Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет172/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248
Біліп көшіру
Кеспе қаріптен жасаған сөйлем, плақат, тақтаға жазылған 
сөз,  əліп-бидегі  сөйлеулерді  оқушылар  оқып  танысқаннан 
кейін,  əбден  ұққаннан  кейін  ғана  көшіреді.  Дəптерлеріне 
жазғанын тақтайдағы жазуға қарап түзетеді. Дұрыстайды.
Содан  кейін  дəптерінен  оқиды.  Сөйлемді  жақсылап 
оқыттырып сөзге буынға айыртасың; сонан кейін көшіреді. 
Алған сөйлем қайталай бермес үшін, сөздің орнын ауысты-
рып  жаңа  сөйлем  құраймыз.  Оқытушы  тақтаға  жазғанда, 
қолының қозғалысы, жылжуын оқушылар байқап-байқап от-
ыруы керек. Қай қаріптің қалай жазылатындығы түсіндіріледі 
(«к» (ڪ)шегірткенің сирағы сияқты) біліп көшіру қаріптің 
таңбасын жақсы түсінуіне үлкен себеп.
Көріп ұққан жазу
Буынға бөліп жүргенде жақсы ұққандарын жаздырта бас-
таймыз. Себебі, олардың буынға көзі үйреніп таңбасы көке-
йіне қона бастаған кезі.
Оқытушы түсінгендігін байқайды да жазылған сөзді өші-
ріп  тастайды.  Көріп  ұққанын  оқушылар  дəптерлеріне  жа-
зады.  Алғашқы  ұғынулары  сараң  болсада,  кейін  тез  түсіне 
бастайды.
Буын мен танысып, жаңа сөз сөйлем құраймыз. Мəселен, 
«о-рақ, шал-ғы, бал-та, сай-ман»–таныс буындардан «тағы, 
тарақ,  оғы,  обал»сияқты  сөздер  құралады.  Буындар  мен 
жақсы танысса онша қиналмай ақ ой мен жаза бастайды.
Өздігінен жазуға шала кезде не істеледі?
Ұққанын өздеріне жаздырып дағдыландырып жүргенде, 
олар сөйлемнің бар сөзі мен таныс болмауы мүмкін. Мəселен, 
«шалғы – орақ, балта-сайман» – сөйлемнен «шалғы»ны біле-
ді. Онда таныс сөзді ғана оқып, жай сөздерді тақтаға жазып 
оқығаннан кейін көшіреді. Оқушылар таныс сөзді естігеннен, 
жат сөзді көргеннен дəптерлеріне көшіреді.
Өздігінен жазуға көшу
Бұдан кейін жазу үйреткенде, жазудың қарасы көшіртіл-
мейді. Тек ашық, анық қылып оқып береміз. Естігенін жаза-
ды; кей бір айтуға қиын сөздер болмаса, сөз, сөйлеуді есті-
геннен жазып алуға шамасы да келе бастайды. Мұндай қиын 
сөздерді газет, журнал кітаптан таптыру жөн. Қиын сөздерді 
тізген дəптерлерінен қарасын; бірақ, мұның өзіндеде оқушы 
көмек күтіп тұрмасын.
Жазу ережелерін, қатесіз жаздырту туралы
Қарып  қалдырмай  жазуды  (буындау  мен  түсіндіріледі). 
Нұқта  қоя  білуді,  қосылмай  жазылатын  қаріптерді  айыра 
білуді,  кей  бір  қаріптердің  түрлі  болып  жазылатындығын 
білдіру керек. Жазудың қиын ережелері мен таныстыра қою 
қиын. Олардың жазғанын сауатты адам иə оқушылар өздері 
танырлықтай болса жетеді. Жазбай тұрып алдын ала буын-
датып алу мен қате кетірмес жағы ескертіледі.
Кіласта ұйымдасқан түрде дағдыландырғанда, қатесі те-
гіс  түзетіледі.  Түзеткенде  қатесін  сызып  тастама,  керекті 
болған  əріптерді  үстінен  жаз.  Не  өшіртіп  орнына  тиістісін 
жаздыр. Сөйлеуді оқытушы тақтаға жазады. Оқушы жазып 
алғаннан  кейін  қатесін  дəптерлерінен  түзетеді.  Үйге  тап-
сырған  жұмыста  не  оқушылардың  өздері  жазғанда  кей  бір 
ұйқас қаріптер қате жазылады.
Мəселен, «жастық» орнына «жасдық» деп жазады. Мұн-
дай қателерге онша шұқшимасада болады.
Өйткені, мұндай қателерді зерттеп қаза берсең олардың 
əлі келмейтін қиын ережені айтудың керегі жоқ. Қиын ере-
желермен басын шатастырасың. Қорғаншақтыққа айналды-
рып қатесі көбеюіне себеп болуымыз мүмкін.


448
449
Сөзге үйрету
Алғашқы сабақтан бастап ақ. Əңгімеден қорытып ұйым-
дасқан түрде шығарған сөйлеуді жаздыртамыз.
Көбінесе сөйлем шығарарда 5 – 6 бала ғана қатысып, өз-
гелері  сөз,  сөйлем  құрасуға  кіріспей,  даяр  сөйлемге  ие  бо-
лады.  Сондықтан,  əліп-биде  жүргенде  сөз  үйренуге  ынта-
сын  аудару  үшін  жеңіл  сұраулы  анкетке  жауап  қайыртып, 
əдеттендіреді.  Əліп-биді  өткеннен  кейін  сұрауға  жауап  қа-
йыртып, əдеттендіру көбірек ұсталады.
Қаріпті түгел біліп, əліп-би өтелмеген кезде, оқушыларда 
сөз қоры аз. Əліп-биі өтілген соң бұл кемшіліктен құтыламыз. 
Өйткені,  қандай  сөз  болсын  оқушылар  жазалатын  болады. 
Алғашқы уақытта шамасы оңай келетін жеңіл сұраулар қо-
йылады. Бұдан кейін мазмұны қысқа болсада, сөзді көбірек 
тілейтін қиын сұраулар қойылады.
Осы тəртіп пен дұрыс сөйлем құраттырып сөзге үйретеміз.
Өздігінен жазып үйренудің əуелгі кезі
1. Анкет (сұраққа жауап қайыртып жазғызу)
2. Өтініш (ұйымдасқан түрде шығарған жалпы жөні) қат.
3. Пыртокол. Əуелгі кезде пыртоколдың дəл өзі болмаса-
да, шығарған қаулыны жазып үйренеді.
4.  Қат.  Көбінесе  оқушылардың  жазған  қаттарының  сөзі 
байланыссыз, мазмұны жеткіліксіз болады; сондықтан жал-
пы бірігіп, оқушылардың ұнатқан сұраулары алынып, жаса-
ған жоспар бойынша жазады.
5. Қабырға газеті (алғашқы кезде бір нешеулерінің белсен-
ділігі  мен  шықсада,  кейіннен  көпшілік  кірісіп  ат  салысуға 
жарап кетеді).
6. Жергілікті газетке сөз беру (мəселен, қабар дейік).
7. Кітаптан пайдалану. Кітаптан пайдалану үшін, не оқы-
ғаны  туралы  қысқаша  жазып  отырсын.  Жазғанда  кітаптың 
атын жазушысын, к) қысқаша мазмұны, д) кітапқа баға беру, 
өзінше қорытынды шығару жағын ұсынасың. Тегінде мұн-
дай жұмыстарды үйде істетеді.
Үйге жұмыс тапсырудың жөні
Алғашқы  сабақтарда,  дыбыстар  мен  танысқанша,  үйге 
жұмыс берілмесін, өйткені, алғашқы кезде дыбыс пен таны-
стырып  алмасаң,  кейін  сазайын  тартасың.  Бөгеліске  ұшы-
рауың мүмкін. Кіласта жазғанын үйінде тағы жазсын. Түбін-
де олардың жақсы ұққаны керек.
Əліп-биді өткеннен кейін бала сүйген кітабынан көшіріп 
жазуға ерікті. Бірақ ұғып көшірсін. Сөйлеуді жазбай тұрып, 
əр бір сөзді буынға айырып жазғанын дұрыстай алсын.
Жазып алған мазмұнынан басқада, өздерінше қорытынды 
шығарып  жұмысын  толықтырсын.  Мақаланы  алдындағы 
өмірдегі тақырыптан алу керек.
Мұрат-бек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет