Жаратылыстану және ауылшаруашылық ғылымдарыфакультеті
( факультет атауы)
«Биология және ауылшаруашылық пәндері» кафедрасы (кафедра атауы)
“Бекітемін”
____________________
Факультет деканы Е.Кабиев
«____»_____________ 2021 ж.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені (ПОӘК)
OFD 1220 «Оқушылардың физиологиялық дамуы» пәні бойынша Барлық педагогикалық мамандықтары үшін
Атырау, 2021
Құрастырушылар: Биология және ауылшаруашылық пәндері кафедрасының
аға оқытушысы, биология магистрі Жагыпарова Жанаргул Жақсылыққызы,
Аннотация: «Оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктері» пәні бойынша пәнінің оқу -әдістемелік кешені студенттер үшін пәннің оқу жұмыс бағдарламасынан (Syllabus), пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу картасынан, пәнді оқыту бойынша әдістемелік ұсыныстар, дәріс кешенінен, зертханалық сабақтар жоспарынан, студенттердің өзіндік жұмыстары және студенттердің оқытушымен өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалардан, емтихан және тест сұрақтарынан, арнайы аудиториялар тізімінен тұрады.
«Оқушылардың физиологиялық даму ерекшеліктері» пәнінің негізі мақсаты-оқушылардың анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктері, әртүрлі жастағы өсу мен даму заңдылықтары, өскелең организмнің қоршаған ортамен қарым-қатынасы, мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту, олардың оқып-білім алу барысында жұмысқа қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету жолдарының, баланың жасына лайық білім беріп, ақыл ойын дамыту, дені сау, сымбатты етір өсірудің ғылыми негіздері туралы педагогикалық мамандықтар бойынша оқып жатқан студенттерге білім беру.
ОӘК жоғарыда келтірілген тараулар бойынша бағдарламаға сәйкес жасалды. Пәнді оқыту барысы дәріс, практикалық сабақтары болып жалғасады.