«Жануарлар физиологиясы және биохимиясы 2» пәні бойынша дәрістер жинағы Қамбаров А.Ә. ӘДістемелік нұСҚау шымкент, 2020 ж



бет8/35
Дата10.03.2023
өлшемі1,31 Mb.
#72943
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Дәріс 3
Тақырыбы: Биохимиялық үдерістердің -катализаторлары.Ферменттердің әсер ету механизмі. Ферменттер. Маңызды коферменттер»
Дәріс мақсаты: Ферменттер және олардың қасиеттері, маңызды коферменттер жөнінде мағлұмат бере отырып, олардың зат алмасу процесіндегі биологиялық маңызын түсіндіру. Ферменттердің номенклатурасы, классификациясы және олардың әсер ету механизмі жөнінде толық мағлұмат беру.


Негізгі терминдер: Фермент, энзимология, кофермент, апофермент, изофермент, активатор, ингибитор. Оксидоредуктазалар, трансферазалар, гидролазалар, липазалар, изомеразалар, лигазазалар, активатор, ингибитор.
Жоспары:
1. Ферменттер жөнінде жалпы түсінік.
2. Қарапайым және күрделі ферменттер.
3. Ферменттердің қасиеттері.
4. Маңызды коферменттер: НАД, ФАД, ТПФ, т.б.
5. Ферменттердің номенклатурасы және классификациясы.
6. Ферменттердің активті орталығы.
7. Ферменттердің әсер ету механизмі.
Фермент дегеніміз - белоктық зат, ол организмдегі түрлі химиялық реакцияларды тездетуші. Химиялық реакциялардың жүрісін тездетушілерді катализаторлар деп атайтыны белгілі. Осыған сәйкес ферменттерді биологиялық катализаторлар деп те атайды. Фермент (латынның тілінде fermentum - ашу деген мағына береді) деген терминмен қатар әдебиетте энзим (грек тілінде - еnzym, еn - ішкі, zymе - ашытқы деген мағына береді) деген сөз де қолданылады. Ферменттерді және олар катализдейтін реакция-ларды зерттейтін биохимия бөлімі энзимология деп аталады.
Ферменттер химиялық құрамы бойынша биохимиялық реакциялар кезінде катализдік активтілік көрсететін белоктар. Барлық басқа белоктар сияқты, ферменттер де химиялық құрамы бойынша екі топқа бөлінеді. Олар қарапайым ферменттер және күрделі ферменттер.
Қарапайым ферменттер дегеніміз - қарапайым белоктар, олар гидролиз кезінде амин қышқылдарына ғана ажырап бөлінеді. Қарапайым ферменттерге мыналар жатады: рибонуклеаза, пепсин, трипсин, химотрипсин, папаин, амилазалар және гидролаза класына жататын басқа да ферменттер.
Күрделі ферменттер дегеніміз - күрделі белоктар. Күрделі ферменттер екі бөліктен: белоктық және белоктық емес бөліктен тұрады. Ферменттердің белоктық бөлігі апофермент деп, ал белоктық емес белігі простетикалық топ немесе кофактор, кофактор (простетикалық топ) белоктық емес зат болғандықтан кофермент деп аталады.
30 - 40°С жағдайда тірі организмде ферменттер әсіресе активті келеді (4.10-сурет), бұл температура деңгейінен төмен немесе жоғары кезде фермент активтілігі бәсеңдейді.
Орта температурасының көтерілуі молекулалар қозғалысын тездететіні белгілі және бұл жағдай химиялық реакцияның жылдамдығын арттырады. Вант-Гофф ережесіне сәйкес, температураны 10°С шамасына көтеру реакция жылдамдығын 2-3 есе арттырады. Ферменттердің өзі белок болғандықтан, олар өте жоғары температурада бұзылып, өздерінің катализдік қасиеттерінен айырылып қалуы мүмкін.
Коферменттер (латын тіліндегі Ко - бірге және фермент деген сөзден шыққан) - құрамында белок жоқ органикалық қосылыстар, олар апорферментпен тығыз байланысқан. Ферменттің мықты байланысқан кофакторы - простетикалық топ. Көптеген ферменттердің активтігі үшін екі фактордың да - металл иондарының да, простетикалық топтың да (немесе коферменттің) болуы қажет.
Биохимиялық реакцияларда коферменттер екі түрлі қызмет атқарады
1. Күрделі фермент құрамында субстраттың (субстрат дегеніміз фермент әсер ететін зат) катализдік өңделіп өзгеруіне қатысады, бұл кезде кофермент оның активті ортасына енеді;
2. Бір субстраттан екінші субстратқа (немесе басқа ферментке) электрондарды, протондарды немесе жеке химиялық топтарды тасымалдайды.
4.2. Кестеде негізгі коферменттердің реакцияда тасымалдайтын химиялық топтары және активті тобы (витамин) көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет