Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых


Шоқай сынды арыстарымызға күйе жағуға жол бермеуіміз керек



Pdf көрінісі
бет136/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Шоқай сынды арыстарымызға күйе жағуға жол бермеуіміз керек. 
Алаш 
ардақтыларына сыни пікір айтылып, оларға бұлайша күйе жағылуы бірінші рет емес. 
Бұған дейін Əлихан Бөкейханов жайлы орыс тілді газеттердің біріне «Əлихан 
Бөкейханов – террорист» деген мақала шыққан болатын. Тура осы мəселе араға үш-
төрт жыл салып қайталанып отыр. Бұл жолы да Мұстафа Шоқайды қаралауда. 
Мұстафа Шоқай жайлы көптеген зерттеу еңбек жарияланды. Елінде Мұстафа 
Шоқайға ескерткіш қойылды. Халық Мұстафа Шоқайдың еңбектері жəне 
қызметтерімен танысты. Соған қарамастан, «Мұстафа Шоқай – сатқын, фашист» 
деген пікірлер айтылыпты. Мұны жазған авторлар Сергей Михеев пен Денис Да-
нилевский білмейді деп ойламаймын. Бұлар біледі. Олар сауатсыз адамдар емес. 
Олар өздерін тарихшымыз дейді. Демек, олар Мұстафа Шоқай жайында бəрін де 
біледі. Бұл жерде мəселе басқада. Бұлар империялық кезеңді аңсайды. Сол кезді 
сағынады, көксейді. Оларда «қазақ халқының қоғамдық пікірі, ойы империялық 
кезеңнен ұзап кетпесе екен», «ұлттық сана нығаймаса екен», «қазақ халқы үнемі 
Ресейге жалтақтап отырса екен» деген мақсат бар. Біз өз ұстанымымызды қор-
ғауымыз керек. Қоғам болып, зиялылар болып Шоқай сынды арыстарымызға қара 
күйе жағуға жол бермеуіміз керек. Олармен күресудің жолдарын қарастырған жөн. 
Мұстафаны айыптауға ешқандай негіз жоқ. 
Мұстафа Шоқайдың 
дүниетанымы шығыс жəне батыс өркениеттерінің тоғысында қалыптасқан: ол өз 
халқының рухани мəдениетінен нəр алды, орыс, француз, түрік əдебиеттеріндегі 
қоғам дамуы теорияларымен етене таныс болды, олар оның өз танымында 
қорытылды. Жас кезінен өз халқын, бүкіл түрік-мұсылман қауымын орыстармен, өз 
дамуында алға кеткен басқа да халықтармен терезесі тең дəрежеге жеткізуді 
армандап өсті. Зеректігі, алған бетінен қайтпайтын табандылығы, еңбекқорлығы мен 
өжеттігі арқасында В.В. Бартольд, В.В. Радлов, Бодуэн де Курте, А.Н. Самойлович 
секілді атақты ғалымдардың назарына ілікті. М. Шоқай көзқарасына Ə. Бөкейханов, 
А. Байтұрсынов, М. Дулатов секілді ұлт зиялылары тікелей ықпал етті. 
Мұстафа Шоқайды «фашистік Германиямен одақтас болған, «Түркістан ле-
гионын» құруға қатысқан» деген айыптауларға ешқандай негіз жоқ. Кезінде орыс 
эмигранттары да Мұстафаны «Англияның тыңшысы, Францияның арнайы қызмет 
орындарынан да ақша алып тұрады» деп жазған. Соны естіп Мұстафаның: «Оған 
француз капиталын да қоса салыңдар», – деп кекететіні бар. Кеңестер Одағының 
идеологтары да ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілерін қаралауда алдарына жан 
салмайтын. 
Мұстафа Шоқай саяси ұстанымдарының сəйкестілігіне байланысты бір ғана 
Польшамен тығыз қарым-қатынаста болған. Мұны өзі ашық айтқан. Розенбергтің 
Мұстафаны əскери тұтқындағы түркістандықтардың тізімін жасауға, олардың білім 
деңгейін, мамандығын анықтау жөніндегі жұмысқа пайдаланғаны рас. Олармен 
кездесу барысында Мұстафа кеңес армиясына қарсы соғысу жөнінде бір ауыз сөз 
айтпаған. Оның үстіне Түркістан легионы М. Шоқай қайтыс болғаннан кейін 
құрылған. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
154


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет