Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi


Бақ суарудың құрама әдiсi



бет15/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Бақ суарудың құрама әдiсi – суарудың жаңа әдiсi. Оның мәнi, топырақты бiр жердiң шеңберiнде ылғалдау әдiсi мен ауаны ағаш бөрiкбасын ұсақ дисперсиалы ылғалдауды үйлестiру болып табылады. Суарудың осы әдiсi арқылы ылғал толықтырушы және ылғал жаңартушы суару түрлерiн жүргiзуге, көктемгi үсiкке қарсы күресуге, тыңайтқыштар мен пестицид-тердi сумен бiрге топыраққа да, тiкелей жемiс өсiмдiгiнiң жапырақтарына да енгiзуге болады. Жер бедерi күрделi, өте еңiс учаскелерде, топырағы кез келген су өткiзетiн жерлерде, су қоры аз аудандарда да осы әдiстi қолдана беруге болады. Құрама әдiспен суару барлық құбырларында (жоғарғы, төмен) бiр мезгiлде iске асырылады және жыл сайын ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 70%-дан төмен кезiнде тәулiктiң ыстық сағаттарында жүргiзiледi.

2.6 Суару мерзiмдерi мен мөлшерi.


Бақ суарудың режимiн анықтау үшiн негiзгi көрсеткiш - ең аз ылғал сыйымдылығы (А.Ы.С.). Ол барлық гравитациялық су төмен кеткенде топырақта қалатын ылғал мөлшерiне сай келедi. Жемiс өсiмдiк-терiнiң активтi тамырлары орналасқан аймақтағы топырақты ылғалдау құмдықты топырақтарда 65-70%, саздақты топырақтарда 70-75%, сазды жерлерде 75-80%-дан кем болмауы керек. Топырақ ылғалдылығы осы көрсеткiштен төмен болса, бақты дереу суару қажет. Суару мөлшерi дегенiмiз - бiр суару кезiнде, суармалы жердiң бiр гектарына берiлетiн судың текше метрмен есептелiнген мөлшерi. Суландыру мөлшерi – суармалы алаңға бүкiл суару кезеңiнде жұмсалатын, судың жалпы мөлшерi (м3/га).
Суару мерзiмдерi мен мөлшерлерi суарылатын жемiс өсiмдiктерiнiң биологииялық ерекшелiктерiмен ғана анықталмайды, сонымен бiрге топырақ қасиеттерiне, топырақты әбден суға қаныққандырғанда қанша су ұстай алатындығына, өсiмдiкке жететiн ылғал шегiне, суару алдындағы топырақ ылғалдылығына, сондай-ақ телiтушiге, өсiмдiк жасына, өнiмдiлiгiне қарай да анықталады. Әрбiр бақта вегетациялық суару мерзiмдерiн сумен табиғи түрде қамтамасыз етiлуiне, климат факторларына, жемiс өсiмдiктерiнiң түрлi жетiлу дәуiрiндегi топырақ ылғалының жұмсалу қарқынына қарай жоспарлайды.
Өндiрiстiк жағдайларда топырақ ылғалдылығын көзбен қарап анықтайды. Ол үшiн жидек плантациясының 15-20 см тереңдiгiнен және жемiстер учаскесiнiң 20-50 см тереңдiгiнен бiр уыс топырақ алынып, алақанда сығылады. Егер алақанды ашқан кезде кесек ыдырап кетпей, пiшiнiн сақтаса, топырақ ылғалдылығы жеткiлiктi, ал ыдырап, шашылып кетсе – суару қажет.
Вегетациялық суару мерзiмдерiн жемiс өсiмдiктерiнiң жеке мүшелерiнiң даму фенофазаларымен байланыстырады. Қазақстанның оңтүстiгiнде, оңтүстiк-шығысында бақтарды гүлдер алдында, немесе одан соң (наурыздың соңы-мамыр) өркендер мен жапырақтардың өсу кезеңiнде (мамыр-маусым), жатындардың маусымында түсуiнен кейiн, гүл бүршiктерiн салу кезеңiнде (маусым-шiлде) және жемiстiң өсу кезеңiнде (шiлде-тамыз) суарады. Суару күзгi-қысқы сорттарды жинауға 15-25 күн қалғанда тоқтатылады.Суару жиiлiгi жауған жауын-шашын мөлшерiне, ағаштардың су шығындау жылдамдығына, жемiс өсiмдiктерi ұстай алатын жеткiлiктi су мөлшерiне қарай шешiледi.
Эксперименттiк зерттеулердiң және Қазақ жемiс және жүзiм шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының өндiрiстiк тәжiрибесi толықтыруының негiзiнде республика бақтарын суару саны мен мөлшерi мынандай болуы керек. Алматы, облысының тау беткейлерi мен тау етегiндегi аймақтарында, жауған жауын-шашын мөлшерiне қарай вегетация кезеңiнде 4-6 рет суарылады, жазық-далалық, шөл далалық және оңтүстiк шығыс аймақтарда, республикамыздың жылына 400 мм-ге жуық жауын-шашын түсетiн оңтүстiк және оңтүстiк-шығыс облыстарында кемiнде 6-7 рет вегетациялық, бiр рет ылғал толықтыру үшiн суару керек.
Сондай-ақ суару саны жемiс дақылдарының сорты мен тұқымына да байланысты болады. Мәселен, сүйектi тұқымдарды алма мен алмұртқа қарағанда сирек суару қажет. Сөйтiп жазғы суаруға басты назар аударып, дер кезiнде (шiлденiң ортасында) аяқтау керек. Өйткенi кеш суарған кезде бұтақтардың пiсуi созылып кетедi де, олардың қысқа дайындалуы нашарлайды. Алма сорттарын суару кезiнде олардың жазғы сорттарын, күзгi және қысқы сорттарға қарағанда аз суару керектiгiн ескерген жөн.
Бақты суландыру кезiнде суару мөлшерiн дұрыс белгiлеу қажет. Вегетациялық суару кезiнде ұсақ тас терең жатқан топырақ үшiн бiр гектарға 700-900м3, ұсақ тас таяз жатқан топырақ үшiн 500-700м3 су ұсынылады. Ылғал толықтыру үшiн суару мөлшерi 1250-1500 м3/га.
Жемiс өсiрушi, орташа саздақты топыраққа отырғызылатын бақты суландыру кезiнде оны жиi-жиi, бiрақ судың аз мөлшерiмен, ал ауыр саздақты топыраққа отырғызылған бақты керiсiнше сирек, бiрақ судың көп мөлшерiмен, суару керектiгiн бiлуге тиiс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет