Байланысты: Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ
мезенхималық, эпидермальді, нейральді болып жіктеледі.
159
Мезенхималық ет ҧлпасы – онда миоциттерінің ұзындығы 20-500
мкм, ені 5-8 мкм, жіп тәрізді жасушалар. Ядросы таяқша пішіндес, миоцит
жиырылған кезде пішіні ӛзгеріске ұшырайды. Органоидтардан ең кӛбі
митохондрия, Гольджи комплексі мен түйіршікті эндоплазмалық тор нашар
дамыған, бірақ бос рибосомалары болады. Миоциттердің цитоплазмасында
актин филаменттері ұзыннан орналасып, плазмалеммаға арнайы тығыз
денешіктер арқылы байланысады. Миозин мономерлері актинмен қатарласа
орналасады. Жүйке импульсі миоциттерге жүйке талшықтары арқылы
келеді. Жүйке талшықтарының терминальді бӛлігінен келген медиаторлар
плазмолемманың пішінін ӛзгеріске ұшыратып, ойыстар (кавеола) пайда
болады.
7 – сурет. Бірыңғай салалы бҧлшық ет ҧлпасының жасушалары ( http://www.claw.ru/a-man/1140.htm ). Ойыста кальций иондары жиналып, цитоплазмаға қарай кӛпіршік
түрінде ӛтеді де, кальций иондары кӛпіршіктен босап, миозин мен актин
филаменттерін әрекеттестіреді (полимеризация). Осының әсерінен миоцит
қысқарып жиырылады. Жүйке жүйесінен сигналдар тоқтаған кезде,
ойыстардан кальций иондары кӛшіп (эвакуация), миозин филаментінің
әрекеттесуі
тоқтайды
(деполимеризация).
Сонымен,
актин-миозин
комплексі бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасындағы миоциттердің
жиырылуы кезінде ғана жүреді.
Миоциттер бір-бірімен нексустар арқылы байланысады. Әрбір
миоциттердің сыртын базальді мембрана қоршайды. Ал, миоциттер
160
тобының сыртына эластинді, ретикулярлы талшықтар торы орналасып
жалпы ұлпалық комплексті құрайды.