«жасыл көпір ұрпақтан-ұрпақҚА» ІV халықаралық студенттік форум алматы, Қазақстан, 2014 жыл, 10-11 сәуір



Pdf көрінісі
бет5/160
Дата07.01.2022
өлшемі5,94 Mb.
#19056
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160
1-ші панельді отырыс  
 ««ЖАСЫЛ» УНИВЕРСИТЕТТЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДАҒЫ СТУДЕНТТІК 
ҰЙЫМДАРДЫҢ РӨЛІ» 
 
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ КЛИМАТЫ 
Ахметов Мади Абылайұлы 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 
 
Климат деген  терминді алғаш рет ғылымға б.з.д. ІІ ғасырда өмір сүрген ежелгі грек 
ғалымы  Гиппарх  енгізді.  Грек  тілінен  қазақшаға  аударсақ  климат  еңкіштік  деген 
мағынаны  білдіреді.  Жер  өз  білігіне    66,5°  еңкіш  болғандықтан  климаттық  белдеулер 
түзіліп,  жер  бетіндегі  табиғат  жағдайлары  қалыптасады.  Климатты  палеоклиматология 
ғылымы зерттейді. 
         Хромовтың  ұсынысы  бойынша  климаттың  негізгі  географиялық  факторлары 
мынадай:  географиялық  ендік,  теңіз  деңгейіне  биіктігі,  жер  бетіне  бойынша  құрлық  пен 
мұхиттың таралуы, құрлық бетінің орографиясы, мұхиттық ағыстар, өсімдік, қар және мұз 
жамылғысы. Сонымен қатар адамның іс- әрекеті ерекше орын алады. 
 
 
 
 
 
 
 
Іле  Алатауының  солтүстік  беткейінде  орналасқан  Алматы  қаласы  теңіз  денгейінен 
700-900  метр  жоғары  Үлкен  және  Кіші  Алматы  өзендерінің  аңғарларында  орналасқан 
географиялық координатасы 43°с.е. 77°ш.б., оның климаты қоңыржай континетті. Алматы 
климатының  қалыптасуына  әсер  ететін  ауа  массалары  қаланың  солтүстігі  жазық 
болғандықтан    қыста  арктикалық,  жазда  күннің  түсу  бұрышын  артуына  байланысты 
тропиктік  ауа  массаларының  ықпалында  болады.  Жылдың  суық  кезінде  Алматы 
климатына Азия антициклонының Батыс тармағы күшті ықпал етеді. 
2010-2012  жылдардағы  ауа  температурасының  өзгерістерін    саралай  келе  мынадай 
қорытындыны төмендегі кестеден  көруге болады.  
2010  жылы  жылдық  орташа  температура  10,6°C,  ал  ең  жоғарғы  температура  22°C 
тамызда +29,8°C, ең төмен температура  -15,4°C байқалды. 
Алматы климатының түзуілуіне әсер ететін факторлар 
Географиялық 
орны
 
Жер бедері 
Ауа 
массаларының 
ықпалы
 


11 
 
2011 жылы орташа температура 10°C, осы жылы ең жоғарғы температура 30 шілдеде 
+30,3°C, ең төменгі температура 2 қантарда -18,3°C көрсетті. 
2012 жылы орташа температура 10,4°C болса, ең жоғарғы температура 23°C тамызда 
+30,7°C,  бұл  3  жылдағы  ең  жоғарғы  көрсеткіш,  ең  төменгі  температура  21°C  қантарда  -
20,9°C тіркелді. 
Алматы  қаласының  жер  бедері  биік  таулы  өлке  болғандықтан  қыста  температура 
инверсиясы байқалады. 
Осы  көрсеткіштерді  осыдан  2  жыл  бұрын  9°C    болса,  2010,  2011,  2012  жылдары 
ауаның  орташа  температурасы  +10,3°C    екенің  анықтадық.  Көрсеткіштерді  салыстыра 
келе  ауа  температурасы  1,3°C  көтеріліп  климаттың  жылына  бастағанына  көз  жеткізуге 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет