Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет57/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

 
 
 
 
 
 
 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
54
ТӨЛЕМҰРАТОВА Алтынай Серікбайқызы, 
Шиелі аудандық Оқушылар үйі «Ұлттық қолөнер» үйірмесінің 
мүшесі, 8 «В» сынып оқушысы. Шиелі кенті, Шиелі ауданы, 
Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: КЕНЖАЕВА Бағила Күлімбетқызы, 
Шиелі аудандық Оқушылар үйі «Ұлттық қолөнер» үйірмесінің жетекшісі, 
Шиелі кенті, Шиелі ауданы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: АЙТБАЕВА Майра, 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 
«Кəсіби оқыту жəне бейнелеу өнері» кафедрасының доценті, педагогика 
ғылымдарының кандидаты, Қызылорда қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
СУ МОНШАҚТАН БҰЙЫМДАР ЖАСАУ 
 
Су моншақ атауы б.з.б. IV ғасырдағы шыныны зерттеген кезде пайда болған. 
Осы кезде шыны əр түрлі формадағы моншақтар əшекейлеу үшін қолданыла 
бастады. Бірте-бірте моншақтар ұсақталып, біркелкі болып, ертедегі египеттіктердің 
киімдерін əшекейлеуге пайдаланылды. 
Бисер – ұсақ түрлі-түсті моншақтар. Моншақ мойынға тағылатын сəндік 
бұйым. Оның формасы ірі жəне ұсақ болады. Шыныдан жасалатын қазіргі біз 
пайдаланып жүрген моншақтардың өзіндік тарихы бар. Аңыз бойынша өте ерте 
уақытта бай саудагер Жерорта теңізінен Африкаға табиғи сода əкеле жатып, құмды 
жағалауға түнеп, түнде от жағады. Оттың қасына үлкен кесек содаларын түсіріп 
қояды. Таңертең, оттың қолаңтасынан ғажайып тас сияқты, қатты су сияқты мөлдір, 
таза күн сəулесіне қызған тасты – кристалды көреді. Бұл қазіргі əйнек еді. Осыдан 
бастап əйнектен түрлі формадағы моншақтар жасала басталады. Ортасынан жіп 
өткізілетін дөңгелек, сопақша, қырлы моншақтарды əр түрлі халықтар сəндік бұйым 
ғана емес, оны қаржы орнына (ақша) да пайдаланады. 
Кейбір деректер бойынша əйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Əйнектен 
жасалған моншақтар, амулет, ыдыс-аяқтар б.з.д. ХІ ғасыр ескерткіштерінен 
табылған. Əйнек массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, 
жасыл, алқызыл түсті əйнек алған. Мұндай əшекейлерді еркектер де, əйелдер де ақ 
түсті киіммен таққан екен. Ең алғаш «бисер» атауы дəл осы Египет елімен 
байланысты. Оның атауы арабтың «бусра» немесе «бусер» деген сөзінен шыққан, 
мағынасы «жалған маржан». Рим Империясы Египет елін басып алғанда əйнек 
өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға ауысады. 
Бірте-бірте алғашқы біздің дəуірімізге дейін Италияда, Грецияда, Германияда, 
Испанияда, Францияда пайда болды. Ал Константинопольді түрік жауынгерлері 
жаулап алған соң əйнек өндіруші шеберлер жан-жаққа тарап, əлемге бисер атауы 
əйгілі бола бастады. Уақыт өте келе Шығыс халқына Африка, Үндістан, Америка, 
Тынық мұхит аралдары мен Еуропаға, Азияға кеңінен таралды. Су моншақтың атауы 
əр халықта əр қалай болған. Молдавияда – гарданы, Ресейде – бисер, Қазақстан мен 
Қырғыстанда – моншақ, су моншақ деп аталады. 
Моншақпен сəнді жұмыстар жасау тарихы өте арыдан басталады. Бұны 
өнертанушы ғалымдарымыз қолданбалы сəн өнері шеберлігінің əйгілі, осы уақытқа 
дейін сақталып келген өте əдемі, сапалы орындалған жұмыстарын зерттеу арқылы 
дəлелденген. Моншақ ертеде тау хрусталі мен анық тастардан даярлаған. Бағалы 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
55
тастарға – алмас, лағыл, изумруд, сапфир, табиғи інжу, александрит, янтарь, маржан 
тастары жатады. Мұсылман дінінде су моншақтарды тіл, көз, сұқ тимейтін сəнді зат 
ретінде қолданады. Ресей патшасы Екатеринаға Жəңгір хан бисерден жəне əсем асыл 
тастардан əшекейлеген керемет сəнді сəукелені сыйға тартқан екен. Осы кезге дейін 
сəукеле Ресейдегі мұражайда сақтаулы. Күннің көзінен сақтап, көрмеге көп 
шығарылмайды, өйткені күн сəулесінен тастар үгіліп қалуы мүмкін. 
Қазіргі кезде бисерден тоқылған бұйымдар, жастар мен орта жастағы əйелдерге 
арналған сəндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен əшекейленген 
киімдер, аяқ киімдерді, сөмкелерді жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу 
үшін мықты болып келетін жібек жіппен лескімен орындалады. Бисермен қазақтың 
ою-өрнектерін тұмарша, өңіржиек, бойтұмар, сондай-ақ алқа, шашбау, тағы басқа 
өте сəнді əшекейлер: сырғалар, мойынға тағатын алқалар тоқу өте сəнді көрінеді. 
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Эмиль Галле жəне Тифанни 
секілді модерн стилінің суретшілері шыныдан жасалған су моншаққа көңіл бөлген 
болатын. Өткен ғасырдың 20-жылдары су моншақ əйел адамдардың киімдерін 
əшекейлеуде сəнгерлердің үлкен қолданысына ие болды. Валентин Юдашкин 
көйлектерді тегіс аса керемет су моншақпен кестелейді. Эмануэль Унгаро жəне 
Бернара Перридің көптеген су моншақтық алқалары көйлекті су тасқыны жəне 
лаулаған от сияқты көрсетеді. Жан Поль Готье сөмкелерді су моншақ жəне шыны 
моншақтармен əшекейлесе, Осимар Версалато белбеу мен жағаларды əшекейлейді. 
Кристиан Лакруа су моншақтардан жакеттер мен шалбарлардың жеке бөліктерін 
құрастырған, ал Пако Рабан – түгел көйлекті су моншақпен əшекейлеген. 
XX ғасыр бойы су моншақпен сауда тоқтаған жоқ. Су моншаққа деген 
қызығушылық бүкіл əлемді жаулады. Су моншақпен тігу шығармашылықтың бір 
түріне айналды. Қазіргі күнде нағыз үлкен су моншақ шығаратын жер – Жапония, 
Тайвань, Чехия. Тайвандық су моншақ – сапасыз, өз түрін, түсін тез жоғалтады да, 
тез сынады, тесігі инеге кірмейді. Чехиялық су моншағы өте қажет, бағасы да, 
сапасы да көңілден шығады. Чех су моншағын əр түрлі нəрсеге қолданады. Өте 
сапалы саналатын су моншақ – Жапон су моншағы. Жапон су моншағы Чех су 
моншағынан үлкендеу, ортасының тесігі де үлкен, бағасы да, сапасы да адамдарға 
қажет. 
Шыны моншақ жасайтын шеберлерді қатаң ұстап, оларды ешкіммен 
араластырмады. Басқа мемлекеттерде бəсекелестері болмауын қалады. Əйгілі 
саяхатшы Марко Полоның əкесі бисер жасау шебері болыпты. Марко Поло өзінің 
сапарынан оралғанда су моншақ жасау кəсібінен байыған мемлекетті көріп 
таңданған. 
Өте əдемі, көздің жауын алатын, жылтыраған нəзік зат – моншақты барлық 
ұлттардың қолөнердің іскер шеберлері тіккен. Орта Азия мен қазақ халқының сəнді 
тұрмысында да моншақ, маржандау əдісі ертеден белгілі болған. Онда маржандау 
əдісімен əйел баласының сырға, білезік, сақина, алқа, өңіржиек сияқты заттарын 
толықтыру үшін, ұлттық киімдер, кимешек жақтауы, қамзол, тақия, аяқ киімдерді, ат 
əбзелдерін безендірген. Қазіргі сəнгерлерде су моншақтарды киімді жəне 
аксессуарларды əшекейлеу үшін қолданады. 
Қазақ зергерлері көбінесе қыз-келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп 
көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сəнін келтіруге 
моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ, əйел бас киіміне тағатын үлкен 
моншақ маржанды – былқылдақ, сəукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын 
моншақтарды – жырға деп атаған. Шолпы, шашбаудағы алтын, күмістен жасаған 
зергерлік бағалы бұйымдарды тізілген моншақтармен өзара қосып əшекейлеген. 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
56
Алқаны сумоншақтан, алтын, күмістен соғып, домалақтап, асыл тастардан тізіп, 
салпыншақ етіп жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет