Жауапты редакторлар: ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Р. Сыздық



Pdf көрінісі
бет216/248
Дата06.01.2022
өлшемі3,26 Mb.
#14345
түріБағдарламасы
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   248
ТҰТАС СӨЗ ƏДІСІ
(Аймақтық нұсқау мектебіндегі 
оқыту қызметінің тəжірибесі)
Мен  осы  мақалада  қазақ  қолданып  отырған  араб  қаріп-
тері  мен  тұтас  сөз  (Америке)  əдісінің  сауатсыздық  жою 
мектепттерінде жолдас бола аларлық түрлері қанша, – соны жа-
замын. Менің бұл жазып отырған мақалам – тек білгішсініп 
ойға келгенді жаза салған емес, аймақтық нұсқау мектебіндегі 
тұтас сөз əдісі мен жүргізілген сауатсыздық жою қызметінің 
анық тəжірибесі.
Тұтас  сөз  əдісі  мен  оқытқанда,  сауатсыздарға  дыбыс 
əдісіндегі  секілді  əуелі  дыбыс,  содан  соң  бір-екі  дыбыстың 
таңбалары  көрсетілмейді, - бірден  тұтас  сөйлем  үйретіледі. 
Мəселен: «Жер – ел жері» «Ел жерін бай жерленді», «Бай мал 
малданды»  деген  сөйлемдердің  біреуі  сабақ  негізіне  алына-
ды. Бұл сөйлемдерді, қазақтың соңғы жыларда өздерінің айта 
бастаған сөздері болғандықтан, жаңа түсінікті тіл мен кеңес 
жасалғандықтан – оқушылар жылдам үйреніп алды. Сөйлемді 
үйреніп болған соң сөйлемнің тұтас таңбасы көрсетілді.
Соңынан сөйлем таңбасынан сөйлем ішіндегі бөлек сөз-
дердің бөлек таңбалары көрсетілді. Сөз таңбасын көрсеткен-
де біздің алған тəжірибамыз - əуелгі сабақта сөз таңбасында 
жоғарғы шығып тұратын ек» секілді, болмаса жолдан төмен 
түсіп тұратын «р», «ы» секілді таңбалардың болғаны керекті 
көрінеді.  Себебі:  қалаға  келгенде  шіркеу,  мешқт  мұнарасы 
мен көзге басқа үйлерден бұрын түскені секілді какірейген 
«к»,  шошайған  «а»  секілді  таңбалары  бар  сөздерді  кеспе 
сөздердің арасынан жылдамырақ тауып алатын болды. Бұл 
арады əр сөздің де сондай белгілерін көрсете кету керек бо-
латын көрінеді.
Кей  бір  жолдастар  «Пəлен  қаріптің  жазуы  оңай,  оны 
алдыңғы сабаққа қою керек, жазуға қиын болатын қаріптерді 
соңғы  сабаққа  жіберу  керек»  деген  əдістерді  көрсетіп  еді. 
Біздің кеспе сөздеріміз бір қатар жетерлік жасалғандықтан, 
оқушылар  үстіне  ақ  қағазды  салып  суреттеді.  Оқушының 
қолы  қалам  ұстауға  бір  қатар  үйренгенше  біз  осы  «Басып 
алу» ды тастамадық. Бұлай қылмаған уақытта, ең оңай жазы-
лады деген «а» «р» қаріптерін де сұлу қылып жазып шығару 
қиын болды. Ақ қағазды салып «Басып алу» əдісі қаріп жазу 
жүзіндегі қиындықтарды жоқ қылып жіберді.
Əдістің төтесін тек тəжіриба ғана көрсетеді. Тұтас сөз əдісі 
мен əліппе жазу біздің алғашқы қызметіміз болғандықтан 
бірінші сабақ негізіне буыны көп сөздерде кіргізілген еді. 
Оқыту əдіскерлерінің ескерткендігінен көп буынды сөз біз 
бірінші  сабақтан  алып  тастадық.  Себебі:  буынға  бөлуді 
екінші сабақтан бастадық. Бірінші сабақтағы буынға бөлін-
беген  көп  буынды  сөздерді  сүгіреттеу  өте  қиын  болды. 
Қанша  үстіне  қағаз  салып  «Басып  алып»  үйренгендеде, 
соңынан сөз сүгіретіне қарамай жазып шығара алмайтыны 
анық көрінді.
Екінші сабақта сөз буынға бөлінді. Бұл сабақта үш-төрт 
буынды сөздердің сабақ негізінде болуынан зиян болмады. 
Бір сөз əлде неше буынға бөлініп, сонан соң барып жазыла-
тын болғандықтан – есебі бір болды.
Буынды дыбысқа бөлу, қарып пен таныстыру үшінші са-
бақтан басталды. Дыбысты, қаріпті сөздің, болмаса буынның 
соңынан шығару – оңайырақ көрінді. Керек дыбыс – қаріп 
буынның ортасында, болмаса алдында тұрса, сол буындағы 
басқа дыбыс – қаріптер бұрыннан таныс болса ғана шығарып 
алу оңай болды.
Тұтас сөз əдісінде буын қаріп орнына жүреді (қаріп пен 
оқытудың орнына буын мен оқытылады).
Бірақ қарпі белгілі болмаған буындарды сабақ негізіне көп 
кіргізуден пайда аз көрінеді. Біздің əліппедегі барлық сабақ 
негіздеріне кіргізген буындарымыздың саны 30 дан арытқан 
жоқ. Жəне сол буындарда біреуден артық жат қаріптер кір-
гізілмеді. Туында сабаққа, болмаса сабақ негізіндегі жат бу-
ындарды азаятуға, буындарды таныс қаріптерден жасадық.
Тұтас  сөз  əдісінде  бір  дыбысты  төрт  түрлі  таңба  мен 
жазып  көрсетуге  өте  қиын  болды.  Бір  дыбыстың  түрліше 
таңбалар мен көрсетілуі дыбыс əдісінде қиыншылық келті-
реді. Əсіресе жеке дыбыс таңбасы соң шығарылатын тұтас 


596
597
сөз əдісінде өте қиын. Сондықтан біз жар əліппемізде дыбыс-
тың тек екі таңбасын алдық: сол жағынан жалғау қойылатын 
таңба сөздің ақырында келетін құйрықты таңба.
Дыбыстардың  екінші  таңбаларын  (құйрық  қойылатын) 
тұтас  сөз  əдісі  мен  жазылатын  əліппаға  кіргізуден  оқыту 
қызметіне келетін қиыншылық жоқ. Себебі: бірінші түрінен 
екінші түрінің айыра алмастай басқалығы жоқ. 
Балабай ұлы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   248




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет