Үш саны.
Халқымыз іргелі үш жүз құрамынан тұрады. Олар: Ұлы жүз –
Ақарыс, Орта жүз – Жанарыс, Кіші жүз – Бекарыс. Үш жұрт: ағайын жұрт, нағашы
жұрт, қайын жұрт. Үш ғайып: ажал ғайып, қонақ ғайып, несібе ғайып. Үш арсыз:
ұйқы арсыз, тамақ арсыз, күлкі арсыз. Үш дауасыз: мінез, кəрілік, ажал. Үш қадірлі:
ырыс, бақ, дəулет. Үш қадірсіз: адам жастық шақтың, денсаулықтың, жақсы жардың
(əйелдің) қадірін білмейді. Үш асыл: көз, тіл, көңіл. Үш артық: адалдық
еңбексүйгіштік, өнерпаздық. Үш бақытсыздық: жаман ат, жаман қатын, жаман
көрші. Үш көз: су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ. Үш қасиет:
өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет. Үш тағылым: мейірімнен – сауап,
жақсылықтан – шарапат, жамандықтан – кесапат.
Төрт саны.
Қазақта төрт құбыласы сай, яғни «Алтау ала болса, ауыздағы
кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген мəтел екеуінің мағынасы бір болып
келеді. Ертеде бұл сан тұрақтылық пен беріктілік, əділдіктің белгісі болған. Ол
шаршы болғандықтан, əлемнің төрт бұрышын, жылдың төрт мезгілін, табиғаттағы
төрт құбылыс – от, жер, су, ауаны білдірген. «Төрт аяғы тең жорға, төрт тұрманы
түгел сай» деген сандық мəндер арқылы айтылатын ұлағатты ұғымдар бар. Төрт
кітап: Мұсаның кітабы – Таурат, Дəуіттің кітабы – Забур, Исаның кітабы – Інжіл,
Мұхаммед пайғамбардың кітабы – Құран. Төрт асыл: иман, намаз, ілім, мейір-
шапағат. Төрт дария: Ніл, Фират, Жейхун (Амудария), Сейхун (Сырдария). Қазақта
Жаратқан Иеміз Адам Атаны жаратқанда өлім, лəпсі, ашу, нəпсіні, яғни төрт нəрсені
адаммен бірге жерге жібереді деген ұғым бар. Сонымен бірге дүниеге жаңа келген
нəрестенің тағдырына жақсылықты, жамандықты, ризықты жəне өмірді жазған. Төрт
түлік мал, яғни қой мен ешкі, сиыр, жылқы, түйе. Төрт түлік мал қазақтың бірден-бір
күн көріс көзі болып табылған. Қазақ халқының өмірін төрт түлік малсыз елестету
мүмкін емес.
Төрт саны – қытайлардың үрейін ұшыратын сан. Олар төрт саны бар жерге
жоламауға тырысады. Өйткені қытайларда төрт – «өлім» сөзінің омонимі. Шынымен
де қытайлар осы санды көп қолдана бермейді. Тіпті биік ғимараттарда төрт жəне он
төрт нөмірлі қабаттарды таба алмайсың.
Сонымен, төрт қасірет саны болып саналады. Дегенмен бұл санның да өзіндік
мағынасы зор. Төрт мифологиялық бастаманы білдіреді: Жер, Аспан, Күн жəне Ай.
Төрт мифологиялық жануар: Жалғызмүйіз, Феникс, Панголин жəне Айдаһар.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
46
Қытайларда төрт саны шамға теңелген – бір қалыпты, жарық, ішінде жалын болса
да, сырты жайма-шуақ.
Достарыңызбен бөлісу: |