Жануар физол



Pdf көрінісі
бет425/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   504
жалғастырушы  ядролар  таламустың  қосушы  ядроларынан  тараған 

импульстерді қабылдайды. 

Таламус  тек  афферентік  импульстерді  мидың  жоғарғы  бөлімдеріне 

бағыттайтын құрым ғана емес, сонымен қатар онда белгілі дəрежеде əртүрлі 

тітіркеністерді  талдау,  жинақтау  процестері  де  жүреді.  Дегенмен,  таламус 

деңгейіндегі  жіктеу  қарапайым  жəне  үстіртін  келеді.  Мысалы,  ми  қыртысы 

сылынып,  бірақ  таламусы  бұзылмаған итте  қимыл  үйлесімі  сақталады,  олар 

жүру  қабілетін  жоғалтпайды,  тіпті  жүгіре  де  алады.  Бірақ  мұндай  ит  тек 

үйреншікті  қимылдарды  ғана  атқарады,  жаңа,  күрделі  қимылдарды  игере, 

үйрене алмайды. 

Таламус  бұлшық  еттің  икемділік  тонусын  реттеуге  де  қатысады.  Миды 

таламустың  алдынан  тіліп  тастаса,  бұлшық  ет  тонусы  күшейіп,  еттің 

икемділігі  тым  жоғарылап  кетеді  де,  мал  еріксіз  берілген  кейіптен  шыға 

алмай  қалады.  Демек,  мал  қалыпты  кейпін  еттің  икемділік  қасиетінің 

арқасына ғана сақтай алады. 

Эпиталамуста  иіс  сезу  орталығы  мен  ішкі  секрециялық  без  -  эпифиз 

орналасады. 

 



 

568


Гипоталамус  -  мидың  үшінші  қарыншасының  вентральдық  қабырғасын 

құрайды,  көру  төмпегінің  астыңғы  жағында  орналасады.  Осы  себепті  оны 



төмпек  асты  аймақ  деп  атайды.  Гипоталамус  алдыңғы  жағында  иістік 

мимен, артқы жағында ортаңғы мимен жанасады. 

Көлемі  жағынан  гипоталамус  кішкентай  ғана  құрылым  болғанымен, 

көптеген 

ядролардан 

тұрады. 


Олардың 

ішінде 


негізгілері  

паравентикулярлық,  супраоптикалық  ядролар,  сұр  төмпек,  еміздікше  дене. 

Гипоталамус аймағында жалпы алғанда 32 жұп ядро орналасқан. Солардың 

арасында  сүт  қоректі  жануарларда  сұр  төмпек  өте  жақсы  дамыған  (215-

сурет). 


Гипоталамус  ОЖЖ-ің  барлық  бөлімдерімен  тығыз  байланысқан.  Оның 

эфференттік жолдары көру төмпегімен, гипофизбен, ортаңғы жəне сопақша 

мимен  жəне  аксондары  вегетативтік  жүйкелердің  түйін  алды  талшықтарын 

түзетін  торшалармен  жалғасады.  Гипоталамус  ядролары  афференттік 

импульстерді  көру  төмпегі  арқылы  қабылдайды.  Көру  төмпегі  арқылы 

гипоталамуске үлкен  ми жарты  шарлары  қыртысының иістік, премоторлық 

жəне  қозғағыш  аймақтарынан  тараған  импульстер  де  жетіп  отырады. 

Гипоталамустың  ми  қыртысының  иістік  бөлімімен  де  тікелей  байланысы 

болуы  мүмкін.  Гипаталамус  көру  төмпегі  мен  ми  қыртысын  вегетативтік 

жүйке  жүйесімен  жалғастырушы  буын  болып  табылады.  Сол  себепті 

гипоталамус  вегетативтік  функцияларды  реттеуде,  симпатикалық  жəне 

парасимпатикалық  реакциялардың  атқарылуында  маңызды  орын  алады. 

Гипоталамус  дене  температурасын  реттеуге  қатысады.  Сұр  төмпекті 

зақымдағаннан кейін жануарлар организміндегі жылу түзу жəне жылу бөлу 

процестері  бұзылып,  дене  температурасы  тұрақты  деңгейде  сақталмайды, 

салқын  қанды  жануарларға  тəн  құбылыс  байқалады.  Гипоталамусте 

белоктың,  майдың, көмірсулардың,  су  мен  минералды  заттардың  алмасуын 

реттейтін  орталықтар  орналасады.  Мидың  бұл  құрылымы  вегетативтік 

жүйке  жүйесінің,  ішкі  секреция  бездерінің  жəне  нейрогуморальдық 

механизмдердің 

жоғары 

деңгейлі 

үйлесімін 

қалыптастырады. 

Супраоптикалық  ядроны  тітіркендіргенде  мал  иеді,  сүт  береді,  ал 

паравентрикулярлық  ядроны  тітіркендіргенде  -  исінеді.  Гипоталамустың 

артқы  ядролары  симпатикалық,  алдыңғы  ядролары  парасимпатикалық 

реакцияларды реттейді деген болжам бар. 

Гипоталамус түрлі эмоцияларды, организм мен сыртқы орта арасындағы 

байланысты  қалыптастыруда  маңызды  рөл  атқарады.  Қазіргі  кезде  оның 

жыныстық  жəне  агрессивті  қорғаныс  рефлекстеріне  қатысы  анық 

дəлелденген.  Гипоталамустың  вентромедиальдық  ядроларын  тітіркендіріп 

мысықты  қатты  ызаландыруға  болады.  Осы  ядролар  аймағында  тояттау 

орталығы  да  орналасқан.  Бұл  орталық  зақымданса  мал  азықты  көп 

қабылдайды  да,  денені  май  басады.  Гипоталамустың  бүйірлік  ядроларында 



ашығу  орталығы  орын  тебеді.  Олар  зақымданса  мал  азық  қабылдамай, 

215-ñóðåт.

 Ãèïîт-ë-ìóñтû» íåãiçãi    

ÿäðîë-ðû: 

1  —  ï-ð-âåíтðèêóëÿðëûº  ÿäðî;  2 




 

569


ашығады.  Осыдан  қан  құрамындағы  глюкоза,  амин  жəне  май  қышқылдары 

т.б.  заттар  концентрациясы  төмендейді  де,  нақтылы  нейрондардың 

белсенділігі күшейіп, малдың қорек қабылдауға бағытталған мінез-қылықтық 

əрекеттері күшейеді. 

 

                     



  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Супраоптикалық  ядродан  дорсолатеральдық  бағытта  шөлдеу  орталығы 

орналасады.  Бұл  орталықты  тітіркендіргенде  су  көп  ішіліп  (полидипсия),  ал 

оны зақымдағанда - мал су ішпей қояды (адипсия). 

Гипоталамустың  преоптикалық  аймағында  организмнің  ішкі  ортасының 

осмостық  қысымының  деңгейін  реттеуге  қатысатын  ерекше  нейрондар  - 



осморецепторлар  табылған.  Олар  осмометр  принципімен  əрекет  етеді.  Бұл 

нейрондарда  осмостық  қысымы  тұрақты  деңгейде  болатын  сұйыққа  толған 

вакуольдер болады. Осы сұйық пен торша сыртындағы сұйықтың осмостық 

қысымының  айырмасына  байланысты  нейрон  белсенділігі  өзгеріп,  денедегі 

осмостық  қысымның  тұрақтылығын  сақтауға  бағытталған  физиологиялық 

əрекеттер  туындайды.  Егер  ұлпа  аралық  сұйық  пен  қанның  осмостық 

қысымы  жоғарыласа,  осмос  заңына  сəйкес  су  осморецепторлар 

вакуольдерінен  сыртқа  шығып,  вакуольдер  мен  осморецепторлық  торшалар 

солады. 

Осының 


нəтижесінде 

осморецепторларда 

туындайтын 

импульстердің  жиілігі  көбейеді.  Мұның  салдарынан  гипофиздің  артқы 

бөлігінде  антидиурездік  гормонның  (АДГ)  түзілуі  күшейеді.  АДГ  əсерімен 

бүйректе  судың  кері  сорылу  процесі  артады  да,  қанның  осмостық  қысымы 

төмендейді. Ұлпааралық сұйық пен қанның осмостық қысымы төмендесе, су 

осморецепторлар  вакуольдеріне  өтеді  де,  вакуоль  мен  торша  керіледі.  Бұл 

жағдайда  осморецепторларда  туындайтын  импульстер  ырғағы  азаяды  да, 

АДГ-ның бөлінуі тежеліп, бүйрек арқылы су көп шығарылады, организмдегі 

су мөлшері азаяды. 

Гипоталамус  гипофизбен  өте  тығыз  морфологиялық  жəне  функциялық 

байланыста  болады,  сондықтан  оларды  гипоталамус-гипофиздік  жүйеге 

біріктіреді  (ішкі  секреция  бездеріне  арналған  тарауды  қараңыз). 

Организмдегі түрлі процестерді реттеуде рөлі зор болғанымен, гипоталамус  

 




 

570


өз  қызметін  мидың  жоғарғы  бөлімдерінде  орналасқан  орталықтардың 

басқарушы, реттеуші əсерімен атқарады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   421   422   423   424   425   426   427   428   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет