СОӨЖ Тақырыбы: Қазақстандағы әр түрлі ұлттардың тәрбиелеу ерекшеліктері Орындаған: Ахметбек Аибопе Тексерген : проф. Халитова И. Алматы 2023
Қазақ халқының Ресейге бодан болғаннан бергі этнодемографиялық тарихи жолын негізінде ірі-ірі үш дәуірге бөлуге болады. Біріншісі ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан 1917 ж. дейін; бұл Қазақстанның Ресейдің отары, қазақтардың этнодемографиялық дамуы отарлық-миграциялық (соның ішінде қоныстандыру) саясатының ықпалында болған дәуір. Сырттан келген көші-қонның, әсіресе Столыпиннің аграрлық саясаты өрістеген, сонымен бірге қазақтардың арасында табиғи өсім төмен, әртүрлі эпидемиялар, жұқпалы аурулар, жұттар көп болған кезең. Осының бәрінің нәтижесінде қазақтардың саны түрлі өзгерістерге ұшырап, Қазан революциясына дейін өз елінде үлесі едәуір (90%) болғаны мен, ХХ ғасырдың екінші онжылдығы соңында, аймақтардың тұрғындарының әлі де жартысынан көбі (58,7%) болған, яғни Оңтүстік, Батыс және Орталық аймақтарда қазақтардың басымдығы сақталған, Солтүстік және Шығыс аймақтарда славян, басқа этнос өкілдері көпшілікке айнала бастаған кезең.
Екіншісі, 1917-1991 жылдар, яғни Кеңес заманы. Бұл қазақтардың талай ашаршылықты (1918, 1921 және 1931-1933 жылдары), қуғын-сүргінді, зорлық-зомбылықты көрген, ұлттық дәстүрлер мен тілге нұқсан келген, әліппенің үш рет өзгерген, сырттан көші-қонның ірі-ірі толқындары елдегі демографиялық ахуалды күрт өзгерткен және тағы басқа да келеңсіз жағдайлардың салдарынан қазақ ұлтының өзі ата қонысында азшылыққа айналған тұс. Бұл дәуірді екі үлкен кезеңге бөлуге болады: 1-кезең 1917-1959 жылдар - қазақтардың өз елінде 58,7%-дан,28,9%- ға түскен кезеңі; 2-кезең - 1959-1991 жылдар, қазақтардың біртіндеп үлесі өскенімен (40%), әлі де келімсектерден гөрі аз болған кезең.
Үшінші дәуір - 1991-2009 жылдар, қазақтардың өз елінде біртіндеп, көпшілікке айналуы. Бұл дәуірді де екі кезеңге бөлуге болады: 1-кезең - 1991-1999 жылдар - қазақтардың үлесі республика халқының жартысынан асқан кезең (40%-дан 53,4%-ға жеткен кезең); 2-кезең - 1999-2009 жылдар - қазақтардың өз елінде басым көпшілікке айнала бастаған (53,4%-дан 63,7%-ға дейін өскен) кезеңі. Бұл кезең енді ғана басталды, әрі қарай жалғаса береді. Енді қазақ халқының этнодемографиялық даму белестеріне сай, еліміздегі болған көші-қон кезеңдерін байланыстыра отырып, ұлтымыздың саны мен құрамын, қысқаша болса да, қарастырып өтейік.
Егемен ел болғанымыздан кейін, мың өліп, мың тірілген қазақ халқы дербес дамуға мүмкіндік алып, алыс-жақынын түгендеп, Отан туы астына жинала бастады. 2009 жылғы Қазақстандағы халық санағы бойынша, сол жылдың басында өз еліміздегі қазақтардың саны 10 млн.-нан асып түсті. Ал осыдан бірер жыл бұрын шетелдердегі отандастарымыздың саны 5,5 млн.-дай деген дерек болған-ды. Осыған байланысты қазіргі таңда қазақтардың жалпы саны (өз еліміздегілер мен шетелдегілерді қоса есептегенде) 15,5-16 млн. деп айтуға толық мүмкіндік бар. Бұл қазақ ұлтының көп ғасырлар бойы, талай демографиялық апаттарды бастан кеше отырып, егемендік жағдайында өз еліндегі халықтың көпшілігіне айналуы еді.
Қазақ ұлтының өткен көп ғасырлық тарихи жолына көз салсақ, оның саны мен құрамының ірі-ірі саяси-әлеуметтік және экономикалық бетбұрыстарға байланысты жиі және күрделі өзгерістерге ұшырағанын байқаймыз. Бұл жағдай әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысына дейін көптен-көп белгілі оқиғалар арқылы көзге түседі. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары экономикадағы дағдарысқа байланысты, әлеуметтік қиыншылықтар көбейген кезде тұрғындардың табиғи өсімі құлдырап түсіп кетті: 1987 жылы 18,1 промилле болса, 1998 жылы 4,6 промилле болды (бір мың адамға шаққанда, туу мен өлімнің айырмасы). Осыдан кейін біртіндеп табиғи өсім қайтадан көтеріліп, 2000 жылы - 4,9; 2005 жылы - 8,05; ал 2009 жылы 13,5 промиллеге жетті, дегенмен әлі де 1980 жылдардағы көрсеткішке жете алмай отырмыз. Табиғи өсімнің 90% қазақтардың есебінен екенін ескерсек, ұлтымыздың өсуі кең, тура және даңғыл жолға түсіп, болашақта қазақтардың өсіп-өнуі қамтамасыз етіле бастағанын көреміз. 2009 жылы табиғи өсім 215 мыңдай болғанын ескерсек, келешектегі қазақтың саны өсе беретініне сеніміміз күшейе түседі Қала тұрғындары, өнеркәсіп, құрылыс және транспорт салаларында қазақтар үлесі әлі де төмен, өз деңгейінде емес. Әсіресе, кәсіби жұмысшы мамандар, инженер-техниктер арасында ұлттық кадрларды көптеп тәрбиелеу проблемасы күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе.
«Көш жүре түзеледі» деген ата-бабаларымыздан қалған сөз бар. Тәуелсіздігіміз нығая түсіп, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыз жақсарған сайын, халқымыздың, оның ұйытқысы - қазақтардың саны өсіп, құрамы күшейе түсетіні баршамызға анық және болашақтың кепілі. Бұл үшін республикада ғылымға негізделген әлеуметтік-демографиялық және көші-қон саясаты жүргізілуге тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер: 1) https://abai.kz/post/9795
2)