Жаратылыстану және география институты тҧңғышбаева З. Б. Цитология және гистология



Pdf көрінісі
бет91/157
Дата25.11.2023
өлшемі6 Mb.
#125829
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157
Байланысты:
Цитология және гистология оқу құралы 2017 - лаб. сабақ

Кӛп қабатты эпителий
 
Кӛп қабатты эпителий тӛменгі сатыдағы жануарларда кездеспейді, 
оларда бір қабатты эпителий ғана болады. Кӛп қабатты эпителий 
жасушалардың кӛп қабатынан тұрады, олар тереңгі қабаттағы базальді 
мембранаға орналасқан. Құрылыс ерекшеліктеріне байланысты кӛп 
қабатты эпителий сіңіру процесін тиімді қамтамасыз ете алмайды және 
секрет бӛлу қызметіне нашар бейімделген (2 - сурет). 
 
 
 
 
А Б 
 
Сондықтан, кӛп қабатты эпителийдің бетіне секрет, оның астында 
орналасқан бездердің ӛзектері арқылы келіп отырады. Негізінде, кӛп 
қабатты эпителий қорғаныш қызметін атқарады. Кӛп қабатты эпителийдің 
2 - сурет
 
А - кӛп қабатты ауыспалы 
эпителий;
 
Б – кӛп қабатты 
мүйізденбейтін эпителий
.
 


106 
үш түрі бар: ауыспалы эпителий, мүйізденбейтін және мүйізделетін (2 - 
сурет). 
 
Кӛп қабатты ауыспалы эпителий 
зәр шығару
 
жолдарын (бүйрек 
қуысы, қуық, несеп ағар) астарлап жатады. Эпителий негізінде үш 
қабаттан тұрады: базальді, аралық, үстінгі. Аралық қабат несептің 
жиналып шығуына байланысты ӛзгеріп отырады. Қуық толып созылғанда 
аралық қабат бір қатар клеткалардан тұрады, ал босап жиырылғанда 
аралық қабаттың клетка қатарлары кӛбейіп, қуық қабырғалары 
қалыңдайды. 
 
 Кӛп қабатты мҥйізденбейтін эпителий.
Бұл эпителий механикалық 
әсерге ерекше қатты ұшырайтын ылғалды жабынды беткейліктерге тән. 
Ылғалға қажетті сұйық, эпителийдің астындағы борпылдақ дәнекер ұлпада 
орналасқан бездерден келеді. Эпителийдің бұл түрі ауыз бен ӛнештің ішкі 
қуысын, қынапты, кӛздің мүйізді қабығының бетін, тік ішектің артқы бӛлігін 
астарлайды. Эпителийдің осы түрінде жасушалардың үш қабаты болады: 
базальдық қабат, кӛп бұрышты немесе тікенек тәрізді жасушалар қабаты, 
жалпақ жасушалардан тұратын үстіңгі қабат.
 
Базальді қабат, негізінен мембрананың үстінде орналасқан митоз 
жолымен жедел кӛбейетін цилиндр тәрізді жасушалардан тұрады. Базальді 
қабаттың жасушалары базальді мембранаға арнайы құрылымдармен бекіген. 
Жасушалардың ортаңғы қабаты немесе кӛп бұрышты жасушалар қабаты 
десмосомалармен жабдықталған жіңішке ӛсінділермен байланысқан кӛп 
бұрышты жасушалардан тұрады. Жасушалардың арасында эпителиальді 
жасушалардың қалың қабатының қоректенуін қамтамасыз ететін, ұлпалық 
сұйық ағатын, жасуша аралық кеңістіктер болады. Кӛп бұрышты жасушалар 
қабатындағы жасушаларда, Гольджи аппаратының кӛмегімен жасуша 
аралық цемент деп аталатын затты синтездейді. Кӛп қабатты мүйізделмейтін 
жалпақ эпителийдің үстіңгі қабаты жалпақ жасушалардан түзілген, солардың 
ең үстінгілері оқтын-оқтын түлеп түсіп отырады. Түлеп түскен 
жасушалардың орнын тӛменгі жаңа жасушалар басады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   157




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет