Жұмыс орнын ұйымдастыру.
Бисермен тоқу жұмысы қызықты, əрі тез жүруі
үшін тек құрал-саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орныңды ыңғайлап алу
да маңызды. Əсіресе, ол жер бисерді орналастыруға ыңғайлы болуы керек. Ол үшін
бір бедерлі фланельді матаға, түрлі-түсті бисерлерді үйіп қою керек. Кей
жағдайларда өте терең емес (5-10 мм) тəрелкеге салған да ыңғайлы, бірақ, əр түсті
жеке тəрелкеге салған жөн, не болмаса жақтаулары биік емес қорапшалар
пайдалануға болады. Бисермен жұмыс істегенде, сонымен қатар, жұмыс істейтін
орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілуі керек. Болмаса көзді ауыртып, жиі
шаршауға əкеліп соқтырады. Көзге демалыс беру үшін əр сағат сайын 10-15 минут
үзіліс жасау қажет.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
57
Қауіпсіздік ережелері:
1. Қайшыны жолдасыңа үшкір ұшымен берме; 2.
Қайшыны арнаулы қобдишаға сақтау керек; 3. Инені жұмыс істегенде оймақ киген
дұрыс; 4. Инені киімге қыстыруға болмайды; 5. Инені тістеп ауызға салуға
болмайды; 6. Тот басқан инемен жұмыс жасауға болмайды; 7. Моншақтар шашылып
кетпес үшін оларды бөлек жайпақ ыдыстарда немесе қорапшаларда ұстаған жөн; 8.
Бисермен бұйым тоқу кезінде бисерлер домалап шашылып кетпес үшін, бисерді
түкті матаның үстіне төккен дұрыс.
Пайдалы кеңестер.
Кейде жұмыс барысында сымның үзіліп кетуі де мүмкін.
Егер бұл жұмыстың басында кездессе, қайта бастаған дұрыс болар, ал жұмыстың
біршама бөлігі орындалып қойса, үзілген ұшын 1-2 қатар босатып көрсетілген
əдіспен бекітуге болады.
Əр сымның əр ұшымен тоқылу принципімен кері қарай жүру. Бұл егер сым
жіңішке немесе моншақтың тесігі үлкен болған жағдайда, егер моншақ ұсақ немесе
сым жуан болса, сымның ұштарын бұйымның шеткі шалуларының арасынан кейін
қайта бекіту.
Əдебиеттер
1 Өстеміров К., Сүлейменова Ə., Сапарғалиева Қ. Технология пəні бойынша
дидактикалық материалдар: оқу-əдістемелік құрал / Алматы гуманитарлы-
техникалық университеті. – Алматы: НАЗ-9 ЖШС, 2007. – 104 б.
2 Ермилова Е.В., Товченик И.А. Технология (Қыз балаларға арналған): жалпы
білім беретін мектептің 9 сыныбына арналған оқулық. – Алматы: Мектеп, 2008. –
192 б.
№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
58
Əлеуметтік жəне гуманитарлық ғылымдар
Достарыңызбен бөлісу: |