Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет50/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   168

ЖЕҢІЛ:  Жеңіл  етек.  Əркіммен  бір 

ойнап-күле беретін, жүргіш. Қалқа «бұрын 

тұрмыста болған екен, ж е ң і л  е т е к екен» 

деген  сынды  біраз  нəрсені  қоңырсытып 

кетті (Қарақат тер., 47).



ЖЕҢІЛУШІ з а т. Жеңілген адам. Бірақ 

күрестің  аты – күрес;  біреу  жеңсе,  енді 

біреу жеңілуі керек; жеңуші бар жерде, ж е 

ң і л у ш і де бар (Ө. Қанахин, Құдірет, 245).

ЖЕҢІС:  Жеңіс  бермеді.  с  ө  й  л. 

Жеңістік бермеді. Бұл – ж е ң і с  б е р м 

е г е н əйел өрлігінің ескерткішіндей ескі 

көз – лағыл жүзік (Ə. Кекілбаев, Дала., 160).



ЖЕҢІСҚОЙЛЫҚ  з  а  т.  Құмарлық, 

құштарлық. Баланың ж е ң і с қ о й л ы ғ ы 

қандай, оның не екенін білгісі кеп құмартып 

тұрған (С. Мұқанов, Бақташы., 159).

Ж Е Р :   Же р   ауд а р ы л у ш ы .   Ж е р 

аударылған  адам.  Сізден  Жылқайдаров 

Рысқұлды ж е р  а у д а р ы л у ш ы аре-

станттар тобына жатқызып, оның түр-түсі 

жөнінде  мəліметтер  алуыңызды  сұрайды 

(Ш. Мұртазаев, Қызыл жебе, 207).

Жер бесік. ф и л о с. Адамның дүниеден 


209

Байынқол Қалиев

өткеннен (қаза болғаннан) кейінгі ғұмыры

Қазақ ұғымында адам ғұмырының өлшемі 

ретінде «ағаш бесік» пен «ж е р б е с і к т 

і ң» аралығы алынады (Ата салты., 121).

Жерге  берді.  Жерледі,  көмді.  Əуелі 

өлген  адамдарды  ж  е  р  г  е    б  е  р  у  д  і 

ұйымдастырады (Қ. Исабаев, Серт, 37).

Жерге  қазық  қып  қағып  жіберейін 

бе!  Жоқ  қылайын  ба!  д.  м. - Əліңе  қара, 

шірік неме! Кіммен ұстасып тұрғаныңды 

білемісің?! Тұрған жеріңде ж е р г е  қ а з 

ы қ  қ ы п  қ а ғ ы п  ж і б е р е й і н  б е осы! 

(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 74).



Жер жаннаты. п е р и ф р. а) Жетісу д. м.

Ж е р  ж а н н а т ы десе дегендей Жетісу 

алқабы  түгел  гүлденген  (С.  Жүнісов,  За-

манай, 30). Ж е р  ж а н н а т ы Жетісу 

өңірі табиғи ресурстарға бай (Жетісу, 08. 

07. 1999, 1). ə) Алтай д. м. Ж е р  ж а н н а 

т ы Алтайдың ерке сұлуы – маралын кім 

білмейді (Ана тілі, 08. 04. 1999, 14).



Жер  иесі.  Жердің  пірі.  Ж  е  р    и  е  с  і

–  Зембіл,  жел  иесі – Желікпе,  от  иесі – 

Өтеген, су иесі – Сүлеймен (Ə. Ыдырысов, 

Тұлға., 225).



Жер  майы.  з  а  т.  Біреудің  иелігіндегі 

жерді үақытша пайдаланғаны үшін алы-

натын салық (Қаз. этнография., 2, 358).

Жер  орталаған.  Жер  орта  жасқа 

(40-45 жас) келген. Жұрттың соңында иір 

таяғымен  тұмсығының  астын  тықылдата 

түртпектеп,  ж  е  р    о  р  т  а  л  а  ғ  а  н  бір 

соқыр  кісі  де  тыпың  қағып  келе  жатты

(Ж. Қорғасбек, Жынды., 7).

Жер өлшеуші. Жер көлемін өлшейтін, 

мөлшерлейтін  маман  (геодезист).  Оған 

өздерінен бес шақырымдай жердегі ж е р 



ө л ш е у ш і л е р г е тез жетіп, солардың 

рациясы арқылы ауылға хабар беруді тап-

сырды (Ұ. Доспанбетов, Шығ., 4, 331).

Жер  өңдеу.  Егістік  жерді  жыртып, 

тырмалап, егін егуге дайындау. 

Жер табандатты. Жер етті, масқара-

сын  шығарды.  Осындай  дағдарыстағы

ел бұл жолы Жоңғарларды ж е р  т а б а н 



д а т а жеңіп, желпініп қайтты (Ж. Ахмади, 

Айтұмар, 337).



Жер  тартып  кеткендей.  Кенеттен 

жоқ болды, жоғалды. Осы маң сияқты, осы 

маңда бір сай сияқты, ж е р  т а р т ы п



к е т к е н д е й, ұшты-күйді жоқ (Ə. Тарази, 

Тасжарған, 203).



Жер таянған шақ. Қартайған, жасы 

келген  кез.  Жас  болса  жетпістен  асып

ж е р  т а я н ғ а н  ш а ғ ы н д а ағайын-

жекжаттардан шалғай отыру да қияпат екен 

(Жалын, 1975, №2, 60).

Жер тəңірі. п е р и ф р. Адам д. м. Біз 

ғой, қит етсе адамбыз, ж е р  т ə ң і р і 



м і з деп кеудеге ұрамыз (Ə. Нұрпейісов, 

Соңғы., 153).



Жер  телімі.  Жеке  адамға  бөлініп 

берілген жер (Бекітіл. термин., 36).

Жер  томпайтты.  Қайтыс  болды, 

өлді. Үлкендердің бəріне де медеу болып, 

қуаныш  əкелген  Қамқа  жасқа  толып  тал-

пынып отырғанда ж е р  т о м п а й т т ы 

(Е. Рахимов, Тентек келін, 43).



Жер  ұшық.  Жермен,  топырақпен 

ұшықтаған ұшық. Ауру-сырқат түрлеріне 

қарай оларды ұшықтау тəсілдері де əртүрлі 

болады. Яғни ол ж е р  ұ ш ы қ, су ұшық, 

от  ұшық  сияқты  бірнеше  түрге  бөлінеді 

(А.  Нүсіпоқасұлы,  Ағаш  бесік., 3, 26). 

–  Алеке,  ойпырымай,  əйтеуір,  аяқ-қолы-

ңыз сау ма, қатты құладыңыз-ау! – Ж е р

ұ  ш  ы  қ  жасайық,  етіңіз  ауырып  қалған 

шығар,  ауыртпалығын  жер  көтерсін

(М. Айымбетов, Құмөзек., 37).

Жер үй. Бір қабатты жеке үй. – Сіздер 

ж е р  ү й д е тұрасыздар ма? – Иə (Жетісу, 

11. 12. 1998, 4).



Жер шолу. Қоныс болар жерді байқау 

үшін  немесе  жайлау  шөбінің  өскен-

өспегенін білу үшін алдын ала барып, жер 

аралап қайту (Қаз. этнография., 2, 453).

ЖЕРАСТЫ:  Жерасты  жолы.  Жер 

астынан қазылып жасалған жол (көшеден 

өту үшін). Əлбетте, қалалардағы көптеген 

оқиғаларға аяқ-жолдардың (тротуар), ж е р 



а с т ы  ж о л д а р ы н ы ң нашарлығының 

қатысы бар (Өркен, 03. 03. 1990, 5).



Жерасты  суы.  Жердің  астындағы  су 

көздері. Бүкіл Қазақстанның жербеті суы, 

ж е р а с т ы  с у ы н ы ң қоры қанша?

(Ə. Ыдырысов, Тұлға., 226).



Ж Е Р БАС П А   з   а   т.   Қ а б ы р ғ а с ы 

балшықтан тұрғызылған там үй. Көптеген 

тұрғындар балшықтан салған ж е р б а с 



п а, шатырсыз үйлерде тұрады (Қаз. əдеб., 

06. 10. 1989, 16). Тағы бір сол тəрізді бал-

шықтан  жасалған  ж  е  р  б  а  с  п  а  үйде

3 баласы бар қарт ана тұрады (Бұл да).



ЖЕРБАУЫР з а т. в е т. ж е р г. Қойдың 

бауыры  бозарып,  қатып  қалатын  ауру. 

