Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Бауыр мен қарын безінің қызметі



бет16/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32
2. Бауыр мен қарын безінің қызметі.
Бауыр-бұл адам органимнің ең үлкен безі. Ол бірте-бірте өседі: жаңа туған сәбидің бауыры 150гр, 3 жасар балада -450 гр, жыныстық кемелдену кезеңінде-1300-1400 гр, ал 25 жастағыда-1500 -1600гр. Бірақ 8 жасар баланың бауыры формасы жағынан ересектің бауырынан айырмашылығы болмайды.
Бауыр өт жасап, оны бөліп отырады, сондай-ақ қанмен келетін улы заттарды залалсыздандырады. Бұл оның кедергілік қызметі деп аталынады. Бұдан өзге ол көміртек, май, белок алмасуларына қатысады. Қанға көп мөлшерде енетін глюкозадан (0,1 процент жоғары) бауырда қанда қант жетпеген жағдайда пайдаланылатын гликоген түзіледі.
Бауырдан өт шарана кезден бастап бөлінеді, ал мектеп жасындағы балаларда бұл процесс ересектердегіден ешқандай айырмасыз болады. Өт түзілуі бауырға қанмен келетін өт айдайтын әртүрлі заттардың әсерімен үздіксіз жүзеге асып отырады.
3. Ас қорыту жүйесі мүшелерінің өзара іс-әрекеті.
Қарын сөлінің бөлінуін зерттеу үшін И.П. Павлов жалған тамақтандыру тәсілін пайдаланды. Иттің қарынына хирургиялық жолмен фистула орналастырылды, ал кесілген өңештің екі ұшы теріге жалғастырылды. Сол кезде тамақ қарынға емес, жерге түсіп отырады. Ит тамақ жегенмен тойынбайды. Ал қарында сөл бөлінеді. Бұл жағдайда сөл рефлексті түрде бөлінеді. Егер алдын ала қарынды нервтендіретін кезеген нервіні алып тастаса сөл бөлінбейді. Себебі қарын бездеріне қарын сөлдерін бөлуді тудыратын импульстер келіп түспейді. Тәжірибелердің нәтижесінде И.П. Павлов қарын қызметінде екі фаза бар екендігі анықтады. Біріншісі-нервтік немесе күрделі рефлексті фаза, ол рефлексті механизмге байланысты болып келеді. Осындай тәсілмен алынған қарын сөлі ерекше бағалы болады, өйткені ол ферменттерге бай.
Ас қорыту жүйесінің барлық бөлімдері бір-бірімен өзара қарым-қатынаста болады. Мысалы, қарын асты безінің сөлі рефлексті түрде кезеген және симпатикалық нерв арқылы да, сондай-ақ гуморалді түрде жиырма елілік ішектің қабырғасына тамақ өткен кезде тұз қышқылының әсерінен пайда болатын зат арқылы да алынады. Майды бөлшектейтін ферменттердің белсенділігі өттің әсері арқылы артады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет