108
Безді эпителий
Организмдегі бездердің негізгі массасын безді эпителий құрайды.
Бездегі эпителий жасушаларының қызметі — организм тіршілігіне қажет
заттарды жасушаларда синтездеп, олардан бӛліп шығару. Бездер
организмде секрет бӛлу қызметін атқарады. Олардың кӛпшілігі — безді
эпителийдің туындысы. Бездердің кӛпшілігі қалыптасқан жеке мүшелерге
жатады. Мысалы, ұйқы безі, ірі сілекей бездері, қалқанша без.
Басқалары мүшелердің бӛлігі болып саналады (мысалы, асқазанның
бездері).
Бездер
экзокриндік
және
эндокриндік
болып бӛлінеді. Экзокриндік
бездер секрет түзуші бӛлімі мен шығарушы ӛзектен тұрады (4-сурет).
Экзокриндік бездердің классификациясы осы бӛлімдерінің құрылысына
негізделген. Эндокриндік бездер тікелей қанға түсетін гормондарды бӛледі.
Эндокриндік бездер, безді жасушалардан тұрады және олардың шығару
ӛзектері болмайды. Бұларға жататындар гипофиз, эпифиз, калқанша және
қалқанша маңы бездері, бүйрек үсті бездер, ұйқы безінің Лангерганс
аралшықтары т. б. жатады. Осылардың бәрі организмнің эндокриндік
жүйесін құрайды. Экзокриндік бездер сыртқы ортаға яғни эпителиймен
астарланған органдардың қуыстарына немесе терінің бетіне шығарылатын
секреттер бӛледі.
Экзокриндік бездер
Достарыңызбен бөлісу: