№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
98
Қазақстан жеңіл өнеркəсібінде өзінің ерекше бағыт-бағдарымен таныла
бастаған бұл киім салоны қазақ халқының дəстүрлі киім үлгілерімен қатар, ежелгі
тайпалармен байланысты мифтік кейіпкерлердің киім үлгілерін де насихаттап
келеді. Шебер суретші-дизайнер Галина Нагуманованың айтуы бойынша, қолөнер
шеберлерінің ежелгі əдісін сақтай отырып, сол бейнелерді жаңа үлгіге келтіріп,
қазіргі сұраныс пен талғамға жауап беретіндей киім тігу негізін алға қойған мақсат
болып отыр. Ерлерге, əйелдерге жəне балаларға арналған жаңа стильдегі, сонымен
қатар, жоғары сапалы ұлттық киім əзірлеуді «Мария Ханым» тігіншілері мəртебе
санайды. «Ерке-нұр» кəсіпорыны 1997 жылы шаңырақ көтерген. Негізгі бағыты
ұлттық киім жəне ұлттық киім үлгілерінің негізінде өркениет талғамына сай қазіргі
заманғы киім тігеді жəне балаларға арналған жаңа стильдегі жоғары сапалы киім,
əртүрлі арнайы жұмыс киімдері мен сувенирлер шығарады.
Қыздар көйлегі бүрмелі, тік етек, қос етек, үш етек көп қатарлы деп бірнеше
түрге бөлінеді. Тік етек, кең етек көп қатарлы деп бірнеше түрге бөлінеді. Тік етек,
кең етек көк көйлекті əжелер, бүрмелі көйлекті орта жастағы əйелдер, таспа
жүгірткен бүрмелі қос етек көйлекті жас келіншектер мен қыз балалар, етегі үш
қатармен қатпарлы көйлекті жаңа түскен келіншектер мен бойжеткен қыздар киген.
Қазақтың ұлттық киімдерін зерттеген ғалымдардың бірі Э. Рассохина қазақ
киімдері негізінен сəндік – мерекелік болып келетіндігін, бірақ осы сəнділік оның
атқаратын қызметтерімен органикалық үйлесімділікте болатындығын негіздейді.
Мəселен, киімдердің жиектеріне сəнділік тұрғысында безендірілген сызбалар мен
оқа жіптер оның етегін тозудан сақтайды. Үлбірден жасалған ішіктер мерекелік
тұрғысынан жəне үлбірін сақтап тұру үшін барқытпен тысталды. Теріден жасалған
белдіктер сəндік үшін жəне мықты ұстап тұру үшін металл тілімшелермен
əшекейленді. Осындай тұжырымдарды ой елегінен өткізу қазақ ұлттық киімдерінің
атқаратын қызметін төрт топқа (практикалық, ақпараттық, ғұрыптық, эстетикалық)
бөліп қарастыруға септігін тигізді:
1. Практикалық – суықтан, ыстықтан, желден, шаңнан т.с.с. қоршаған ортаның,
табиғаттың түрлі əсерінен қорғауы; көлікке (ат, түйе т.б.) отыруға; көшіп-қонуға,
(шапанын жастанып, жамылып, оранып ұйықтау жəне т.б.), малшылық, егіншілік
өмірге жүріп-тұруға ыңғайлы болуы;
2. Ақпараттық – адамның əлеуметтік тегі мен қоғамдағы қызметін (байлар,
хандар, сұлтандар, батырлар, сал-серілер, қожа-молдалар, бақсы-балгерлер киімдері
жəне т.б.) отбасылық жағдайын көрсетуі (қыз, келін, бəйбіше, балалы əйел жəне т.б.
киімдері) кəсіптік жұмыс туралы (аңшы, малшы жəне т.б. киімдері), ата-тегі, руы
туралы ақпарат беруі (арғын үлгісі, кіші жүз үлгісі жəне т.б.) ою-өрнектері арқылы
тілек білдіруі (əнші шапанына салынатын таңдай өрнегі – дауысың құстың
сайрауындай əдемі болсын дегені);
3. Ғұрыптық дəстүрлік – сыйлық тартулық (иығына шапан жабу дəстүрі;
елшіліктер арасындағы құрметті сый; «Шен-шекпен алу»; жағалы киім беру: («Тоғыз
тару»); магиялық (адам қайтыс болғанда шапан тарту; дүние салған адамның
шапандарын бірге жерлеу); ырымдық (тіл-көзден, бəле-жаладан қорғау); салықтық
(ат-шапан айып тарту);
4. Эстетикалық-киімдердің ою-өрнектермен əшекейленуі; тігіспен, кестемен,
жапсырмамен, алтын зермен безендірілуі); аң терісімен (бұлғын, сусар, ақкіс, түлкі
жəне т.б.) əрленуі; асыл тастармен, металл тілімшелермен үкі тігілуі, желбіршек,
желбезектердің салынуы.
Достарыңызбен бөлісу: