«жаратылыстан» институты


Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі



бет65/68
Дата30.11.2022
өлшемі3,42 Mb.
#53747
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
Есептеуіш техника кабинетіндегі қауіпсіздік ережесі
Информатика кабинетінде жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігін сақтау оқушылар мен мұғалімдердің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Аталған міндетті орындауда оқушы төмендегідей:
1) жалпы ережелерді;
2) дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы ережелерді;
3) жұмыс жасау кезіндегі ережелерді;
4) апаттық жағдайдағы ережелерді;
5) жұмыс соңындағы талаптар мен ережелерді білуге тиіс.
1. Жалпы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар төмендегідей:
▪ компьютерді токқа қосатын сымдарға, қос тілді розеткілерге, штеккерлерге тиісуге және жабдықтарды мұғалімнің рұқсатынсыз жылжытуына тыйым салынады;
▪ мұғалімнің рұқсатынсыз сыныптан шығуға және кіруге болмайды;
▪ дербес компьютерде суланған қолмен және дымқыл киіммен жүмыс істеуге болмайды;
▪ дербес компьютердің жанына портфельдер, сумкалар, кітаптар қоюға тыйым салынады. Үстелде қалам мен дәптер ғана болуы тиіс;
▪ пернетақта үстіне ешқандай заттар қоюға болмайды;
▪ компьютерлік сыныпта жүгіруге, ойнауға, жаныңдағы құрбыларын алаңдатуға, бөгде жұмыстармен шұғылдануға тыйым салынады;
▪ оқушы компьютермен жұмыс жасау кезінде техника қауіпсіздігі талаптарын орындау ережесімен танысқандығы туралы журналды толтырады.
2. Дербес компьютерде жүмыс жасау алдында қауіпсіздік ережесінің талаптары:
▪ дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғандығына көз жеткізу керек;
▪ жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтар енгізіп, белгі жасау қажет.
3. Оқушы дербес компъютермен жүмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
▪ компьютермен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
▪ сыныпқа кірушілермен орыннан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
▪ көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ, көз жаттығуын орындауға болады;
▪ электр тоғымен зақымданған алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, өрт сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді және өрт сөндіру тәсілдерін білу қажет.
▪ көз жаттығуларын білу міндетті.
4. Апаттық жагдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
▪ жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерлерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзгеше дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, мұғалімге хабарлау керек;
▪ өрт сөндіруде көмек көрсету керек;
▪ электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білу керек;
▪ компьютерлік сыныпта өртті сумен сөндіруге болмайтындығын білуі қажет. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал жабдықтарын пайдалануға болады;
▪ электр тоғының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды пайдалану арқылы босатып алуға болады.
5. Дербес компьютермен жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздігі ережесінің талаптары:
▪ мұғалімнің нұсқауы бойынша аппаратты өшіру;
▪ жұмыс орнын ретке келтіру;
▪ жұмыс орнындағы тіркеу журналына белгі қою.
Көз шаршағанда қолданылатын жаттығулар
Оқушыны компьютермен жұмыс жасай отырып, шаршаған жағдайда мына келтірілген жаттығуларды пайдалануы қажет:
1. Шаршаған кездегі көздің қарау бағытын өзгерту (ауыстыру):
- алысқа-жақынға, оңға-солға, жоғары-төмен қарау;
- сағат тілінің бағытымен және керісінше көзді айналдыра қозғалыс жасау;
- көзді қолмен жауып 1-1,5 минут отыру;
2. Басты бұру жаттығуларын жасау:
- басты сағат тілі және керісінше бұрып айналдыру;
- басты жан-жаққа бұру.
3. Саусақты жұмып-ашу және қолдың білезігін босаңсыту.
4. Денені босаңсыту және оны керіліп ширықтыру.
Информатика кабинетіне қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар
Гигиеналық талаптарға сәйкес, оқушылардың жұмыс орындарына келесілер кіреді: жұмыс аймағы (оқушылардың оқу үстелдерін орналастыру), мұғалімнің жұмыс аймағы, оқу-көрнекі құралдарды, оқытудың техникалық құралдарын (ОТҚ) қоюға арналған қосымша кеңістік, оқушылардың жеке оқуына және ықтимал белсенді әрекетіне арналған аймақ.
Оңтайлы орналастыруға қойылатын негізгі талаптар:
1) оқушылардың, мұғалімнің және жабдықтардың жұмыс істеу қауіпсіздігі;
2) оқушыларға арналған жайлылық;
3) сабақты басқару, оқытудың түрлі формаларын үйлестіру, бақылауды ұйымдастыру жағынан алғанда, мұғалімнің ыңғайлы орналасуы;
4) қызмет көрсетуге және жөндеу жүргізуге ыңғайлылық;
5) кабинет ауданын оңтайлы пайдалану.
Оқушылардың жұмыс орнының (ОЖО) оңтайлы саны, сыныптың толуына байланысты, 9-дан 15-ке дейін болуы керек. Білім беру саласының іс жүзіндегі жағдайын ескерсек, информатика кабинетінде бір немесе төрт-бес компьютер негізінде оқыту технологиясын әзірлеу қажет деген пікір бар.
Оқушылардың жұмыс орнын (ОЖО) орналастырудың негізгі нұсқаларын қарап, бағалап көрейік, ол мына тәсілдермен іске асуы мүмкін:
а) қатармен – бұл жағдайда үстелдер дәстүрлі түрде орналастырылады (5.1-сурет, а).
б) ортада орналастыру – компьютер қойылған екі қатарлы үстелдер кабинеттің ортасына қойылады, экрандар қарама-қарсы орналастырылады (5.1-сурет,б). в) периметр бойы орналастыру – бұл жағдайда компьютер қойылған үстелдер кабинет қабырғаларының бойымен орналастырылады (5.1-сурет,в). Орналастырудың бұл нұсқасы санитарлық ережелер мен нормалар талаптарына неғұрлым сәйкес келеді.

5.1-сурет. Оқушылардың жұмыс орындарын орналастыру нұсқалары

Еңбек қауіпсіздігі тарапынан және жұмыс кезінде жарық түсірудің тұрақты деңгейін қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, оңтайлы нұсқасы компьютер тұрған жұмыс үстелдерін периметр бойы орналастыру болып табылады, бұрышта орналасқан екі көршілес үстелдің арасы кемінде 2 метрден тұруы қажет.


Информатика кабинетінде қатармен орналастыру ұсынылмайды, себебі іс жүзінде компьютер тұрған үстелдердің арасына 2 метрден қамтамасыз ету өте қиын.
ОЖО-ны орналастыруда мына санитарлық-гигиеналық талаптар қойылады:
- периметр бойымен орналастыру кезінде мына аралықты сақтаған жөн: терезе ойығы бар қабырға мен компьютер тұрған үстелдердің арасы – 0,8 метрден кем болмауы тиіс; терезе ойығына қарама-қарсы қабырғалар жанындағы үстелдер 0,1 метр қашықтықта орнатылуы керек;
- оқушылардың кабинеттегі жұмыс орны мұғалімнің және оқушылардың сабақ үстінде жұмыс орнына еркін жетуді қамтамасыз етіп, оқушылар мен мұғалімнің белсенді қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беруі қажет.
Оқушыларды дұрыс отырғызу – мүшелер мен ағза жүйесінің қалыпты қызмет етуіне, қабырға мен көз қызметінің бұзылуын алдын алуға, денсаулықты және жұмыс қабілеттелігін сақтауға әсер етеді. Оқушылардың дұрыс орналастырылуын жоғарыда аталған талаптарға сәйкес орындық пен үстелдің таңдалуы қамтамасыз етеді.
Дұрыс отырғызу кезінде оқушылар тік, еңкеймей отыруы керек. Арқа жауырынның төменгі бұрыштары тұсына тіреліп, білек иықтан төмен тік бұрыш жасап, пернетақта орналасқан үстел бетіне тірелуі тиіс, сол арқылы иық пен қол бұлшық етінен статикалық күш түседі. Орындықтың ұшы оқушыға қарама-қарсы тұрған үстелдің ұшына 5-7 см-ге кіруі керек. Жіліншік пен жамбас арасында түзілге бұрыш 90-120° болуы керек, табан еденге немесе аяқ қойғышқа тірелуі керек. Бейнемонитор экраны мен көздің арақашықтығы 60-70 см құрауы қажет.
Информатика кабинетін жарықтандыру
Информатика кабинеті табиғи және жасанды жарықтандырылуы қажет. Әлсіз жарықтандыру кезінде бейнетерминалмен жұмыс күрделене түсіп, көздің көру қабілеті әлсірейді.
Жасанды жарықтандыру кезінде люминесцентті шамдарды пайдалануға болады. Жергілікті жарықтандыру шамдарынан қатты қыздырылатын, соның ішінде энергияны үнемдеуші шамдар қолданылады.
Табиғи жарық солтүстікке және солтүстік-шығысқа бағытталған терезелер арқылы түседі. Табиғи жарықтың басым бөлігі сол жақтан, кейде оң жақтан да болуы ықтимал. Жарықтың негізгі ағысы алдынан және артынан болмауы керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет