№№4-6(71-73), сəуір-маусым, апрель-июнь, April-June, 2013
ISSN 2307-0250
Žas āalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist
______________________________________________________________
94
көрінісі биік, қабырғалары кереге өрнегімен нақышталған. Исламға дейінгі түрік
сəулет құрылысы үлгісімен салынған.
Қорқыт темір жол бекетіне жақын, Оғыз заманында
туып-өскен атамыздың
сүйегі жерленген тұста биік дөңнің басына кезінде Қармақшы ауданын басқарған,
Сыр елінің қайраткері Елеу Көшербаевтың зор ықпалымен мазардың бұрынғы
орнына қазіргі заманғы мемориалдық есірткіш орнатылды.
Ескеркіш белгілі
сəулетші Б. Ибраевтың жəне С. Исатаевтың жобасымен салынған.
Ескерткіш темір бетоннан жасалған, биіктігі 8 м, 4 тік көктастан тұрады. Əрбір
көктас əр тарапқа қаратып тұрғызылған құлпы тастарға ұқсайды. Жоғарғы жағы
кеңейе келіп, шөміш ішінде түйісетін көктастар қобыз бейнесін меңзейді. Түйісер
түбіндегі орталық тесігінде 40 металл түтік бар. Олар жел соққан кезде қобыз
сарынымен үндес дыбыс шағарады.
Қорқыт ата ескерткішінің ішкі жағы мəңгілік
өмір сырын іздеген Қорқыт
атаның киелі желмаясының шартарапқа жол тартқан ізін ишаралайтын «түйе табан»
өрнегімен безендірілген. Əрбір көктастың үшкілдене біткен төбесі күмбезге
ұқсатылып, ерекше сəулеткерлік үйлесім тапқан.
1997 жылы егемен еліміздің тарихында алғаш рет Елбасымыз Н.Ə.
Назарбаевтың қолдауымен, сол кездегі облыс əкімі Б. Сапарбаевтың басшылығымен
Қорқыт атаны кеңінен насихаттау мақсатында бүкіл түркі тілдес елдердің ғылым,
өнер, мəдениет қайраткерлерінің қатысумен «Қорқыт жəне түркі əлемі» атты
ғылыми конференция өткізілуіне байланысты ескерткішті қайтадан қалпына келтіру,
жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Қазір шырақшысы бар, қонақ үй, мұражайы бар үлкен тарихи да, мəдени де
аумақты кешен екені белгілі. Мұражай қорында 700-ге жуық экспонат (ежелгі
ескерткіш заттар, қамшы, ер, бабалаларымыздың тұтынған заттары, қобыздың
түрлері, садақтың сабы т.б.) сақталған. Қорқыт ата өмір сүрген дəуірдің тарихы мен
мəдениеті жайлы мəліметтер береді.
Ескерткіштің күн
бетінде темір жол, теріскей бетіне үлкен магистралды қара
жол өтеді. Жерді таңдауы көңілге ұялатады. Əрі-бері өткен жолаушылардың қай түрі
болса да ат басын тартпай, өтіп кетуі мүмкін емес. Ол
ата-баба аруағын, халық
рухын сыйлағандықтан.
Достарыңызбен бөлісу: