«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет6/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Бақылау сұрақтары:

  1. Биохимия нені зерттейді?

  2. Белоктардағы амидтік (немесе пептидтік) байланысты ашқан ғалым?

  3. Физикалық және коллоидтық химияның биохимиямен байланысы қандай ?

  4. Ерітінділер дегеніміз не ?

  5. Еру процесінің мәні неде ?

  6. Диффузия, осмос және осмостық қысымның биологиялық маңызы неде ?

  7. Электролиттік диссоциация дегеніміз не?

  8. Электролиттік диссоциация механизмін айтыңыз.

  9. Диссоциациялану дәрежесі деген не?

  10. Сутектік көрсетікш деген не?

  11. рН анықтау әдістерін атаңыз.

  12. Буферлік жүйе дегеніміз не?

  13. Буферлік сыйымдылық дегеніміз не?

Ұсынылатын әдебиеттер:

  1. Сейітов З.С., Бейсебеков М.Қ. Физикалық және коллоидтық химия. –Алматы, 1993.

  2. Болдырев А.И. Физическая и коллоидная химия.–М.:«Высшая школа», 1983.

  3. Қайырханов Қ.К. Жануарлар биохимиясы. –Алматы:«Ана тілі», 1993.

  4. Сеитов З.С. Биохимия.– Алматы: «Қазақ университеті», 2001

Дәріс 2
Тақырыбы: Зат алмасудың- биологиялық реттегіштері.«Дәрумендер-Витаминдер»
Дәріс мақсаты: Витаминдер және олардың жіктелуі жөнінде мағлұмат бере отырып, олардың зат алмасу процесіндегі биологиялық маңызын түсіндіру.
Негізгі терминдер: Витаминдер, провитамин, авитаминоз, гиповитаминоз, гипервитаминоз, каротин, ксерфтальмия, остеопороз, остемаляция, геморрагия.
Жоспары:
1. Витаминдер жөнінде жалпы түсінік.
2. Витаминдердің атауы және классификациясы.
3. Майларда еритін витаминдер.
Витаминдер. Жіктелуі және номенклатурасы. Майда еритін витаминдер, олардың зат алмасу процесіндегі маңызы.
Витаминдер дегеніміз - азық-түлік өнімде-рінде, жем-шөпте шағын мөлшерде ғана кездесе-тін, ал адам мен жануарлар организмінде бірқалыпты тіршілік үшін өте қажет төмен моле-кулалы органикалық заттар.
Н. И. Луниннің ғылыми жұмысына дейін (1880 ж.) қорек үшін бес түрлі ғана зат - белоктар, майлар, көмірсулар, минералдық тұздар және су қажет деген пікір қалыптасқан еді. Ал үнемі тамақтың бір түрімен ғана қоректену, сондай-ақ ұзақ уақытқа созылған саяхат кезінде адамдарда ұшырасатын бірқатар сырқаттардың қоректе кейбір заттардың жетіспеуінен болатыны белгілі болды. Мысалы, Европа мен Индия арасында теңіз жолын алғаш ашқан Васко да Гама экспедициясына бастапқы қатысқан адамның саны 160 шамасындай болатын. Екі жылға созылған саяхаттан кейін солардың 55 адамы ғана қайтып оралады. Жүзден астам теңізші жолда құрқұлақ (діңгене) ауруынан мерт болады.
Азық-түлігінде жүгері өнімдері басым болатын кейбір елдерде (Италия, т. б.) пеллагра деген ауру таралған, ондай сырқат кезінде дененің ашық жері, терісі қабынып ауруға (дерматит) ұшырайды. Ал негізгі қорегі күріш дақылы болып табылатын Азия елдерінде бери-бери (салдану) деген ауру кездеседі. Мұндай ауру кезінде жүйке тармақтары қабынады да, қол-аяқ тырысып қалады. Мұндай сырқат әсіресе күрішті машинамен өңдеп, ақтау тәсілдерін енгізу салдарынан көбейіп кетті.
Осындай жағдайлар және өмірде байқалған басқа да мысалдар қоректік азық-түлікте тіршілік үшін маңызды басқа да заттар болуы тиіс деген ой тудырады. Орыстың ғылыми дәрігері Н. И. Лунин ақ тышқандармен тәжірибе жасап, оларды тек белоктармен, майлармен, көмірсулармен, тұздармен және сумен ғана қоректендіру бірқалыпты тіршілік үшін жеткіліксіз екенін ең алғаш дәлелдеді. Құрамында жоғарыда аталған бес түрлі зат бар жасанды сүт ішкен тышқандар өліп қалады. Ал сиырдың табиғи сүтін ішкен тышқандар қалыпты тіршілік етеді. Осы тәжірибеден Н. И. Лунин мынадай дұрыс қорытынды шығарды: «...жоғарыда аталған тәжірибенің нәтижесіне қарағанда, белоктармен, майлармен, қантпен, тұзбен, сумен ғана қоректендіріп тіршілікті қалыпты қамтамасыз етуге болмайды екен және табиғи сүт құрамында казеин, май, сүт қанты және тұздан өзге, тіршілік үшін аса қажетті, ауыстырылмайтын басқа заттар да бар болуы тиіс. Осы заттарды зерттеу және олардың қоректік бағасын анықтаудың маңызы зор».


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет