№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
95
көшпелі елдің бағдар алатын құбылнамасы есепті болған. Екінші қабатында көшпелі
елдің тұрмыс-салтын бейнелейтін əр түрлі ою-өрнектер,
қалың көш суреті, сол
кездегі қазақтардың тұтынған мүліктерінің үлгісі тұрған деген. Оның үстіне Ə.
Қоңыратбаев атамыз осы қазіргі үлгіде салынған ескерткішке онша риза бола
қоймаған екен.
Енді деректерде алматылық қарт ұстаз, фотосуретші С. Жəкеевтің Қорқыт ата
бейітінің алғащқы фотосуреті деген түсіндірмесінде: «Қорқыт ата күмбезінің суреті
1870 жылы түсірілген» (яғни Армазов суретінен 30 жылдай бұрын), - деген мəлімет
бар. 1870 жылғы күмбез биік үш қабаттан тұрады.
Бұл көріністе фотосуретші салыстырмалы əдісті пайдаланып түсірген. Ол үшін
күмбездің үш қабатының əрқайсысына
бір-бір адамды шығарып, тұрғызып қойған.
Соған қарағанда мазардың төменгі шеңбері биіктеп, 7-8 метрдей,
жоғарғы бөлігі
одан орта тұсынан биігірек екені аңғарылады. Қорқыт бейтінің бұл фотокөрінісі өз
заманында əлемге əйгілі фотоальбомдардың бірінде жарияланған.
Ə. Марғұлан атамыз «Ежелгі жыр-аңыздар» атты кітабында: «Қорқыт күмбезі»
1862 жылы алғаш рет фотоға түсірілген. Түркістан альбомында сақтаулы тұр», - деп
жазған. Қабырғасы мейлінше қалың, 2
метрге жуық, пошымы киіз үйге ұқсайды.
Исламша бұрынғы сəулет өнерімен салынған. Бұл дəлелдеме де Ə. Қоңыратбаевтың
болжамымен ұқсас.
Достарыңызбен бөлісу: