Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет199/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   248
АНА ТІЛІ ƏДІСІНІҢ ПҰРАҒЫРАМЫ
1. Қат таныту əдістері.
а) Қат таныту алдындағы жұмыстар:
б)  Қат  танытпай  тұрып  балалардың  тіл  білу  жөніндегі 
мағлұматы  мен  танысу;  өлең,  тақпақ  ертегі-жұмбақ,  мақал 
сияқтыларды қандайлық білетінін байқау.
с) Балаларды өзіне үйір қылу – сөйлету, ойнату.
ж) Балалардың ден саулығын бақылау.
д) Мектеп тəртіптері мен таныстыру.
е) Балаларға орын белгілеп беріп, бойына, жасына, көру, 
есту қуатына қарай реттеп отырғызу.
ə)  Тазалық  жайынан  жабайы  міндеттер  тапсыру,  істету, 
бақылау,
г) Қолдарын ою-сызу, сүгрет салуға төселдіру.
2.  Балалардың  құлағын  сөзге,  буынға – сөйлемге 
төселдіру; ол үшін істелетін түрлі əдістер.
3. Дыбыс əдісі. Əдіс пен қат танытқандағы жұмыс кезең-
дері. Дыбыс əдісі мен тəжірибе сабағы.
Дыбыс əдісінің қат танытуға қолайлы жақтары, қолайсыз 
жақтары.
4. Тұтас сөз əдісінің негіздері, тұтас сөз əдісі мен сабақ 
беру (тəжірибе сабағы) қандай болады, тұтас сөз əдісінің та-
раулары, бұл əдістің қазақ мектебіне үйлесімі.
5. Пернелі-қимылды əдіс (шапішне кіпше), бұл əдістің негізгі 
кезеңдері,  тəжірибе  сабағы,  бұл  əдіске  əліп  би  кітаптарының 
керегі жоқтығы, қазақ тұрмысына үйлесімді, үйлесімсіздігі.
6. Буын əдісі. Бұл əдістің өзгешелігі, буын əдісі мен сөз-
буын əдісінің айырмасы. Бұл əдістер мен оқыту жолы.


544
545
7. Бұл əдістің қазақ мектебіне қолайлы-қолайсыз жақта-
ры.  Дыбыс  əдісіне  басқа  əдістер  мен  оқытқанда  материал-
дарды қайдан алу, ол материалдарды комплекс тақырыптары 
мен  қалай  үйлестіру,  қат  танытқанда  көрнекі  құралдарды 
қалай пайдалану.
2. Тіл ұстарту.
1) Əңгімелесу сабақтары. Əңгіменің мақсаттары əңгіменің 
материалдары мен түрлері қандай болу керек.
2)  Сұраулар  қандай  болу  керек,  балалардың  жауабын 
қалай сынап, қалай пайдалану керек.
3) Əңгіме құру (сөйлеп беру, сөйлету). Балалардың əңгі-
месі, мұғалімнің əңгімесі.
4)  Əңгіменің  іргелі  кезеңдерін  байқату;  ол  кезеңдеріне 
балалардың ынтасын аудару.
3. Оқу, (кітап оқу)
1) Əр бір оқылатын нəрсенің (əңгіме, мақала, өлең ертегі) 
мақсаты.
2) Оқылатын əңгімелердің материалын көмплекс пен үй-
лестіру.
3)  Əңгіме  оқытудың  түрлері,  жоспарлары,  бөлімдерін 
тақырыптау, қортынды шығару.
4) Кіласта (мектепте) оқу, үйде оқу, бұларға қойылатын 
шарттар.
5) Əңгіменің қайраткерлері атынан сөйлеттіру, айтыстыру.
6) Өлең, тақпақ жаттату, қандай өлең, тақпақ таңдау, қа-
лай жаттату.
7) Шебер сөйлеуге (деклемес) төселдіру.
4. Жазу емле.
1) Жазу жұмыстарының материалы қандай болу: сабақтың 
бақылаған нəрсенің, серуеннің, əңгіменің, түйіндерін жазды-
ру, күнделік жүргізу, шақыру, жарнама, мəжіліс қат, сəлем 
қат, баяндама, ұран, пылакат.
2) Жазудың түрлері: қотарма, жат жазу, жұмбақтата жазу 
(задаш)  бұл  түрлердің  жақсы,  жаман  жерлері:  əр  түріне 
қойылатын шарттар.
3) Бірігіп ойдан жазу, жеке ой жазу.
4) Ой жазу материалдары, тақырыптары əр жылда қандай 
болу.
5) Балалардың жазғанын түзету жолдары.
5. Тіл заңдарын бақылау
1) Тілді бақылағанда қандай материалдар алу.
2)  Бақылау  жолдары:  салыстыру,  жіктеу,  іріктеу,  астын 
сызу,  тастап  кеткен  əріптерді,  буындарды,  сөздерді  ойлап 
табу,  сөйлем  жасау.  Жұмбақтардан  (задаш),  зерттелген 
жұмыстардан қортынды (ереже) шығарту, желі (схема), пы-
лан жасату.
3) Дыбыстары жіктеу (дауысты, дауыссыз; жуан дауыс-
ты, жіңішке дауысты, ұяң, қатаң, ымыралы, ымырасыз ды-
быстар, қ, ғ-лардың дəйім жуан естілуі, г, к-лердің жіңішке 
естілуі. Олардан кейін қандай дауыстылар жазылатындығы, 
ол əріптердің бірінің орнына бірі жүретіндігі. Түбір сөз, ту-
ынды  сөздер,  жұрнақтардың  сөз  мəнісін  өзгертуі,  жалғау, 
жұрнақтардың бірге жазылуы.
Жалпылағыш, жалқылағыш сөздердің, қосымша қосалқы, 
жалғаулықтардың қалай жазылуы. Сөз таптары мен, сөйлем 
мүшелері мен таныстыру.
Пайдаланатын материалдар.
1) Жаңа мектеп жорналы: 1925-жылғы, 2-нші саны.
1928- жылғы 4, 5-сандары.
1929- жылғы 2, 3- сандары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   195   196   197   198   199   200   201   202   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет