Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых



Pdf көрінісі
бет65/154
Дата06.10.2023
өлшемі1,79 Mb.
#113072
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   154
Байланысты:
Жас ғалымдар жаршысы Вестник молодых ученых Messenger of young scientist

Фонетикалық жаттығулар 
1-жаттығу. 
Төмендегі «ң» дыбысы кездесетін буындар мен сөздерді дұрыс 
айтқанға дейін оқы. Өзіңе таныс əуенге салып айтуға болады: аң – даң – жаң – заң – 
ұң – қаң – лаң – маң – оң – паң – раң – саң – таң – шаң – ең – бең – жең – зең – кең – 
лең – мең – пең – рең – сең – тең – шең – мың – тың. 
2-жаттығу. 
Жоғарыда берілген сөздерді диктофонға жазып ал да, сол сөздерді 
жатқа жаз. 
3-жаттығу. 
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, бір буынды сөздерді 
оқы, жазылуын есте сақта: Аң – заң – лаң – маң – оң – паң – таң – шаң – ең – жең – 
кең – мең – рең – сең – тең – көң – өң – мың – тың. 
4-жаттығу. 
Өзіңе таныс (ң) дыбысын дұрыс айта отырып, көп буынды сөздерді 
оқы, жазылуын есте сақта: Аңға – даңғаза – жаңа – жаңбыр – заңдар – ұңғы – 
қаңғыбас – лаңкес – маңдай оңқай – паңданба – саңырауқұлақ – таңданба – шаңырақ 
– еңіреме – жеңесің – зеңбірек – кеңірек – леңгір – меңіреу – реңк – сеңгір – теңбіл – 


№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
 
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
63
шеңбер – маңай – тыңдарман – мыңдаған – шыңға – оңға – тоңба – мұңайма – сыңай 
– кеңейт. 
Фонетикалық жаттығулар арқылы айтылған буындар мен дыбыстарды айыра 
алуын жəне оларды дұрыс, анық айтып берулерін қамтамасыз етуге болады. Біз үшін 
фонетикалық жаттығуларды дұрыс жазу емле үшін ғана пайдалы болып қоймай
сонымен қатар əдеби тіліміздің нормасын сақтап оқуға үйрену үшін тиімді болды. 
Қорытынды. 
Мемлекеттік ұлттық тіліміздің баршаға ортақтығы белгілі бір 
заңдылықтардың, нормалардың болуын талап етеді. Ол нормалардың тіл білімінің 
барлық салаларында болатыны анық. Тілдің дыбыстық жəне мағыналық табиғаты 
мен таңбалануы, сандық ерекшеліктерінің үйлесімді болып келуі. Сауатты жазудың 
кепілі орфографиялық ережелерді мұқият сақтап отыруда. 
Қазақ тілі мен əдебиетіне қатысты мəселелерді жылдар бойы ғалымдар мен 
əдебиеттанушылар қауымы зерттеп, халыққа үздіксіз қызмет етуде. Дегенмен де 
қазіргі қазақ тіл білімінде тілдік құбылыстардың бірқатары терең зерттелінгенімен 
зерттеуді одан əрі қажет ететін құбылыстар немесе зерттелген құбылыстардың 
зерттей түсетін тұстары да баршылық. 
Қазақ тілі түркі тілдес халықтардың ішіндегі сөздік қоры жағынан өте бай, 
дамуы жағынан да көш озық тұрған тіл. Кезінде түрколог В. Радлов: «Əлем 
тілдерінің ішінде мен үш тілді ұлы деп білемін. Ол – орыс, француз, қазақ тілдері», - 
деп баға берсе, тағы бір əйгілі түрколог С.Е. Малов: «Түркі халықтары ішіндегі ең 
суретшіл образды тіл – қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, əсем ауыз 
əдебиетімен де даңқты», - деген болатын. 
Қорыта келгенде, «Қазақ тілі сөздерінде «ң» дыбысының қолданысы атты 
ғылыми жобада «ң» дыбысының айтылу, жазылу ерекшелігіне байланысты нəтиже 
жасалды, «ң» дыбысын айтуды үйретудің бірнеше əдіс-тəсілдері, фонетикалық 
жаттығулар мен балаларға арналған қазақ ертегілерінен мысалдар теріліп көрсетілді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   154




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет