Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдары


Ішкі секреция бездері мен гормондар



бет17/32
Дата16.10.2023
өлшемі82,61 Kb.
#116640
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
4. Ішкі секреция бездері мен гормондар.
Сыртқы ортаға шығару өзегі болмайтын бездерді ішкі секреция бездері немесе эндокриндік бездер деп атайды. Эндокриндік бездердің секреті тікелей қанға, лимфаға немесе ми сұйықтығына шығарылады. Олар басқа мүшелер мен тканьдердің әртүрлі қызметіне арнайы әсер етеді, сондықтан оларды гормондар деп атайды. Гормондардың бір тобы мүшелердің, мүшелер жүйелерінің және тұтас алғанда бүкіл организмнің өсуі мен қалыптасуын тездетеді, келесі тобы зат алмасуын реттейді және т.с.с. Олар клетка ішіне еніп, ондағы өтетін процестерге әсер ете алады. Эндокриндік бездер нерв жүйесімен қатар организмнің сыртқы әсерден болатын стресс (зорығу) жағдайында бейімделушілік реакцияларын қамтамасыз етеді.
Ішкі секреция бездері әрекетінің бұзылуы бүкіл организмде өзгеріс туғызады. Қанда гормондар көп болуын гиперфункция, аз болуын-гипофункция деп атайды. Екі жағдай да емдеуді қажет ететін ауру пайда болады.
Кейбір гормондардың химиялық құрамы жақсы зерттелген, сондықтан бұл оларды синтетикалық жолмен алуға мүмкіндік берді. Эндокриндік бездер организмде бұлайша орналасады: 1) ми да- гипофиз бен эпифиз; 2) мойын мен кеуде қуысында- қалқанша қосымша және айыршық бездері; 3) құрсақ қуысында- ұйқы безі мен бүйрек безі; 4) жамбас және жамбас мүшелерінде-ұрық және аналық бездері.


5.Бездердің өзара байланысы және олардың әрекетінің реттелуі.
Организмдегі ішкі секреция бездері өзара тығыз байланысты және бір-біріне әсер етеді. Мәселен, бір бездің гормондары екінші без гормондарының әрекетін қоздырады немесе тежейді: гипофиздің гормондары қалқанша, бүйрек, ұйқы, жыныс бездерінің жұмысын реттейді және керісінше болады. Ішкі секреция бездері бір-бірінің жұмысын кері байланыс принципі бойынша реттейді, яғни бір бездің гормоны екінші бездің жұмысын күшейтеді, ал бұл бірінші безге тежеуші әсер етеді, сөйтіп бірінші бездің екінші безді қоздырушы әсерін кемітеді.
Бездер қорғаныш денелерді жинақтауда маңызды роль атқарады. Мұндай денелерді жинақтауда маңызды роль атқарады. Мұндай денелер организмнің сыртқы орта факторларының атап айтқанда, инфекцияның әсеріне төзімділігін арттырады. Организмдегі гормондар тепе-теңдігінің бұзылуы оның дене және психикалық дамуына, жыныстық жетілуіне, жүректің, ішектердің әрекетіне ғана емес, сонымен бірге көптеген басқа да мүшелер мен жүйелердің атқаратын қызметіне әсер етеді. Мұндай ауытқушылық денсаулық жағдайының өзгеруіне және аурудың пайда болуына әкеп соғады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет