Егер сен кибербуллинге тап болсаң, не істеу керек? Кибербуллингке тап болған жағдайда сен қорқып, абыржып қалуың мүмкін.
Ондай кезде мынадай әрекеттер жаса:
әлеуметтік желіде сол адамды бұғатта
әлеуметтік желінің әкімшісіне сен туралы айтылған постқа шағым келтір (әдетте ол үшін «report» батырмасын басу жеткілікті)
ондай хабарламалар/посттарға жауап берме, әйтпесе жағдай ұшығуы мүмкін
осы хабарламаларды/посттарды дәлел ретінде сақтап қой, яғни скриншот жаса
бұл жағдайда сені қолдап, не істеу керектігі жөнінде ақыл-кеңес бере алатын ересектерге – ата-анаңа, қамқоршыңа, мұғаліміңе айт
111 жедел желісіне қоңырау шал немесе біздіңфорумдаөз уайымыңмен бөліс
біраз уақытқа интернеттен шығып, өзіңе ұнайтын нәрселермен айналыс
(велосипед теп, қыдыр, киноға бар) Егер басқа біреу кибербуллинге ұшыраса ше? Біреуді онлайн қорлаған жағдайға куә болсаң, бұны тоқтатуға көмектес. Ондайда жасауға болатын әрекеттер:
осы ренішті суреттерді, фотосуреттерді, хабарламаларды, посттарды біреуге жіберіп, ары қарай таратпа
қорлауды қолдама және оған қатыспа
ол топтан/чаттан шығып кет
сол адамға жәбірлеушіні бұғаттауда көмектес және әкімшіге постқа шағымдан
сол адамға қолдау көрсет: жылы сөз айтып, көмегіңді ұсын
өзіңе қауіпті болмаса, жәбірлеушіге қорлауын тоқтатуын айт
Егер де жасың 18-ге толмаса, ал біреу интернетте сенің жеке фотосуретіңді (мысалы, сен суретте киімсіз болсаң) жарияласа, ол ЗАҢСЫЗ әрекет болып табылады. Ондайдаsafekaznet.kzқызметіне шағымдана аласың, ал бұл заңсыз пост бұғатталады.
Мен өзім басқа біреуді онлайн қорласам ше? Не істеп жүргенің жайлы ойлан Сен туралы біреу ренішті сөздер жазса, сенің қандай күйде болатының жайлы ойландың ба? Алғашқы қадам – ол сенің буллинге жол бергеніңді мойындау. Бәріміз де кейде қателесіп жатамыз, дегенмен бұл сенің жаман адам екеніңді білдірмейді.