Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі


Дүниетану сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір жолдары, тақырыпты экологиялық бағыттау



бет20/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81
Дүниетану сабақтарында экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір жолдары, тақырыпты экологиялық бағыттау.

  • Экологиялық карточкалар қолдану (тақырыпқа байланысты: насихаттайтын, тыйым салатын, 1 қосымшада)

  • Тақырыптар бойынша қорек тізбектерін, қорек пирамидасы құрастыру. ''Бидай – тышқан – түлкі – бүркіт'', ''Балдыр – балық - шағала'', «өсімдік- маса, шегіртке- инелік» т.б.

  • Экоситуациялар (жағдаяттар) тудыру, олардың себептерін ашқызу, болдырмау жолдарын қарастырғызу.

''Су қоймалары'' тақырыбына жағдаят.
Мұхитта мұнай тасымалдайтын танкер күйреп, 50 тонна жағар май суға төгілді. Судағы өсімдіктер мен жануарлар жойылып, су өлі суға айналды. Неге тіршілік жойылып кетті? Жойылмау жолдарын қарастыр. (Қысқаша оқушылардан күтілетін жауаптың мазмұны: Жағар май су бетін қаптайды, Күн сәулесі және ауа суға өте алмайды. Ал тіршілікке жарық пен ауа керек. Май судан жеңіл болғандықтан су бетін басады.
Жойылу болмас үшін жедел суды тазалау, мұнайдан арылту жүргізілуі қажет. Алдын алу үшін мұнай тасымалдайтын танкер жолға шығар алдында толық ақаулығы жоқтығына тексеруден өтілуі керек. Апаттың болуына адам өзі себепкер, салғырттық).

  • Қызықты экологиялық жарнамалар, қылмысты істер хроникасын құрастырғызу, ''Су қойма өсімдіктері мен жануарлары'' тақырыбы бойынша мысал:

''Сәуір айы болатын. Белгісіз біреулер Ертіс өзеніне келіп, балық аулап кетіпті. Қаншама балық дүниеге келмей қалды! Көктемде балық аулаушыларды көрсеңіздер мына телефондарға хабарларыңыздар: 02, 03.''
''Жануарлардың көктемгі тіршілігі'' немесе ''Туған жерге оралды'' тақырыбында. ''Қараторғай баспана іздейді. Баспана беріп, көмектесемін деушілер мына телефондарға хабарласыныздар: 11 - 22 – 33, ''жыл құстары ұйымына''.

  • Тақырыпқа байланысты экологиялық әңгімелер, ертегілер құрастыру.

''Тасбақа суға түсіп, жағада жатып күнге күюге теңізге келеді. Суға күмп ете түскенде, су астындағы консерві қалбырына аяғын тіліп алып, жағаға шығып, жылап отырды. Су шетіне алабұға балығы келіп, ''Неге ренжіп отырсың, тасбақа?'' – деп сұрады. ''Аяғымды жаралап алдым, суға түсемін деп,'' - деді тасбақа''. Балалар, осы ертегіге жақсы аяқтау табайық.
Балалардан күтілетін жауаптың жуықтап алғандағы қысқаша мазмұны:

  • Тасбақаның ренжігенін көріп, алабұға су астындағы басқа жануарларды жинап, оларға болған жағдайды түсіндіріп, суға адамдар тастаған қоқырларды жиып-теріп көмектесулерін сұрапты. Су түбін жақсылап тазалап, қоқырларды су жағасына шығарып үйіпті. Су жағасына ''Адамдар, суды ластамаңдар! Суға қоқырларды тастамаңдар!'' – деген шартты белгі қойыпты. Бұдан былай теңіз жағасына тынығуға келгендер еш қорқынышсыз суға түсе алатын болыпты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет