Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемесі



бет1/4
Дата18.12.2022
өлшемі29,71 Kb.
#58018
  1   2   3   4
Байланысты:
О ушылар жымын алыптастыру ж не зерттеуді дістемесі


Әлихан Бөкейхан Университеті


СОӨЖ №9

Тақырып: Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемесі

Орындады:Қыдырхан С
Қабылдады: Жайргазина Нургуль Токановна 



Кіріспе
Негізгі бөлім;
Оқушылар ұжымы
Оқушылар ұжымын қалыптастыру
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру
Ұжымның даму кезеңдері
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

ҰЖЫМ ДЕГЕНІМІЗ- АДАМДАРДЫҢ ЖАЙ ҒАНА ЖИЫНТЫҒЫ, НЕМЕСЕ КЕЗДЕЙСОҚ ТОПТАСА САЛУЫ ЕМЕС, ОЛ ЖАЛПЫ МАҚСАТҚА ЖЕТУДІ АЛҒА МІНДЕТ ЕТІП ҚОЙҒАН, ҚОҒАМҒА ПАЙДА ТИГІЗУГЕ ҰМТЫЛУШЫЛАРДЫҢ ТОБЫ
А.С.МАКАРЕНКО


Оқушылар ұжымы - тәрбиенің шешуші факторы және біздің қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдастырудың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкіншілігін ұжымынан алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды.
Қоғамда ұжымдарды ортақ іс-әрекеттерінің түрлеріне қарай ажыратады. Мысалы, кәсіпшіл ұжымдар (өндіріс, шығармашылық, әскери, оқу орындары), қоғамдық ұйымдар (партиялар, халық конгресі, бірлестіктер, кәсіподақтар), ерікті қоғамдар (ғылыми, ғылыми-насихат, әскери-спорт), өз әрекетімен істеуші ұжымдар( көркемөнерпаздар, коллекционерлер) және т.б.
Осы жағдай талабына сай ұжым балаларды қоғамдық өмір мен өндіріске дайындаудың мүмкін болатын бірден-бір құралына айналады. Оқушылар ұжымы баланың өмірін, оқуын, еңбегін жасампаздығын, күш-қуат мәдениетін, ойын ұйымдастырудың ең тиімді құралы.
А.С.Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығын ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейірімді адам болу жеткіліксіз, ол ұжым мүддесімен өмір сүре білуі қажет. А.С.Макаренко жеке адам тәрбиесінің қоғамдық бағыттылығы тұрғысынан ұжымның кейбір сапасын, яғни белгілерін көрсетті.
1.Ұжым тәрбиенің мақсаты мен объектісі. Жеке адам ұжымнан тыс дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбекті ұйымдастыруға біріктіреді.
3.Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлігі.
4.Ұжымның өзін-өзі басқару органдары және өкілдері – ұйымдастырушылары болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет