Жаратылыстану мен дүниетану пәндерін оқыту әдістемесі



бет8/81
Дата25.06.2022
өлшемі460,97 Kb.
#37289
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81

ІІ сынып


Өлі табиғат жөнінде мәліметтер (ауа, су, топырақ). Жаз, күз, қыс, көктемдегі өсімдіктер, жануарлар, құстар және бунақденелірер. Адам ағзасы жөнінде элементарлы мәліметтер.

ІІІ сынып


Жер бетінің географиялық ланшафтының негізгі элементтері (жер бетінің рельефі, минералдар, су, ауа, қарапайым машиналардың құрылысы)
ІV сынып
Адамның табиғатқа әсері. Биология, химия, физика, физикалық география пәндерінен, адам ағзасының құрылысы және өмірі туралы элементарлы мәліметтер.
Сонымен, орта мектептерде жаратылыстану курсының мазмұнын комплексті бағдарламалар өзгертті, жалпы белгілері бойынша ол бастапқыдай болып қалды. Комплексті бағдарламалардың өндірістін бағдар алуы оның бастауыш мектептегі табиғаттану курсының мазмұнын да өзгертті. Пәнді оқытуға жеке сағат бөлінбегенін атап өту керек.
Комплексті бағдарламалар 1931 жылға дейін ғана қолданылды, олар ВКП (б) ның Орталық Комитетінің тарихи қаулысымен бастауыш және орта мектептерден алынды. Бұл қаулының маңыздылығы сол, ол жаратылыстануды пән ретінде қайта енгізді, оны жүйелі оқытуды ұсында. Бұл қаулы бойынша Халық ағарту кимитетінің коллегиясы онжылдық мектепке арнап жаңа тұрақты бағдарламалар құрастырылып бекітілді. Бастауыш мектепке келесі бағдарлама бекітілді.

І класс


Табиғаттағы маусымдық өзгерістермен таныстыру; ауа райындағы, өсімдіктер, жануарлар тіршілігіндегі күзгі, қысқы, көктемгі және жазғы (жазғы тапсырмалар бойынша) өзгерістер. Материалды оқып үйрену табиғаттағы балалардың тікелей бақылаулары, кейбір қарапайым тәжірибелер арқылы жүргізу ұсынылды.

ІІ класс


Маусымдық құбылыстармен таныстыру жалғастырылады. Өзендегі, шалшықтағы, бақтағы, бақшадағы, парктегі маусымдық өзгерістер. Әртүрлі жыл мезгілдеріндегі адамның шаруашылық әрекеттерінің ерекшеліктері. Жабайы және үй жануарлары. Адам өміріндігі жануарлардың маңызы. Көктемгі бақылаулар негізінде қарапайым тәжірибелер жүргізу.

ІІІ класс


Өлі табиғат. Топырақ және пайдалы қазбалар. Су. Ауа. Табиғаттағы электрлік құбылыстар. Өсімдіктер. Соңғы тақырыпты көктемде оқыту.
ІV класс
Жануарлар тіршілігі. Жануарлардың шаруашылық маңызы. Адам денесінің құрылысы және оның тіршілігі. Жеке және көпшілік гигиенасы.
1933 жылы мектептерге арналып тұрақты оқулықтар, соның ішінде төменгі кластарға арналған В.А.Тетюревтің ‘’Бастапқы табиғаттану’’ оқулығы бекітілді.
1934 жылы СССР-дің Халық ағарту комитетінің және ВКП(б) –ның Орталық комитетінің ‘’Бастауыш және орта мектептерде географияны оқыту туралы’’ қаулысы шықты, ол бастауыш мектептің табиғаттану курсына географиялық ұғымдарды енгізді және оның география пәнін оқыту ісінде үлкен маңызы болды. Жаңа бағдарлама бойынша бастауыш мектепте жаратылыстануды оқытуға ІІ класта 2 сағат берілді. ІІІ және ІV кластарда география және жаратылыстану пәндерін оқытуға аптасына 4 сағаттан бөлінді. Курсты оқыту І1 кластан басталды, онда оқушылар қорщаған орта табиғатымен танысты; 111 класта – табиғат құбылыстары және адам ағзасының құрылысымен, 1У класта жануарлар тіршілігі және адам ағзасын оқытудың орнына өлі табиғат жөнінде жеке курс енгізілді (су, ауа, пайдалы қазбалар, топырақ). География сабақтарында Жердің пішіні және қозғалуы жөнінде, климат, Совет Одағының табиғат зоналары жөнінде ұғым қалыптастырылды, сұлба, картамен танысып, бағдарлай алу дағдысы қалыптастырылды.
Жаңа жоспар енгізу бастауыш мектепке жаңа бағдарламалар мен география және табиғаттану оқулықтарын шығару қажеттігін туғызды. Сол сияқты педагогикалық училищелердің жоспарларына сәйкес пәндік әдістемелердің курсы енгізілді, педагог кадрларды даярлау жақсартылды.
Жаңа бағдарламалар мен оқулықтар жаратылыстану әдістемесінің қайта құрылуын қажет етті, практикалық бағытты күшейтті. Осы кезде жаратылыстану әдістемесінің дамуына үлкен үлес қосқан келесі әдіскерлер мен дидактар А.А.Половинкин,К.П.Ягодковский, К. А. Сонгайло, С.А. Павлович және басқалар болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет