Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет207/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   248
БІЛІМ КЕҢЕСІНІҢ ПҰРАҒЫРАМЫ 
ЖƏНЕ 1-БАСҚЫШТА АНА ТІЛІ
Оқытушының əңгімесі
Басқаларды тыңдағаннан ауыз екі сөйлеуді білеміз. Сон-
дықтан  оқытушының  сөзін  тыңдағаннан  бала  білім  алады. 
Оқытушының сөзін тыңдағаннан балалар үлкендер сөзін тү-
сінуге дағдыланады. Бала жаңа сөздер біледі. Бірақ ол жаңа 
сөздерді  оқытушы  бірден  жүндей  көпіртпей,  бірте-бірте 


564
565
күргізуі керек. Оқытушы тілі балаға үлгі болуы керек. Бірақ 
бала түсінерлік болсын; біліміне, жасына сəйкес келсін, əрі 
бөлім баласына сөйлейтіні, əрійне əр түрлі болады.
Оқытушының əңгімесі де қысқа болады. Баланы шаршат-
пайтын əңгіме мөлшерін оқытушы тажрибе мен біледі. Бала 
жалығып ойынға айналып кеткеннен «Тағы айт» деп отыра-
тын қысқа əңгіме артық. Əрине төртінші жылдары оқытушы 
бұрынғыдан ұзағырақ сөйлесе де балалар жалықпайды.
Оқытушы əңгімесі темеден шығарылады. Мəселен бала-
лар үй қайуандарын сөз қылған да, оқытушы мал жайынан 
қызғылықты қысқаша əңгіме айтуға болады. Бала ықыласы 
тыңдау үшін, əңгіменің маңызы оған қызғылықты болсын.
Əңгімелесу
Көмпілекіс темелерін оқыған да, оны, көп жерлерін əңгіме 
мен түсіндіруге тура келеді. Бірақ бұл күнде əңгімелесу өте 
көп ұсталады. Мұндай көп сөзден қашу керек.
Оқытушының жетекші сұрауына, бақылаған нəрсесі жай-
ында  балалар  жазып  иə  ауыз  екі  жауап  береді.  Ол  жауабы 
талданып қорытылады. Болашақ жұмыс жайында да əңгіме 
болуға  мүмкін.  Бақылаған  нəрселерінен  бала  өзінше  сурет 
салады.  Білмегенін  білгендерден  сұрайды.  Мұның  бəрінің 
соңынан бірігіп ауыз екі шығарма жазуға болады. Бақылау 
нəтижесін қорытқанда, көп сөйлеуден, жазып, сызып, есеп-
теп жұмыс қылған артық.
Əңгіме  жалпы  бала  араласарлық  болуы  керек.  Балалар  өз 
арада  əңгіме  жасайды.  Алғаш  кезде  бала  оқытушының  сұра-
уына жауап береді. Бара-бара өздері сұрау қойуға, сұрауға жа-
уап алуға əңгіменің пыланын тақтаға жазуға, басқаның ойын 
тыңдауға, тиісті жерінде сөз сұрап алуға дағдылануы керек.
Бақылаған нəрсесі жайында балалар пікір алысады, қорту 
шығарады, жазып-сызып із қалдырады. Əңгімелескенде ғана 
пікір алысуға болады.
Алғашқы жылдары оқытушы өзі үшін əңгіменің пыланын 
жазуға болады. Үшінші, төртінші  жылдары əңгіменің пыла-
нын жасауға балалардың өздері де қатысады.
Кілас пен мектеп жыйылысына араласу
Жыйылыста анық жəне жұрттың делебесін қоздырып сөй-
леу – қоғам жұмысының бір тірегі. Өзі сөйлей алудан басқа, 
біреудің сөзін дұрыс тыңдай білу де керек, көп жыйналған 
жерде тəртіп те сақтай білу керек. Мұның бəрін бала мектеп-
те жүріп үйренеді. Əуелгі кезде жас бала ұйаң болады, ойын 
топта айта алмайды. Сөз белсенділігі іс қыла бастаған сайын 
артады. Бала əуелі өз кіласының, соңынан мектептің жыйы-
лысына араласады. Кіласында жас бала белсендірек болады, 
мектеп жыйылысында сөйлеуге бара-бара ашылады.
Мектеп жиылысына барлық баланы араластыру – мектеп-
тің мақсаты жыйылыста ылғи жар жақ, мылжың балалар ғана 
сөйлемей, ұяң балалар көп сөйлеу жағын қарастыру керек. 
Сөйлей білу, басқаны тыңдай білу, тəртіп сақтау, басқаның 
сөзін бұзбау – жыйылыстың шарты. Мұны бала жыйылыс-
та бола-бола, үлкен балалардың сөзін тыңдай-тыңдай, жиы-
лысқа қалыптана бара үйренеді.
Өлең мен тақпақ
Бала  қара  сөз  бен  өлеңді  айыра  алу  үшін,  сауат  ашып 
жүрген  кезінде  ақ  қысқа  қызғылықты  өлең  жаттату  керек. 
Əуелгі  кезде  балалар  өлеңді  оқытушы  айтқанынан  жатқа 
үйренеді. Кітаптағы иə басқа өлеңдердің тəуірін таңдап алып, 
оқытушы  балаларға  үйретеді.  Бала  өлеңді  ырғағына  дұрыс 
келтіріп айтуы керек. Оның үшін оқытушы құры ақыл айт-
пай,  өлеңді  қалай  оқыйтынын  көрсетіп  беруі  керек.  Дұрыс 
оқығанда ғана өлеңнің мəнісін түсінуге болады.
Өлең балаларға жеңіл, қызғылықты болсын. Өлең бала-
ның көңілін көтерсін. Оның үшін мағынасы да, сырт жағы да 
сұлу болу керек.
Бала өлеңдерін əуелі кіласта, соңынан үйірмесінде айтып 
үйренеді.  Əр  балаға  да  тақпақ-өлең  айтқызып  көру  керек. 
Баланы көп араластыру керек. Соңынан сауық кештерінде, 
мыйрамдарда балалар тақпақ сөйлеп дағыдыланады. Мұндай 
үлкен  жыйылысқа  шығар  алдында  құнттап  əзірлену  керек. 


566
567
Оған  бас  көз  болатын  оқытушы.  Бірақ  тақпақшы  балалар 
өзіне əртіс сыйақты қарап, мен-менсіп кетпесін.
Сақына ойыны
Əрине балалар сақына ойыны үлкендердікінен бір басқа. 
Қала берді балардың жасына қарай да əр жасқа əр түрлі бола-
ды: кішкене өлеңді кіласта айтқаннан бастап сақына. Шығып 
сауық кешін қойуға шейін сақына ойыны бола береді.
Сақына ойынының тілге керегі сол – балалар басқаларға 
еліктеп,  тілін  түзетеді;  басқаларға  еліктеу  үшін  олардың 
тіліндегі айырмашыққа зейін салады: басқалар тіліне салып 
айтам деп, балалар байқаусыз өз тілін дамытады, жаңа сөз 
бен танысады. Міне осы еліктеуден біреу сөзіне зейін салып 
қарап, жатып əдебиет тілін сіңіруіне себеп болады.
Сүйтіп сақына ойыны баланың тілді белсеніп білуіне се-
беп болады.
Оқушының байандамасы
Бала байандамасы үлкен адамдардікіндей тым құрғақ, іш 
пыстыратын болмайды. Ондай байандаманың керегі де жоқ. 
Бала  байандамасы  дегеніміз – бақылаған,  иə  тапсырылған 
жұмысты қалай орындағанын айтып беру. Сондықтан бала 
байандамасында басқаларға керекті соны нəрселер болады. 
Мұндай баяндама істеген бала түгіл басқаларына да пайда-
лы болады. Бала жазып алып иə ауыз екі байандама жасай-
ды. Жазылған байандаманы да ауызша айту керек.
Оқытушы баланың кеміс жерін толықтырып түзеп отыра-
ды. Бірақ сол түзеген мен мүсе тұту керек. Оны жаман-жақсы 
деп  талдап  жатудың  керегі  жоқ.  Оқытушы  əсіресе  барлық 
балада болатын кемшіліктерді көрсетіп отырады.
Мектеп  қоғамының  мүшесі  қатарында  оқытушыда  байан-
дама  жасайды.  Ондай  байандамасына  оқытушы  да  əзірленіп 
бару керек. Тіл, мағына, сырт жағынан балаларға үлгі болсын.
Балалар байандамасына жекелеп те, бірігіп те даярлануға 
болады. Біріккен байандамаға балалар бірлесіп дерек жый-
нап, бірлесіп кеңесіп, арасынан біреуін байандамашы қылып 
шығарады.
Баяндама үшінші жылдардан басталып, төртінші жылдары 
күшейеді. Байандама балалардың белсенділігін арттырады.
Оқытушының міндеті
Баланың тілін ұстарту үшін оқытушы не істеу керек? – ал-
дымен оқытушы баланың тілін бақылап зерттеу керек. Бала-
ның жасы бірдей болса да, тілге байлығы, сөйлеу түрі, білетін 
сөзінің  өзі  де  түрлі-түрлі  болады.  Бұл  тіл  айырмашығы  əр 
баланың өскен шарттарына қарайады. Онан соң балалардың 
кей  сөздерді  толық  мағанасында  жұмсамайтындары  да  бо-
лады. Қандай баланың тілінің қандай кемістігі бар, неге тілі 
келмейді – мұныда байқау керек.
Онан  соң  баланың  тұрған  жерінің,  тілінің  айырмашығы 
мен де танысу керек.
Міне осылай зерттеген соң, ең алды мен оқытушы баланың 
тілінің мүкістігін жойу керек. Мəселен, кей баланың тілі «р» 
ға  келмейді;  кей  баланың  тілі  «л»  ға  келмейді;  кей  «с»  ты 
ылғи  «ш»  қылып  сөйлейді  (серке – шерке);  кей  біреулері 
«ш» ті ылғи «с» қылыады (шал – сəл). тілдің мұндай мүкісін 
түзейтін педегогикенің түрлі əдісі бар. Бірақ мұндай мүкісті 
түзеу  үшін  оқытушы  алды  мен  дыбыс  жолдарын,  дыбыс 
қалай  шығатынын  білу  керек.  Оны  біле  алмаса,  жақын 
жердегі  доқтырға,  иə  пелшірге  ақылдасу  керек.  Олар  бала 
тілін қалай түзеуді біледі. Тілдің мұндай мүкісі баланың сөз 
мүшелерін  менгере  алмағанығынан  болады.  Мұндай  бала-
ларды мысқылдамай, кекетпей, қолдап отыру керек. Болар-
дың  тілі  айналасындағы  дұрыс  сөзді  есту  мен  жөнделіп 
кетеді. Сондықтан бұлардың құлағына дұрыс айтылған сөзді 
көбірек сіңіру керек.
Əсіресе  кекеш  балаларға  зейін  салу  керек,  кекештік 
баланың жұлын жүйесіне (нербі) байланысты. Мұндай бала-
ларды  кекетуге,  мысқылдауға,  ұйалтуға,  кейуге  болмайды. 
Мұндай  балаларды  не  ғұрлым  қыспай,  састырмай,  еркіне 
жіберіп сөйлету керек.


568
569
Жатық тілге бала оқытушы мен кітап тіліне еліктеп барып 
үйренеді. Жатық  тілге шым-шымдап үйрету керек. Үшінші 
жылдан бастап қана балаға өз тілі мен жатық əдебиет тілін 
салыстыруға болады, білім атауларын (термін) балалар дұрыс 
айтып,  дұрыс  жазып  үйренулері  керек.  Сөйлемді  дұрыс 
құруға  бала  бірте-бірте  үйренеді.  Оны  да  дұрыс  сөйлеген 
адамға (оқытушыға), кітапқа еліктеп біледі. Сондықтан бала 
кітабі мен оқытушының тілінде көп мəн бар.
Телжан Шонан ұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет