дерек-
тер мен әсiресе соны ойната жазу тәсiлi жымдаса кiрiгiп  
көз алдыңызға тұтас үлкен сурет тартады. Бай, көркем 
мағлұмат бередi. Жалпы бұл роман Қазақстан ғана емес, сә-
бет өкiметiнiң тарихындағы өзіндік саяси кезең мағлұматын 
ашады. Әрі роман жанрына сай көркем де, жанды сурет 
деуден қысылмайсыз, қымсынбай айта аласыз. Шытыр-
ман оқиғалар шырғалаңы мол кейiпкерлер ортасындағы 
талқы-тартыс әлегi, бiр-бiрлерiне тiсін басқан партиялар 
ара сындағы қанды кек, содан туатын аяусыз қырғын қы-
зы 
ғына бойлатқанымен қоймай жан түршiктiредi. Автор 
 
тарихта Мұқа болыстың шекарадағы «Басқұншы» өңiрiн 
мекендеген орыс ауылын кәрi-жасымен сәби баласымен 
қоса, тiгерге тұяқ қалдырмай, ұраларға тастап өртеп кететiн 
тұстар ашық айтылған. «Осымыз артық болмай ма» деп 
 
басты кейiпкер Қажыбек (алдыңғы жолы тергеушiнi өлтiр-
мей тiрi қалдырып кеткен) бiр ауыз айтқан болса оның 
 
адами жүрегiн тани түскен болар едiк. Әрине Қажыбек оны-
сымен жаралы аю – Мұқаны тоқтата алмаса да, бүгiнгi бiздер 
жауыздыққа амалсыз бет алып кеткен басты кейiпкерге 
деген аяушылық рақымымыз ояна түскен болар едi. 
Қысқарта түйгенде оқырманның жан әлемiн бұлтарт-
пай жаулап алатын бейнелi сөз тiркес, ойға бай сөйлемдер 
түзiлiсi, шығарманың жалпы желi – арқау құрылысы бұл 
туындыны әдебиет әлемiндегi үлкен жанр – «роман» деген 
талапқа сайма-сай жауап бере алатын толыққанды, соқта лы 
еңбек дегiзерi даусыз. 
Кiтап бастала бере оқырманды тарта жөнелетiн Бикен 
қыз бен Қажыбек арасындағы қылп еткендi жанмен сезiскен 

114
Жанат Ахмади
шынайы нәзiк, уыз махаббат бейне сiздiң көз алдыңызда өтiп 
жатқандай әсерлi. 
Араларынан қыл өтпестей, бал жаласқан дос көңiлдер 
үшiн тiлектес адам өзің болып қалатының бар. Дәл сондай 
болып, қыбыр еткен кiрпiк қимылдарына дейiн бағып 
отыруға мәжбүр боласың. Соған жетесiң. Бұл жазушының 
осынау жаратылыс, табиғатқа, махаббатқа деген, өмiрге 
деген өз жүрегiнде бар iңкәрлiк деп бiлемiз. Соның құ-
былыс-киесі айна-қатасыз, қаз-қалпында қағазға қонған. 
О. Бальзак: «Дос iздемес адам сүйе де бiлмейтiн адам. Сүю 
адам ның барлық жақсы сыйпатын өз iшiне алады» деген.  
Өмiрге ғашық, досқұмар автор өз жүрек кiлтипанын осы  
тұста қолданғаны айқын. «Тауық талдан асып ұшпайды» 
демекшi өзi ғашық бола бiлмейтiн, өмірді шындап сүйе 
алмайтын адам өзгеге әсер етпек тұрмақ, өзiнiң iшкi жан-
дүниесiн де гүлдендiре алмайды. Ондайлардың көбi «...
денесiне белгiсiз дiрiл бiткен...» Бикен қызға «жаурап 
отырсың ба!» деп сауал қоюы мүмкiн. Ал оны естiген жерде 
аяулы қыз сезiмi қор болар едi. 
Тоқсан сөздiң тобықтай түйiнiне тоқырасақ, суреткер 
жазушы Тұрсынғазы Әлпейiсовтiң бұл кiтабында автордың 
бар екенiн ұмытып кетесiз. Жазушы өзi көрiнбейдi, жана-
салап шапқыламай айтарының барлығын кейiпкерлер бол-
мысымен шегелейдi. Оқырманды солардың соңына қадап 
салып қояды. 
Бұл жазушылық шеберліктің басты шарттарының бірі. 

115
 Әдебиет – жан нұры 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет