Жануар физол


 Торлы құрылым жəне оның маңызы



Pdf көрінісі
бет426/504
Дата31.12.2021
өлшемі9,54 Mb.
#23072
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   504
19.3.5. Торлы құрылым жəне оның маңызы 

 

Орталық жүйке жүйесінде сұр жəне ақ заттармен қатар торлы құрылым 



(ретикулярлы  формация)  деген  атпен  белгілі  болған  түзіліс  кездеседі.  Ол 

пішіні  мен  мөлшері  əртүрлі  торшалардың  шоғырлануы  нəтижесінде  пайда 

болады.  Осы  торшалардың  шашыраңқы  орналасқан  өсінділері  бір-бірімен 

айқасып,  қиылысып,  тор  тəрізді  зат  құрайды.  Торлы  зат  орталық  жүйке 

жүйесінің  көптеген  бөлімдерінде  орын  тебеді.  Жұлында  ол  астыңғы  жəне 

үстіңгі  мүйіздер  аралығында  -  бүйір  бағанда  орналасады.  Торлы  құрылым 

жұлынның  мойын  бөлігінде  анық  байқалады,  дегенмен  ол  ми  сабағында 

жақсы шоғырланған. Торлы құрылым ми сабағының медиальдық бөлігі мен 

өзегін  ала  жатады  да,  көру  төмпектеріне  дейін  созылады.  Тіпті  көру 

төмпешіктері  мен  гипоталамусте  де  бұл  құрылымның  элементтерін 

кездестіруге болады (216-сурет).  

Торлы  құрылымды  алғаш  XІX-  ғасырдың  аяғында  Дейтерс  ашқан.  XX 

ғасырда  оның  морфологиясы  терең  зерттеліп,  көптеген  ерекшеліктері 

анықталған. Торлы құрылымды құрайтын нейрондар өсінділері қысқа келеді 

де, өте көп тарамданады жəне олар топтасып, көптеген ядролар құрайды. Тек 

қана сопақша мида торлы құрылымның 90 ядросы орналасады. Мидың ешбір 

бөлімдерінде  торлы  құрылымдағыдай  мөлшерде  ядролар  кездеспейді.  Бұл 

торлы құрылым қызметінің күрделілігінің, жанжақтылығының белгісі. 

 

        216-сурет. Торлы құрылымның 



       белсендіруші жүйесі: 

         1 – торлы құрылым; 2 – таламустың 

           жалпылама ядролары; 3 – көпір;  

           4 – сопақша ми. 

 

 

Торлы  құрылым  нейрондары  дененің 



белгілі 

бір 


бөліктерімен 

нақпалы 


байланыс  түзбейді.  Олар  əр  түрлі 

рецепторлардың - көру, есту, жанасу, дəм 

сезу,  терморецепторлар  т.б.  тітіркенуі 

нəтижесінде қозады. Кез келген рецептор тітіркенгенде тітіркеніс орталыққа 

тепкіш  арнаулы  жол  арқылы  ми  қыртысына  бағытталады  да,  тітіркенген 

рецептордың  табиғатына байланысты  оның  белгілі бір бөлігінде  қозу  пайда 

болады.  Сондықтан  бұл  жолды  арнаулы  немесе  классикалық  өткізу  жолы 

деп  атайды.  Бұл  жол  үшін  көру  төмпегі  (таламус)  өткел  болып  табылады. 

 



 

571


Арнаулы  өткізгіш  жол  арқылы  импульс  өте  шапшаң  таралады  жəне  ми 

қыртысының нақтылы бөлігіне бағытталады да, шоғырланған қозу процесін 

тудырады. Ол өзіндік қасиетін сақтап, əсер еткен тітіркендіргіштің сипатын 

бейнелейді,  тітіркендіргіш  жайлы  анық  мəлімет  жеткізеді,  нақтылы  түйсік 

туғызады.  Демек,  бұл  импульстер  белгілі  бір  хабар  (сигнал)  ретінде 

қабылданады.  

Ми  сабағы  деңгейінде  əрбір  арнаулы  өткізгіш  жолдан  торлы  құрылым 

торшаларына  бүйір  тармақ  бағытталады.  Осының  нəтижесінде  арнаулы 

өткізгіш  жолмен  тараған  импульстің  əсерімен  торлы  құрылым  торшалары 

қоса  қозады.  Бұл  торшалар  əртүрлі  жолдардың  бүйір  тармақтарымен 

жалғасатын болғандықтан торлы құрылымда импульстер өзіндік сипаттарын 

жоғалтады.  Қозған  торлы  құрылым  торшаларынан  да  импульстер  ми 

қыртысына бағытталады, бірақ олар шашырай, жайыла таралады да, барлық 

қыртыс торшаларының жалпы белсенділігін арттырады. Осымен байланысты 

торлы  құрылымның  өрлеу  жолын  жалпылама  афференттік  жол  деп 

атайды.  Бұл  жолмен  импульстер  баяу  тарайды  жəне  өзіндік  сипатын 

жоғалтып, сигналдық маңызынан айрылады. 

Сонымен,  ми  қыртысының  əрбір  нейроны  импульстерді  арнаулы  жəне 

жалпылама  афференттік  жүйелер  арқылы  қабылдайды.  Бұл  жүйелер  ортақ 

əсердің  салдарынан  кез  келген  рецептордың  тітіркенуі  нəтижесінде  қозады. 

Бірақ  жалпылама  афференттік  жүйе  импульстерді  өткізудің  қосымша, 

айналма  жолы  болып  табылады.  Арнаулы  жүйе  арқылы  келген  импульстер 

белгілі  түйсік  тудырса,  жалпылама  жүйе  ми  қыртысы  нейрондарының 

белсенділігін арттырып, олардың қызметінің атқарылуына жағдай туғызады. 

Торлы  құрылымның  афференттік  жолын  толығымен  қиып  тастаса организм 

ессіз  күйге  (кома)  көшіп,  соңынан  өліп  қалады.  Ал,  осы  жол  жарым-

жартылай қиылса, ұйқышылдық, селқостық байқалады. 

Торлы  құрылым  ми  қыртысымен  қос  бағытты  байланыста  болады.  Ми 

қыртысы  торлы  құрылым  нейрондарынан  импульстер  қабылдап  қана 

қоймай,  оның  афференттік  жүйесінің  қызметін  не  жандандырып,  не  тежеп 

отырады.  Демек,  үлкен  ми  жарты  шарларының  қыртысы  торлы 

құрылымның қызметін басқарып, бағыттап отырады. 

Торлы құрылымның төмендеу жүйесі арқылы ортаңғы ми мен сопақша 

мидан  жұлынның  мотонейрондарына  бұлшық  ет  қызметін  күшейтетін 

немесе  тежейтін  импульстер  жіберіледі.  Сондықтан  торлы  құрылымның 

төмендеу жолдары белсендіруші жəне тежеуші болып екіге бөлінеді. Торлы 

құрылымның  төмендеу  жүйесі  вегетативтік  жүйке  жүйесінің  нейрондары 

арқылы ішкі ағзалардың қызметіне де əсер етеді. Торлы құрылым жүрек пен 

қан  тамырларының,  тыныс  алу  ағзаларының,  ас  қорыту  жолының,  бөлу 

мүшелерінің қызметін реттеуге қатысады, ішкі секреция бездерінің, əсіресе 

гипофиздің  қызметіне  əсер  етеді.  Ортаңғы  ми  мен  сопақша  мидың  торлы 



 

572


құрылымын  тітіркендіргенде  гипофиздің  алдыңғы  бөлімі  гормондарының 

бөлінуі күшейеді. 

Ми  сабағы  деңгейінде  торлы  құрылымның  өрлеу  жəне  төмендеу 

жүйелері  бірін-бірі  жауып,  бүркеп  жатады.  Осымен  байланысты  өрлеу 

жүйесі  төмендеу  жүйесінің  белсендіруші  немесе  тежеуші  бөлімдерімен  бір 

мезгілде  қозуы  мүмкін.  Егер  өрлеу  жүйесі  төмендеу  жүйесінің  тежеуші 

бөлімімен  бір  мезгілде  қозса,  ми  қыртысының  талдау  жəне  жинақтау 

(анализдік  жəне  синтездік)  қызметі  күшейеді  де,  жұлын  мотонейрондары 

қызметі  тежеледі,  сақтық  артады,  жануар  қоршаған  орта  жағдайын 

бағалағаннан  кейін  ғана  əрекет  басталады.  Ал  торлы  құрылымның  өрлеу 

жүйесі  төмендеу  жүйесінің  белсендіруші  жолымен  бір  мезгілде  қозса,  онда 

рефлекстер күшейеді, бірден əрекет туындайды. 

Торлы  құрылым  əртүрлі  гуморальдық  əсерлерге  өте  сезімтал.  Оның 

алдыңғы  бөліктерінде  катехоламиндер  (адреналин  мен  норадреналин) 

бөлетін  нейросекрециялық  торшалар  табылған.  Алдымен  торлы  құрылым 

торшалары  əртүрлі  рецепторлардың  тітіркенуі  салдарынан  қозса,  одан  əрі 

олардың  қозғыштығы  осында  бөлінген  адреналин  мен  норадреналиннің 

əсерімен  жалғасады.  Демек,  вегетативтік  жүйке  жүйесінің  симпатикалық 

бөлімі мен торлы құрылым арасында күрделі байланыс қалыптасқан. Торлы 

құрылым  ми  қыртысының  белсенділігін  арттырса,  вегетативтік  жүйке 

жүйесінің  симпатикалық  бөлімі  эндрокриндік  жүйенің  қызметін  өзгертеді, 

адреналиннің  бөлінуін  үдетіп,  шеткі  органдардың  жұмыс  қабылетін 

күшейтеді. 

Торлы  құрылым  нейрондары  əр  түрлі  химиялық  заттарға  да  сезімтал. 

Аминазин, резерпин, түрлі есірткілер (наркоздық заттар), ұйықтататын заттар 

олардың  қызметін  тоқтатып,  ми  қыртысына  бағытталатын  импульстерді 

бөгеп тастайды. 



 

217-сурет. 

Торлы  құрылым  ядроларына  электродтар  бекітілген 

хайуанаттар: 

а – өз  еркімен  рычагты басып,  рахаттану түйсігін  тудыратын  егеуқұйрық,  

6 – торлы құрылым ядросын тітіркендіру салдарынан ызаланған мысық. 

 



 

573


 

Торлы  құрылыммен  түрлі  эмоциялар  -  үрей,  рахаттану,  ызалану  т.с.с. 

байланысты.  Гипоталамус  аймағындағы  торлы  құрылым  ядроларын  дəлдеп 

тітіркендіру  арқылы  үрей,  ыза,  рахаттану  эмоцияларын  тудыруға  болады 

(217-сурет). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   422   423   424   425   426   427   428   429   ...   504




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет