Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет161/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   248
А. Байтұрсынұлы
ҚАЗАҚША ҚАТ ТАНЫТУ ƏДІСТЕРІ
«Жаңа мектеп»-тің № 2-де «Ана тілін қалай оқыту керек» 
деген сөз жазғамыз. Онда көбінесе, баланы сөйлеуге, шығарма 
жазуға қалай төселдіру жайын айтқамыз. Жазу-сызу (емле) 
үйрету,  қат  таныту  туралы  əңгімені  Ақаңның  жаңа  əліп-
биі кітап шығуына қаратуымыз. Енді ол əліп-би де шықты. 
Бізде оқытушылар дайындайтын мектепте бала оқыту жай-
ын тексеруге, тəжірибе сабақтарын жүргізуге кірістік. Енді 
ел оқытушыларына өз білгенімізден де қарайласуды дұрыс 
көріп, əдіс жайынан сөз қозғағалы келеміз.
Бұрынғы  сөзімізде  Америке  əдіс  деген  бар  дегеміз.  Ол 
қандай əдіс екенін түсіндірмегеміз. Осы сөзімізде Əмір хан 
əдіс  болсын,  дыбыс  əдіс  болсын  əйтеуір  қарып,  қат  таны-
тудың іс жүзінде керектілерін айтқалы келеміз.
Қатты балаға алғашқы жылы танытады ғой. Ендеше бұл 
сөзімізде  алғашқы  жылы  тіл  сабағы  жайынан  сөйлемекпіз. 
«Жаңа  мектепте»білім  ордасы  жасаған  бірінші  жылдың 
түйдек (комплекс) прағырамы басылып шықты. Бірінші жыл 
туралы əңгіме құруға бұдан себеп болып отыр.
Тіл сабағын түйдек жүйе мен қалай байланыстыру жағын 
бұл жолы сөз қылмаймыз. Түйдек жүйе жайынан айырықша 
жазамыз. Енді түрлері мынау болу керек:
1. Оқи, сөйлей білуге жаттығу
2. Жауға, жазу сөзіне жаттықтыру.
3. Қатасыз жаздырып (емле) үйрету.
Əлде бұлда тым жалпы айтылған сөз болып көрінер, одан 
көрі  де  жіктеп,  жүйесін  аша  түсейік.  Əлгі  үш  түрдің  өзін 
башайлайық.
І- Оқи, сөйлей білу
1.  Көрген,  білген,  бірдеңеден  əсерленгенін  бала  өз  тілі 
мен іргкімей айтып беру.
2. Жеңіл əңгімелерді оқып, тоқығанын қайта айтып шығу.
3. Балаларға лайықты өлең, тақпақ, жұмбақ жаттау, сөйлеуге 
(деклемс), айтысып сөйлеуге (драманизас) дағдылану.
4. Жиылыста сөз сөйлеп, сұрау қоя білу.
ІІ- Жазуға, жазу сөзіне жаттықтыру
1. Оқытушының тақтайға жазған сөзін дұрыстап көшіре 
білу.
2. Кітаптегі сөздерді көшіріп үйрену.
3. Өз бетімен де, өзгелермен бірігіп де плақат (ұран) жаза 
білу.
4. Салынған сүгірет, тұрпат, үлгі астына аттарын жазып қою.
5. Жалпы бақылаған нəрселерін (мəселен күн райы, таби-
ғат құбылысы тəрізділердің календерін сызу) жаза білу.
6. Сөйлемді сөзге, буынға, дыбысқа бөлшектей білу.


412
413
ІІІ- Қатасыз жаздырып үйрету үшін, тілді бақылату
 
1. Қысқа, жеңіл сөйлемдер, плақаттар ішінен таныс сөз-
дерді, буындарды, қарыптарды тапқызу.
2. Дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырту.
3. Жуан, жіңішке дыбыстарды айырту.
4. Дəйекшіні дұрыс қолдану.
5. «У»«ұу»қаріптарын жазатын орындарды білгізу. Бөліп 
тасымалдауды.
6.  Бір  жолдан  екінші  жолға  сөзді  бөліп  тасымалдауды 
білгізу.
7. Ұлы тынысты (тыңғы) қай орында қоюды үйрету.
8. Сөйлем ішінде сөздердің байланыс сұрау қойып, айырту.
Жылдың  басқы  жарымында  жұмыстың  көбі  оқи,  жаза 
білдіруге, кетеді; өз бетімен сөз жазу, өлең, тақпақ жаттау, ай-
тысу, календер жасау, тіл бақылау секілді қиынырақ жұмыс-
тар кейін істеледі.
Алдей мен жазу үйрету жолдарын айтайық.
Осы  күнде  орыс  мектептері  қолданып  жүрген  үш  түрлі 
жол, əдіс бар: дыбыс əдісі, ойнамалы дыбыс əдісі, тұтас сөз 
(Америке) əдісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   157   158   159   160   161   162   163   164   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет