103
«ЖАНСУГУРОВСКИЕ ЧТЕНИЯ»
материалы республиканской научно-практической конференции
7 декабря 2018
г.
Білмеймін не боларын қайран көлім,
Жарайды тең болмаса күн мен түнің.
Итиіп қара шекпен келіп қонса,
Басыңнан құсың ұшып кетер сенің -деп ызаға булыға жазды. Ауылынан ұзап шығып
білім алуға тағдыры тұсау салған Ілияс «Арман» атты өлеңінде: (1915-16 жж)
Мезгіл бар ма құтылар,
Шынжырлаулы тағдырдан?...
Аяқ
қолы байлауда,
Зарлаумен жүр балдырған, - деп шағынса, Абай үлгісмен жазған «Қалпымыз»- деген
өлеңінде:
Ашылар ма көз,
Іс болар ма сөз,
Көп көксеген күн туып?
Дауыл жел айдап,
Жауын, сел қайнап,
Өз еркінше жүр қуып.
Алу үшін теңдікті,
Сағынамыз кеңдікті - деп жырлады. Отарлық озбырлық тырнағынан құтылудың
жолын қарулы күрестен емес өнер, білімнен іздеген ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы
қазақ ағартушылары мен ақындары аңсаған ілімді-білімді үйрену–ХХ ғасырдың бас кезінде
жаңа өріс алып, алдыңғы қатардағы алаш азаматтарын елді ояту, азаттықа қол жеткізу
мақсатына жетеледі.
Ілияс пен Мағжан поэзиясындағы байланыс идеялық үндестік жайлы Ә.Тәжібаев,
М.Дүйсеновтер кезінде жазды, бірақ кеңес идеологиясының ықпалынан шыға алмай ақындар
поэзиясының құнарлы дәнін алғысыз етіп, теріс ой тудырды. «Нағыз көркемдік ізденіс
жолындағы эстет М.Жұмабаевтің зерек шәкірті ізбасары І.Жансүгіровтің 1923-24
жылдардағы ақындық олжалары, ашқан көркемдік жаңалықтары сол уақыт райынан
екшегенде ірі де іргелі тәрізденеді».[1]
Ілияс 1920-30 жылдардағы өлеңдерінде кеңестік үкімет, жаңа қоғам, өнеркәсіп, т.б.
жайлы өндірте жазды. Әр ауыл, әр өнеркәсіп орнын аралап жүріп, таныстырушы ретінде
жазған публицистикалық сарынды өлеңдері де көп. Ал, бұл құрылыстан жаңашылдық пен
жақсылық нышанын көре алмаған |Мағжан поэзиясы нені суреттесе де, қандай тақырыпқа
жазса да романтизм мен символистік ізденістерінің ізі айқындалып, қазақ поэзиясына жаңа
бір леп әкелді, жаңа сатыға көтерді. Ілияс Мағжан поэзиясының түріне еліктеп жазғанымен
мазмұны тұрғысынан түрлі саяси бағыттың арбауында тұрған ақындардың көзқарасы көп
жерде шарпысып қалып отырды. Қазақ ақындары Мағжанның жаңашылдығын, бөлектеніп,
биіктеп бара жатқанын сезбеді, көрмеді десек ақиқатқа қиянат болар.
М.Әуезов 1927 жылы «Мағжан культурасы зор ақын, ...заманынан басып озып,
ілгерілеп кеткен ақын болады... Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушыларының ішінен
келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжан сөзі. Одан басқамыздікі
күмәнді, өте сенімсіз деп білемін» деп жазуында ұлылықты мойындаудың ұлағаты мен
Мағжан поэзиясының тамырын тап басқан көрегендік те жатыр. Ілияста Мұхтардай
Мағжанды оқыды, сүйсінді, еліктеді. Ілиястің лирикасында да тұнып тұрған маржан тіл,
эпикалық кеңдік, шабытты жыр жолдары бірде мұңды сарын, ішкі жан күйзелісіне ұласса
оны Мағжандық романтизм мен символизмнің алауынан іздеу керек. 1925 жылы 18
маусымда қабылданған «Партияның көркем әдебиеті саласындағы саясаты туралы»
қаулысынан кейін солақай сын өршіп, Мағжан шығармалары қатты сынға ұшырады. Ілияс
поэзиясынан да «саяси қателіктер» іздеген сыншылыр қос ақынның жауһар жырларын тозаң
тұттырып, күстаналауға күш салды. Саяси бес қаруы сай қызыл қырағылар бірі «ұлтшыл»,
бірі «алашшыл» деген бейдауа сындарын алға тартса, бірінің «іштегі қызыл итті» тісін
ақситып шықты. Замана илеуіне көндігіп, идеологиялық нұсқауларды ту еткен
сыншысымақтардың көзсіз белсенділігі көркем өнердің жан дүниесін ойран етіп, белден