Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет174/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   248
ТƏЖІРИБЕ САБАҚТАРЫ
V күн
(Балалардың  бойын  өлшеу,  жуан,  жіңішке,  ұзын,  қысқа 
деген  сөздерден  толық  ұғым  алу,  балалардың  салмағын 
өлшеу, ауыр, жеңіл туралы ұғым).
Таразы: бұт, қадақ. Дыбыс таңбасы мен таныстыру, жай 
сызықтар. Мектеп орамында тəртіп пен жүру. Мектеп ала-
бына шығарып жаратылыс белгілерін бақылату).
Үнді немен өлшейді; əкелерің жер-майды қаладан бұттап 
əкеле-ме, қадақтап əкеле-ме? Бұт үлкен-бе, қадақ үлкен-бе? 
Сен жаңа өлшегенде неше бұт, неше қадақ болдың? мынау 
сенен ауыр-ма, жеңіл-ме? Сенің бойың неше кез, неше сүйем 
болды?  Сүйемді  ширек  деп  айтсақ,  бола-ма?  Бір  кез  неше 
сүйем  болады?  Мен  кезді  сүйемдеп  көрейін.  Неше  сүйем 
болды? Енді 4 ширек болды десек, жарай-ма? Сенің бойың 
бір бұт, 3 ширек десек, дұрыс-па? Неге?
Бұт, қадақ сықылды өлшеулер мен нəрсенің жуан жіңіш-
келігін, ұзын, қысқалығын өлшеуге болама?
Кім тақтаға келіп тік таяқ салады? Сен тақтаға жазып көр. 
Бəрің  де  жаза  аласыңдарма?  Дəптерлеріңе  жазыңдар.  Сен 
қарындашыңды түзу ұста, сен түзу отыр. Жазғанда партаның 
қақпағын жауып, дəптеріңді ылғи осылай салып əдет қыл!
Сендер,  айыр,  тарақ,  пышақ,  орақ,  балға,  балта,  шалғы, 
қайшы, терезе, күрек, біз, түйме, шананың басы, имек таяқ 
сықылды нəрселердің суреттерін сала білесіңдерме? (мұғалім 
өзі  бұл  айтылғандардың  ішінде  жабайы  сызықтардан  са-
лынатындарын  тақтаға  біртіндеп  сызып  көрсетеді)  осы 
айтылғандарды қабықтан, қағаздан қиып жасап көріңдер.
Кеше біз «а» таңбасы мен оның дыбысы мен таныстық. 
Бүгін де бір сондай сабақ оқылық… мен бір дыбыс шығарайын 
тыңдаңдар… шуламай, жақсы тыңдаңдар! «р-р-р-р»
Байқадыңдар-ма, нендей дыбыс. Қосылып айтыңдар, та-
ғы …тағы сен, жеке айт!
Енді дыбыстың тақтаға таңбасын салайық. Не сықылды? 
…  мұны  жасап  жаза  аласыңдар-ма?  Мен  тақтаға  жазайын, 
сендер  дыбысын  шығарыңдар!  Мен  дыбысын  шығарайын, 
сендер  жазыңдар!  Сен  дыбысын  шығар,  сен  тақтаға  жаз! 
Дұрыс жазды-ма, қай жері келмеді? Сен келмеген жерін жа-
зып түзет! Дұрыс түзетті-ме?
Енді мына жəшіктен қатырма ал! (кеспе қаріптерді аралат-
тырып) мынадан «р»ды тап! Дұрыс таныды-ма? қатырмаға 
жапсырып, «а»ның қасына іл!
Бұларды  балалар  əбден  істегеннен  кейін,  м.  балаларды 
тыныс ретінде далаға шығарады.
Біріңнің соңыңнан бірің тізіліп жүріңдер, сен басқалары-
нан тез жүріп, озып кетпе! Шетке шығып кеттің. Бүкірейме 
кеудең мен басыңды бірдей ұста! Басыңды қисайтпа! Қолың-
ды жай сал, алдарыңа қарап түзу жүр!
Мен  «бір»  дегенде  сол  аяқтарыңды  бас; «екі»  оң  аяқта-
рыңды бас!… «бір!»… «екі»….
Ағашқы қарай бет алып жүріңдер! (ағаш арасына келіп, 
тоқтап)  қандай  ағаштар  бар?  қай  ағаштың  жапырағы  көп 
сарғайған? Көк тұрған қандай ағаштар бар? əр ағаштың жа-
пырағынан  бір-бір  жапырақ  алыңдар!  Кітаптарың  арасына 
салып,  қағазға  суретін  саларсыңдар!  қатырма  қағазға  жап-


456
457
сырып, үйдің қабырғасынада ілерсіңдер! Күзгі жапырақтың 
суретін  сары  бояу  мен,  жазғы  жапырақты  жасыл  бояумен 
бояңдар!
VІ күн
(Балалардың тазалығы. Үйдегі істері. Үй ішінің тазалығы, 
мектеп ішінде тазалық сақтау тəртібі).
Таң  ертең  ерте  тұрасың  ба?,  кеш  тұрасың  ба?  Тұрған  соң 
не қыласың? мал жайлауға шығарсын – иə, онда не істейсің? 
мал  жайлап  келген  соң  не  қыласың?  Сабақтан  кешікпейсің 
бе? қалай жуынасың, жылы сумен-бе, салқын сумен-бе? Таза 
жуынасың-ба? Сабын мен-бе? қала сабыны болмаса, қара са-
бын мен неге жуынбайсың? бет сүртетін орамалың үй ішінен 
бөлек-пе,  бір-ме?  Бір  болса,  қотыры  бар  балалардан  жұқпай-
ма? (бөлек  болғаны  жақсы-ма,  неге?)  астың  алды,  артынан 
қолдарыңды  сабындап  жуасыңдар-ма?  өз  орамалдарыңа  ғана 
сүртетін шығарсыңдар? Жатқанда сырт киімдеріңді басқа са-
ласындарма,  ірге  тазама?  Насыбайшы  қонақтар  іргеге  түкір-
мей ме? Іргедегі киіздің асты қақырық емес пе? Іргеге түкіру 
қалай?  Əжең  мен  əкең  ненің  ішіне  түкіреді?  қақырған  ыды-
сына  күл  сала-ма?  қақырықтан  сендер  сақтанасыңдар  ма? 
Үй  ішінде  кез  келген  жерге  сендер  түкірмейтін  шығарсың-
дар?  Ылғи  шылапшанға  (легенге)  түкіретін  шығарсыңдар? 
Кілеріңді жұма сайын жудырасыңдарма? Таза көйлек киерде 
шомыласыңдар-ма?  Денелеріңді  сабындап  шекпен  мен  ысып 
жуатын шығарсыңдар? Суға жұма сайын түсесіңдер-ме?
Моншаны білесіңдер-ме? Монша қандай жерлерде бола-
ды? Ауыл арасында бар-ма? Ол неге керек, бит неден бола-
ды? Дене кір болмаса, киген киімдер кірден таза болса, кісі 
биттей-ме?
Жеке қол орамалдарың бар-ма? Жатқанда бөлек жатасың-
дар ма? Басқа кісінің төсегіне жатпау, отырмау керек. Неге? 
Жатқанда беттеріңді ашып, қолдарыңды көрпенің сыртына 
шығарып жатып əдеттеніңдер!
Үйлеріңде  жазу  жазып,  сурет  салуға  болатын  шығар, 
қағаз-қарындаштарыңды  орындарыңа  тастап  кетпей  жинап 
қоятын шығарсыңдар? 
Əжең үйде не істейді? Үйді таза ұстай-ма? Қалай сыпы-
рады? Ыдыс-аяқ, орамал-дастарқандары таза-ма? Біздің мек-
тепті  кім  таза  қып  ұстайды?  Əр  қайсымыз  мектепті  таза 
ұстаудың жолына кірісуіміз керек-пе?
Біз бəріміз бірдей жүрмей, мектепті күнде кезектесіп, та-
зартып отырсақ… ! Күнінде екі үлкен бала, 1 – 2 кішкене ба-
ла бірігіп кезу (дежурный) болсақ… Олардың істейтін істері 
мынадай болсын десек: 
«Балалар мектептен шыққаннан кейін, мектептің ішін сы-
пырсын, əуелі сыпырмай тұрып су себілсін! Неге?
Есік-терезелерді ашып қойсын! Сыпырып болғаннан кейін 
парта,  тақталарды  орындарына  қойып,  беттерін  дымқыл 
шүберекпен  сүртсін!  Неге?  Қара  тақтаны  бұрын  даярлап 
қойсын.
Енді, бұларды біз «кезудің міндетті істері»деп үлкен қып 
жазып, жоғары қабырғаға (дуалға, жарға) жапсырып қояйық; 
кіласқа  кіргенде  де  өзімізді  тəртіп  пен  ұстайтын  болсақ?! 
Əрбір  жеке  адамның  қолдануға  міндетті  тəртібі  мынадай 
болсын десек!
1.  Əр  кім  кіласқа  кіргенде  жайы  мен  келіп  орындарына 
отырсын. 
2. Сабақ уақытында дауыстап шуламасын.
3. Біреудің тəрсесін біреу орнынан сұраусыз алмасын.
4.  Отырған  жеріне  қақырып,  түкірмесін.  Қарындаш  жо-
нып, қағаз жыртып қоқытпасын, партаны сызбасын.
5. Тынысқа шыққанда жүгірмей, айқайламай шықсын.
6.  Мектептің  сыртында  да  кез  келген  жерге  түкірмесін, 
мектептің қабырғасын (дуалын) сызып, қаралап боямысын.
7. Кезу болған адам балалардың сабаққа келуін белгілеп 
отырсын.
(Бұл  айтылғандарды  ірі  қылып  жазып  қабырғаға  ілу.  м. 
өзі  істеп  үйретсін)  кезу  болған  адам  балаларға  басшылық 
қылсын. Қарып пен таныстыру, бұрынғы түрде жабайы су-
реттерге жаттықтыру керек.


458
459


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   170   171   172   173   174   175   176   177   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет