Жасөспірімдер арасында келеңсіз оқиғаларды алдын алу. Буллинг, кибербулинг туралы ақпарат беру



бет5/6
Дата29.12.2023
өлшемі27,71 Kb.
#144692
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
буллинг, кибер

Оқушының аты-жөні____________________________


«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Дәріс ата-аналарға
Психолог: Мирасова А.М
2020-2021 оқу жылы
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2012 жылдың желтоқсан айындағы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында балалар – қоғамымыздың ең қауқар және ең қорғалмаған бөлігі деп атап өтілді және мемлекет Қазақстан жерінде туылған әр баланы қорғауға тиіс.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы зорлық-зомбылық, қатыгездік, кәмелетке толмағандарды қанау, қараусыздық пен қадағалаусыздық, өз-өзіне қол жұмсау ісәрекеттері қоғамды толғандыруда.
Балалар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық ахуал тиімді шаралар қолдануды қажет етеді.
Осындай жоғары деңгейде балалардың құқықтарын қорғау және қамтамасыз ету мәселелерінің талқылануы, балалық шақ мәселесі әрқашан сөзсiз мемлекеттiк басымдылықтар болып табылатына сенiмдiлiктi арттырады.зорлық-зомбылықтың кейбір түрлеріне тоқтала кететін болсақ:
Физикалық зорлық – зомбылық – бұл кеңінен тараған жәбірлеудің бір түрі. Осы жәбірлеуде көбінесе отбасында баланы ұрып – соғу жағдаяттары жиі кездеседі, сондай - ақ ата – ана тарапынан, мұғалім тарапынан да балаға қатаң талаптарды жүктеу арқылы зорлық көрсету белгілері білінеді. Осы жәбірлеудің теңдесі жоқ түрі Мюнхаузен синдромы іспеттес. Физикалық күштеу кезеңінде ата – аналар көбінесе балалардың денсаулығында ақаулық бар деген күдікте болады, медициналық зерттеулер қорытындысына да жүгінеді, алайда психологиялық аурудың бұл түрі балада емес ата – анасында деген қорытындыға келеміз.
Эмоционалды зорлық – зомбылық түрі. Бұл жәбірлеудің түрі дәлел мен құптаушының жоқтығынан хабарланбайды. Балаға зорлық көрсетудің эмоционалды түрі күштеудің кең таралған түріне жатады.
Балаға эмоционалдық күш көрсетудің бірнеше санаттары бар:

  1. Жоққа шығару (балаға деген жайсыздықты ата – анасының,мұғалімнің жоққа шығаруы);

  2. баланы оқшаулау (басқа балалардан бөліп қарау)

  3. Баланы бопсалау;

  4. Елемеушілік;

  5. Балағаттау;

  6. Сөз жүзінде жүйкесіне тию;

Зорлық деген сөздің астарында ұрлау, балалар өлімі, дәстүрлі тәжірибеге байланысты жарақат алу, сондай – ақ жыныстық, психикалық және тұлғалық балаларға қатысты тәртіп шаралары сияқты тұлғалық жазалауды қосқанда қиянат жасау түсінігі жатыр.
Конвенцияда балаларға қатысты зорлықтың қандай да түрі болсын, қай жерде болсын ешқандай ақтала алмайды делінген. Зорлық көрген балалар көбінесе тамақтанбайды да түрлі ауруларға ұшырайды, мектепте нашар оқиды, өзін – өзі бағалауы төмен болады. Конвенцияға сәйкес балаларға қатысты зорлық көрсету адам құқықтарының бұзылғандығын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет