Жас ерекшелік психологиясы


Жасқа байланысты өзгерістердің барлық классификацияларын анықтаңыз



бет20/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
43 Жасқа байланысты өзгерістердің барлық классификацияларын анықтаңыз.
Жас кезеңдері негізі даму заңдылықтарымен анықталады.Отандық психологтар бала дамуының әрқайсының өзіндік ерекшелігін, кезеңнің әлеуметтік даму жағдайы және жетекші іс-әрекет түсініктерімен анықтайды.Әлеуметтік даму жағдайы Л.С. Выготскиймен анықталған. «Дамудың ішкі процестері мен сыртқы жағдай үйлесімділігі, ол әр жас кезеңіне тән және сол жас кезеңіне тең психикалық даму динамикасымен шарттасады және жаңа сапалық өзіндік психологиялық жаңалық, яғни соңында байланысты».Жетекші әрекет түсінігі А.Н.Леонтьев еңбектерінде ашылған. Әрбір жас кезіне сәйкес іс-әрекет түрі сәйкес келеді, ол баланың жеке басының дамуына және қалыптасуына, рның танымдық мүмкіндіктеріне әсер етеді.Психологиялық – педагогикалық ғылымның тереңдетіліп дамуына байланысты, жас кезеңдері де зеттелуде. Бұған Д.Б. Элькониннің еңбектері дәлел бола алады.
Д.Б. Элькониннің жас кезеңдері мына кестеде көрсетіледі:
1. Нәрестелік жас туғаннан кейін -1 жас. жетекші әрекеті –эмоциональды қарым-қатынас. Бұл жастағы маңызды жаңалық (жетістік) қарым-қатынасқа деген қажеттілік басқа адаммен.
2. Сәбилік кезең 1-3 жас. Жетекші әрекеті – заттық әрекет. Жетістік сөйлеудің дамуы және көрнекі әрекеттік ойлаудың дамуы.
3. Мектептегі жасқа дейінгі кезең-3-7 жас. Жетекші әрекеті – рольдік ойын. Жетістігі –қоғамдық маңызы, қоғам бағалы іс-әрекетке ұмтылу.
4. Бастауыш сынып оқушысы-7-14 жас. Жетекші әрекеті – оқу. өз процесінде ес қалыптасады., сыртқы әлемнің заттарын меңгереді. Бұл жастың жетістігі болып психикалық құбылыстардың ырықтылығы, ішкі әрекет жоспары, рефлекция алынады.
5. Жеткіншілік жас 11-15 жас. Жетекші әрекеті қоғамда пайдалы іс-әрекет жүйесіндегі қарым-қатынас (оқу, қоғамдық –ұйымдастыру, еңбек т.б.) бұл процесте жеткіншек әртүрлі жағдайдағы қарым қатынас дағдыларын меңгереді. Маңызды жетістіктері болып өзін-өзі бағалаудың қалып, қоршаған адам. Сын көзбен қарау «ересек болуға ұмтылу және ұжым өмірінің нормаларына бағына білу іскерлігі мен дербестігінің қалыптасуы.
6. Балғын жастық шақ 15-17 жас. Жетекші әрекет - кәсіптік оқу, жетістігі: оқу процесінде дүниетанымы, кәсіби қызығушылығын, өзіндік санасы, арман, мұраты қалыптасады.
Бұл классификация жас кезеңдерінің өзгеру механизмін ашуға, диалетикалық материалистік ілгеріге сүйене отырып дамудың қозғаушы күштерінің, яғни жаңа қажеттіліктер мен (оларды бұрынғыша) ескі мүмкіндіктерді қанағаттандыру арасындағы қайшылықтар күресін түсінуше мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет