162
Микроскоппен жҧмыс істеу:
1 Препарат
. Тегіс салалы бұлшық ет.
Бояуы: гематоксилин-эозин.
Бұл ұлпалар типінің құрылымы жасушалық және мезенхимадан
дамыған. Препараттағы тегіс салалы бұлшық ет талшықтарының шоғырын
табыңдар. Талшық жасушалары – миоциттер –
олардың пішіні ұршық
тәрізді, ядролары жасуша ортасында орналасқан, пішіндері эллипс
тәрізді. Тегіс салалы бұлшық ет ұлпаларын бірінші қатардағы және екінші
қатардағы шоғырға бӛліп тұрған коллагенді және эластикалық
талшықтардан тұратын дәнекер ұлпалар қабатын белгілеңдер. Ұлпаның
кӛлденең және бойлай кесілген фрагментінің суретін салыңдар.
2 Препарат
. Кӛлденең жолақ бұлшық ет.
Бұл ұлпалар типі мезенхимадан дамыған, құрылымы симпластикалық,
яғни жасушалар арасында шекарасы жоқ. Оның құрылымдық және
функционалдық бірлігі – кӛлденең жолақты бұлшық ет талшықтары.
Талшықтар қабықшамен қоршалған – саркалемма,
оның астынғы жағында
ядро орналасқан.
Бұлшық
ет талшықтарының цитоплазмасында
(саркоплазмада) миофибрилдер қатарласа орналасқан. Олардың рет-ретімен
орналасқан бӛліктерінің оптикалық қасиеттері әртүрлі: А дискісі –
анизотропты (қара) және И дискісі – изотропты (ашық). Ұлпаның кӛлденең
және бойлай кесілген фрагментінің суретін салыңдар.
3 Препарат
. Жүректің кӛлденең жолақ бұлшық еті.
Бұл да кӛлденең жолақ бұлшық ет. Бірақ мұнда бұлшық ет
талшықтарының құрылысы жасушалық болып келеді. Микроскоптағы
үлкен ұлғайтқышта енгізілген дискілері кӛрініс береді (талшықтарды бӛліп
тұрғандай). Олар кӛрші жасушалардың шеті болып саналады, яғни бір
жасушаның миофибриласы кӛрші жасушаға енбейді.
Әрбір бұлшық ет
жасушасының сарколеммасы, саркоплазмасында орналасқан сопақ ядросы
мен миофибриласы, ортасында жатқан талшықтары бар.Талшықтары
тарамдалып, тор құрайды. Миокардтың бойлай кесілген кесінді бӛлігінің
суретін салыңдар.
Достарыңызбен бөлісу: