149
Шеміршектің тереңгі қабатында жасуша аралық заттары –гиалин
орналасқан. Гиалин – хондринді талшықтардан (препаратта кӛрінбейді)
және негізгі заттардан тұрады. Жасуша аралық заттарда шеміршек
жасушалары – хондроциттер орналасқан. Үстіңгі беткейлікке жақын
олардың пішіндері ұршық тәрізді, тереңгі қабатта пішіндері сопақша, ал
ядролары дӛңгелек болады. Қуыста жатқан жасушалар тобы – изогенді
топтар деп аталады. Олар бастапқы жасушаның бӛлінуі нәтижесінде пайда
болды. Үлкен ұлғайтқышпен препаратты қарап, шеміршек құрылымының
суретін салыңдар.
4 Препарат.
Адамның сан жілігі сүйегінің кӛлденең кесіндісі (сүйек
ұлпасы).
Бояуы: тионин-пикрин қышқылы.
Сүйек ұлпасы - дәнекер ұлпаның түрі, ондағы жасуша аралық заттар
минералданған. Сыртында сүйек қабығы жатыр. Ол тығыз талшықты
дәнекер ұлпалар мен жас сүйек жасушалары – остеобластардан тұрады.
Сүйек қабығында қан тамырлары кӛп. Остебластар сүйек ұлпаларын бӛледі
және оған оранып, остеоциттерге айналады. Сүйек қабығының астында
бірнеше қатар болып параллельді сүйек пластикалары орналасады. Сондай
бірақ, ішкі сүйек пластикалары сүйек майы жағында орналасқан.
Остеоциттер пластинкалар арсында орналасқан. Олардың сүйек
каналдарына енетін ӛсінділері кӛп. Сүйек пластинкасының ортаңғы
қабатында каналды қоршаған сүйек пластинкасының шоғырын кӛреміз,
онда қан тамырлары ӛтеді. Бұл түзілісті остеоном немесе гаверсов жүйесі
деп атайды. Остеоном араларында қоспа пластинкалар орналасқан. Кіші
ұлғайтқышпен жалпы құрылысын қарап, ал үлкен ұлғайтқышпен қарап
суретін салыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: