Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Қорғалатын өсімдіктер және жануарлармен танысу. (5 сағат)



бет18/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81
9. Қорғалатын өсімдіктер және жануарлармен танысу. (5 сағат)
Қорғауды қажет ететін өсімдіктер: ақбас селеу, тобылғы, ұйқы шөп, тұңғыйықтар, меруертгүл, т.б. Олардың сыртқы құрылыстары және көбею ерекшеліктері. Осы өсімдіктермен байланысты аңыздар мен әңгімелер.
Шипалы өсімдіктер: жолжелкен, мыңжапырақ, қалақай, таусарымсағы, итмұрын, жалбыз, түймедақ. Олардың маңызы, қасиеттері, жинау ережесі. Шипалы өсімдіктерді қорғау.
Қорғалатын жануарлар: көбелектер ''махаон'', ''мүйізтұмсық'' қоңыз, ''бұғы'' қоңыз, тау бүркіті, қоқиқаз, арқар, күзен, мәлін, қарақұйрық, т.б. Олардың ерекшеліктері, таралуы, мінез-құлқы. Бұл жануарлардың сандарының қысқару себептері және оларды қорғау (қаралатын тізім мұғалімнің ұсынысы бойынша өзгеруі мүмкін). Бұлғындарды, құтандарды құтқару тарихы –жануарларды қорғаудағы адамдардың қызу еңбегінің мысалы.
Ботаникалық бақтар мен зоопарктерге ойша саяхат (мұғалім немесе оқушылардың қалауы бойынша өз еліміздегі немесе дүние жүзіндегі 3-4 ботаникалық бақ, зоопарктермен танысу).
10. Құстарға қамқорлық жасаймыз (1 сағат).
Жасанды құс ұяларын, құс асханасын жасаудағы тәрбиелік жұмыс, күзде жиналып, кептірілген өсімдіктердің жемістері мен тұқымдарын жемтақтаға шашқызу қыс айларында, ал көктемде ұя ілу.
11. Өз білгенімізді басқа балаларға үйретеміз (3 сағат)
Үлкендер мен балаларға арнап экологиялық ескерткіштер мен табиғатта өзін-өзі ұстау ережелерін көрсететін шартты белгілерді оқушыларға жасату.
Мектеп жасына дейінгі балалар мен басқа класс оқушыларына арнап экологиялық мәні бар әңгіме, ертеңгіліктер, КВН, шоу дайындап өткізу.
Оқушылармен бірігіп басқа класс оқушылары және мектеп жасына дейінгі балалармен табиғатқа топсеруендер жасау. Мұнда

  1. Табиғаттың жай-күйі және адам денсаулығының арасындағы байланыс (2 сағат).

Қоршаған ортаның ластануының адам денсаулығына тигізетін әсері (теріге, тыныс алу жолдарына, ас қорыту мүшелеріне). Зиянды заттардың адам ағзасына ену жолдары (ауа, су, тағаммен). Денсаулыққа зиянды ластануды азайту жолдары (тұрмысқа қажетті суды тазалау, фильм көрсету. Өз үлескілерінде зиянды заттарсыз өсірілген көкөніс пен жемістерді қолдану).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет