Жас ерекшелік психологиясы


Бала психикасының дамуының психоаналитикалық теориясын түсіндіріңіз



бет18/23
Дата21.12.2022
өлшемі142,18 Kb.
#58746
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
35.Бала психикасының дамуының психоаналитикалық теориясын түсіндіріңіз.

Балалар психологиясының негізгі мақсаты-бала психикасының дамуын зерттеу.Барлық психологиялық теорияларының қарастыратын мәселесі:қозғаушы күш және психика дамуының қайнар көзі.Соның ішінде адамның бастамасы немесе оның тұқым қуалау негізі және орта (әлеуметтік орта,үйренген тәжірибе).Психологиялық теориялар екі бағытқа бөлінеді.Біріншісі,XVII ғасырда Джон Локк есімімен байланысты.Ол баланы таза тақта (tabula rasa), оған қоршаған орта өзінің мазмұнын жазады.Егер ата-анасы,орта балаға жағымды әсер етсе,онда бала дұрыс болып өседі.Психикалық даму әлеуметтік форма мен тәртіпті меңгеруден тұрады.Екіншісі,XVIII ғ. Ж.Ж.Руссо есімімен байланысты.Ол жаңа туған нәрестеден туа біткен қабілеті мен жағымды нышандары бар жеке тұлғаны көріп бағалады.Тәрбиешілердің негізгі мақсаты-баланың осы туа біткен нышандарына өзгеріс жасамай,табиғи пісіп жетіліп,тәрбиеленуіне назар аудару.Психикалық даму табиғи нышандармен оларды жүзеге асырып қарастырады.Осы бағытқа этологиялық және психоаналитикалық бағыттар жатады:1.Этологиялық бағыттың негізін Конрад Лоренс салды.Ол адам мінез-құлқын жан-жануарлардың мінез-құлық формаларымен қатар қарастырды.Ол Ч.Дарвин теориясын негізге ала отырып,адамды биологиялық өнім ретінде қарастырды.Адамдардың өмірінің басқа жан-жануарлардан айырмасы жоқ.Сондықтан оның мінез-құлқы –түйсіктікті-детерминантты. Ал адамға тән жоғарғы адамгершілік қасиеттер-махаббат,достық,көреалмаушылық,т.б. туа біткен түйсіктер.Олар жеке индивидтің түр ретінде сақталуына бағытталған.Теорияның негізі биологиялық құндылыққа негізделген.Кейбір мінез-құлық формалары дамудың кейбір кезеңдерінде пайда болады,яғни сензитивті кезең.Баланың психикалық дамуы табиғи түйсіктердің қосылуы деп бағалайды этологтар.




36 Когнитивті даму теориясына анықтама беріңіз: түсінігі және ерекшеліктері

Когнитивтік даму - адамның когнитивтік ортасының, атап айтқанда оның қабылдауының, есте сактауының, ойының, тілінін, қиялының қалыптасуы мен дамуы процесі. Когнитивті лингвистика – тіл білімінің жаңа бағыттарының бірі антропоцентристік парадигманың қатарына жататын тоғыспалы ғылым саласы. Когнитивтік лингвистика тілдің танымдық табиғи болмысын зерттейтін ғылым.Қазіргі тіл ғылымында когнитивті лингвистика қатты дамып, оның салалары категориялау теориясы, тілдік тұлға, концептуалды метафора, когнитивті–дискурсивті теория, когнитивті семантика, тағы басқалары сараланып кетеді.Когнитивтік лингвистика сияқты психолингвистика, этнолингвистика, соцлингвистика ғылымдарының пайда болуы тіл білімінде үлкен өзгеріс тудырды.Когнитивтік лингвистиканың негізгі кұралдары: есте сақтау бірліктері - таным, гештальт теориясы, тілдік сана және т.б. Когнитивтік лингвистика дүние бейнесін сипаттауға бағытталады.Дүние туралы белгілі бір дүниетанымның қалыптасуы психикалық сәулеленудің үш деңгейінің өзара қатысымдылығына байланысты: сезімдік қабылдау деңгейі, қабылдауды қалыптастыру деңгейі, сөйлеу-ойлау процесс деңгейі.Когнитивтік лингистикада тілдің таным кұралы және танымның алғы шарты екендігі басты назарда ұсталынады. В. Гумбольдт кезінде тілдің адам болмысы мен танымының барлық аясын қамтитын адами рухтың басты қызмет екендігін баса көрсеткен болатын.Когнитивтік лингистиканың негізгі үғымдары: ойлау, білім, когниция, дүниені тілдік көру, менталдылық, концепт т.б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет