ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі
5В010200
Алғы сөз
Бастауыш мектепте дүниетануды оқытудың теориясы мен технологиясы
Автор
КІРІСПЕ
Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту пәні және оның міндеттері
Табиғаттың даму заңдылықтарын ашуда дүниені ғылыми танытуда табиғат жөніндегі ғылымдар қазіргі кездегі ғылыми-техникалық прогрестің бағытын анықтайды.
Дүниені тани білуге ұйретіп, қоршаған денелермен құбылыстарды ғылыми зерттейді және қорытындылап, нәтижесін шығарады.
Дүниетану оқу пәні ретінде жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланысты. Оның ғылымилығы фактілер арасындағы қатынасты дұрыс түсіндіруінде. Бұндай байланыстарды зерттеу белгілі заңдылықтарды ашуға, ал олар кезекті жаңа технологияларды қалауға және болжауға мүмкіндік береді.
Мектептің алдындағы міндет- ғылыми ойларды жылдам және түсінікті етіп, қоғам жетістігіне, ең алдымен бірінші кезекте тез қабылдайтын және оқу оқитын бөлігіне жеткізу. Адамның білім қоры жоғары. Сондықтан осы ұлан ғайыр қордан жас буынға керек минимумды таңдап ала білу маңызды. ғылым негіздерін игертуде жақсы нәтижелер беретін оқыту әдістері мен тәсілдерін таңдап алу педагогиканың негізгі міндеті. Нақты оқу пәніндегі ғылыми білім негіздерін берудің жолдар мен әдістерін зерттейтін және анықтайтын, оның тәрбиелік маңызын ашатын оқыту әдістемесі.
Жаратылыстану әдістемесінің негізгі міндеттерінің бірі – жаратылыстанудың ғылым ретінде және жаратылыстану оқу пәні ретінде екеуінің арасындағы байланысты анықтау. Табиғат жөнінде мәліметтердің көлемі ғаламат үлкен. Соған байланысты әдістеменің міндеттері болып оқу пәнінің мазмұнын құратын оқу материалдарын ғылымилық және түсініктілік принциптерінде таңдау, оны топтастыру және талдау, материалды оқытудың кезектілігі мен жүйелілігін анықтау. Кең жаратысыстану материалдары ішінен мектепте оқытуға осы ғылымның негізін құратын ұғымдар ғана таңдалып алынған. Табиғатты және адамның шаруашылық әрекеттерін оқи отыра, оқушылар тек қана жаратылыстану білімін алып қоймайды, сонымен қатар күнделікті өмірге қажетті іскерлік пен дағды қалыптастырады.
Ғылым негіздерін игертуде неғұрлым тиімді әдістер мен тәсілдердің нұсқауларын жасау әдістеменің маңызды міндеттерінің бірі. Ол мұғалімге ғылыми материалды оқушыға түсінікті етуді нұсқайды, жаратылыстану ұғымдарын қалыптастыру және дамытуға мүмкіндік береді, табиғат жөніндегі ғылымдардың пән ретінде негізін даярлайды.
Дүниетануды оқыту әдістемесінің мазмұны:
Дүниетанудың білімділік және тәрбиелік маңызын анықтау. Басқа пәндермен байланысы негізінде бұл пәннің мектеп жүйесіндегі білім берудегі қандай маңызы барлығы жөнінде нақты білу;
Дүниетануды оқыту әдістемесінің негізгі зерттейтіні білім игертуді неғұрлым тиімді және аз уақыт жұмсап жүргізу әдісі;
Дүниетану ғылымдарының әр саласынан оқу материалын негізгі принциптер бойынша іріктеп алумен танысу;
Оқу материалының тиімді топталуын, пәнаралық байланыс және оқытудың жүйелілігін анықтау;
Оқыту үрдісін ұйымдастырудың негізгі формаларымен танысу;
Дүниетануды оқытудың материалдық базасы, оқыту құралдары және кабинеттің жабдықталуымен таныстыру.
Дүниетануды оқыту әдістемесі жаратылыстанудың басқа салаларымен тығыз байланысты: биология, география, химия, физика, астрономия, экология. Осы пәндерді оқытуға арналған әдістер және оларды оқыту құралдарын дүниетану әдістемесі де пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: |