Ж е р б а у ы р д ы Алматы маңы бозөкпе деп

210

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

атайды (О. Нақысбеков, Ауысп. говор., 101).



ЖЕРБОДАМ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Жерден 

қазылып  жасалған  үй.  Жаман  ж  е  р  б  о 

д а м н ы ң еденіне су сеуіп, ішін тышқан 

қорықтан тазалады (А. Əлсеров, Ар алдын-

да, 117). Сол-ақ екен ж е р б о д а м н ы ң 

ішіне  бірте-бірте  жылу  тарап,  бойға  жан 

кіре бастағандай болды (Бұл да).

ЖЕРГІЛІКШІЛДІК з а т. Жергілікті 

жердің,  жергілікті  адамдардың  ғана 

қамын жеушілік. ≈ Ж е р г і л і к ш і л д і к 

т і қойған абзал. 

ЖЕРЖАДЫ  с  ы  н.  Туған  жерін, 

өскен елін жақсы көретін, одан ешқайда 

кетпейтін (адам).

ЖЕРЖАППА  з  а  т.  Жерден  қазылып 

жасалған үйсымақ. Жатақтардың көбі ж е 

р ж а п п а д а тұрады (Ғ. Мүсірепов, Оян. 

өлке, 179).



ЖЕРЖАСТЫҚ  з  а  т.  Жұмсақ  болу 

үшін  астыға  қойып  отыратын  арнайы 

жасалған  жастық.  Көлеңкеде  кептіріп 

алған  соң  оның  үстіне  бөстек,  көрпе,



ж  е  р  ж  а  с  т  ы  қ  аталатын  бұйымдар-

ды  салып,  төсеніш  ретінде  пайдаланады 

(Жас  Алаш, 18. 11. 2001). Тұрсынкүл 

жасаған сырмақ, тұскиіз, ж е р ж а с т ы қ, 

тұсқап, айнақаптарды ол қуана қабылдады 

(Қаз. əдеб., 08. 06. 1990, 12).



ЖЕРҚОРҚАҚ  з  а  т.  Аяғын  еркін, 

батыл  басып  жүрмей,  кібіртіктеп,  өте 

баяу жүретін жылқы (Ш. Жанəбілов, Ер 

қанаты, 314).



ЖЕРҚЫЛАҢ з а т. Жер түстес қылаң 

ат. Ж е р қ ы л а ң мінген екі жігіт кешкі 

салқынмен есіп жүріп кеткенде, кер бетеге, 

боз  көденің  арасында  зорға  көрінгендей

(М. Əуезов, Таң. шығ., 1, 292). 



ЖЕРЛЕН  е  т.  Белгілі  бір  жерді  ме-

кендеу,  сол  жерде  тұрып  қалу.  Сонымен 

барып  Сырды  алып,  Тұрып  та  қалған



ж е р л е н і п. Тұрса да сонда жүздеп жыл, 

Іргені мəңгі көмбедік (А. Үлімжіұлы, Шығ. 

жин., 2, 348).

ЖЕРЛЕУШІЛІК  з  а  т. 1. Жерге 

бергендік, жерлегендік. 2. а у ы с. Жер қып 

ұялтқандық,  балағаттағандық.  Мұнан 

артық  ашынушылық,  мұнан  артық  əкені 



ж е р л е у ш і л і к бола ма? (Қ. Жұмалиев, 

Қаз. эпос., 203).



ЖЕРМАЙ з а т. с ө й л. Мұнай. Сол кез-

де-ақ  ол  осы  түбекте  ж  е  р  м  а  й  бар 

екендігін,  қазақтар  əлгі  ж  е  р  м  а  й 

м  е  н  малдардың  жауыр,  қотырларын 

емдейтіндігін хабарлаған екен (Қаз. əдеб., 

05. 09. 1975, 4).

ЖЕРТАБАЛА е т. Жерлеп ұрысу, таба-

лау, тіл тигізу. «Рас, менде ұят жоқ, оның 

есесіне сүт бар» деп қолындағы тобатайын 

мақтана жоғары көтеріп, қайта өзіңді ж е 

р т а б а л а п кете барады (К. Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 22).



ЖЕРТАБАЛАУ Жертабала етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖЕРТАБАНДАТ  е  т.  Айыбын  бетіне 

басу,  ұялту.  Жасұлан  бала-шағасы  көп 

кісіні дəл қазір ж е р т а б а н д а т п а 



й  ы  н  деп,  үн-түнсіз  машинасына  мінді 

(Б.Тоғысбаев, От пен күл, 247).



ЖЕРТАБАНДАТУ  Жертабандат 

етістігінің қимыл атауы. 

ЖЕРТЕСЕР  з  а  т.  Білмейтін  бəлесі 

жоқ, қу, пəле. Шалғынбаев ақ құба өңіне 

қою  қара  қасы  мен  қиылған  қара  мұрты 

жарасқан, қызыл бет, өңсіз, ж е р т е с е р

пысық кісі (Ə. Байбол, Теміржол., 228).



ЖЕРТЕСПЕ  з  а  т.  с  ө  й  л.  Жерте-

сер.  Осы  күнгінің  баласы  іштен  жəдігөй 

болып туады. Бұл ж е р т е с п е н і ң де 

білмейтіні жоқ шығар (Ə. Тарази, Басынан 

Қаратаудың., 145).



ЖЕРТӨЛЕ з а т. ə с к. с ө й л. Блин-

даж. Біз 1943 жылдың жаңа жылын екінші 

взводтың ж е р т ө л е с і н д е қарсы алдық 

(Қаз. əдеб., 11. 04. 1975, 2).

ЖЕРҮСТЕЛ з а т. с ө й л. Жозы. Ортада 

дөңгелек ж е р ү с т е л тұратын. Бəріміз 

соны  жағалай  жайғасып,  құнжыңдасып 

тамақ  жеп,  шай  ішетінбіз  (Д.  Рамазан,

Жылап  аққан., 254). Томпақ  бет,  тəм-

піш  мұрын  қара  баланың  сөзі  дөңгелек



ж е р ү с т е л д і жағалай жайғасып, шай 

ішіп  отырған  қонақтарды  елең  еткізді

(Бұл да, 313).

ЖЕРШЕ  з  а  т.  в  е  т.  Түйе  ауруы. 

Қатты соққыдан немесе оқыс қозғалыстан 

түйенің  қарны  шайқалады,  бұрынғы 

жатқан жерінен лықсиды. Ақыры түйенің 

жеген шөбі бойына жұқпай, іші бұзылады. 

Ж е р ш е ауруына шылдығады (Қаз. ауыл 

шаруаш., 1966, №4, 35). Ж е р ш е м е н 

ауырған  түйе  қарнының  бүрі  болмайды, 

ішіне  ас  тұрмайды.  Шілде  айларын-

да түйені қордалы, шаңдақты жерге шөгеру 

де  ж  е  р  ш  е  ауруына  шалдықтырады 

(Бұл да). 


211

Байынқол Қалиев

ЖЕРШЕНЕГІШ  з  а  т.  Жер  бетін 

өлшеуші, қартаға түсіруші маман; топо-

граф. Бұған дейін ауылдарына келіп-кетіп 

жүретін  ж  е  р  ш  е  н  е  г  і  ш  т  е  р  д  е  н 

(топографтардан)  əртүрлі  суреттер  салу-

ды үйренген (Ж. Бейсенбаев, Жасын-тағ-

дыр., 54).

ЖЕТЕ

1

  з  а  т.  Қылыштың,  семсердің, 



пышақтың  сапқа  кіргізілетін  бөлігі  (Ата 

салты., 52).



ЖЕТЕ

2 

з  а  т.  к  ө  н  е.  Маңғолдарды 



ш а ғ а т а й л ы қ т а р   о с ы л а й   а т а ғ а н ; 

«қарақшы»  д.  м.  Ж  е  т  е  мен  қарбанас 

хандарының өмір-бақи бітпес өзара таласы 

(І. Есенберлин, Алмас., 182).

ЖЕТЕК: Жетек ат. а) Жетекте жүрген 

ат.  Көсілген  сар  жазықта  сағым  самғап, 

Жол  берді  Əмірханға  қойнын  ашып. 

Соқпаққа соқыр сорап түсіп алып, Жіберді 

ж е т е к а т қ а қамшы басып (И. Байзақов, 

Таңд. шығ., 1, 173). ə) Жаңадан құда болған 



екі  тараптың  бір-біріне  арнайы  тарту 

еткен жылқы малы. Ж е т е к  а т ретінде 

əкелген  аттың  кекілі  мен  құйрығына  үкі 

тағылады (Қаз. этнография., 2, 369).

ЖЕТЕКТІ с ы н. Тіркемесі бар (маши-

на).  Бүгін  көз  байлана  екі  үлкен  шырша 

бөрене алып кету үшін ж е т е к т і машина 

келеді (Ш. Айтматов, Ақ кеме, 66).

ЖЕТЕЛЕН  Жетел е  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Жараған  ат 

неғұрлым көп ж е т е л е н с е солғұрлым 

бұлшық  еттері  шынығып ,  бабына 

жақындайды (Лен. жас, 02. 12. 1972, 4).



ЖЕТЕЛЕНУ  Жетелен  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЖЕТЕЛІ с ы н. Жетесі бар. ≈ Ж е т е 

л і ұзын пышақ. 

ЖЕТЕЛІК  з  а  т.  Ақылдылық,  сана-

лылық. - Өтірік  айтқың  келмесе,  үндеме. 

Үндемеудің өзі де ж е т е л і к т і ң белгісі 

(Д. Рамазан, Жылап аққан., 34).

ЖЕТКІЗІЛІМ з а т. ж а ң а. Тауарды 

белгілі  бір  жерге  жеткізіліп  беру  ісі. 

Конференцияда  талқыланатын  негізгі 

тақырыптар  қатарында  Қазақстанға  ж  е 

т к і з і л і м д е р жүйесін қаржыландыру 

мəселесі бар (Айқын, 08. 04. 2009).



ЖЕТТІГУ Жеттік етістігінің қимыл 

атауы.  Халқымыздың  рухани  өмірінде 

небір соны жаңғырулар мен ж е т т і г у 



л е р тоғанағын артқан да осы ғасыр (XIX 

ғ.) болды (Қаз. əдеб., 15. 11. 1985, 12). Осы 

жанды  процестің  даму  тенденцияларын, 

ж е т т і г у, толысу арналары мен аясын 

ғылыми жүйеге салу керек (Бұл да).



ЖЕТТІК е т. ж е р г. Жетіл. Жыл асқан 

сайын ж е т т і г і п, байып келе жатқан 

тіл (Қаз. əдеб., 09. 11. 1984, 7).

ЖЕТІ:  Жеті  қат  көк.  м  и  ф.  Мифо-

логиялық  түсінік  бойынша,  Көк  (Аспан 

əлемі) жеті қабаттан тұрады деп біледі. 

Ж е т і  қ а т  к ө к к е шығып кетсең де, 

аяғыңнан тартып суырып аламын. 



Жеті муза. Өнер (искусство) атаулының 

жиынтық бейнесі. 

ЖЕТІАУЫЗ з а т. к ө н е. Қалқанның

бір  түрі. – Төреге  тəйни  болған  нағашы 

ағам,  Ата-ана,  қайда  қалды  сорлы  балаң. 

Найзам мен ж е т і а у ы з д ы алып берші, 

Не болса да араласып көріп қалам (Баба-

лар., 27, 54).

ЖЕТІБАС: Жетібас бидай. Бидайдың 

бір түрі. Бізде бидайдың кемінде он шақты 

түрі өсуші еді: ор бидай, қара бидай, ақ би-

дай, ж е т і б а с б и д а й... (Қ. Жұмаділов, 

Таңғажайып., 67).



ЖЕТІГЕН з а т. а с т р. к ө н е. Жеті-

қарақшы. Батпайтын жұлдыздар – ж е т і 

г  е  н,  дəлірек  айтсақ – жетіқарақшы 

(Қазыбек  бек,  Түп-тұқияннан., 162).

А.К. Гейнс өзінің еңбегінде «Большая мед-

видицаның» қазақшасы Ж е т і г е н деп 

көрсетіпті, оны ел Жетіқарақшы деуші еді 

(Ана тілі, 08. 11. 1990, 7).



ЖЕТІГЕНШІ з а т. Жетіген музыкалық 

аспабында ойнаушы адам. 

ЖЕТІЖАРҒЫ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Жеті 

тосқауылдан  сүрінбей  өткен  тұлпар

Бөлтірік  ешкімнен  жеңілмеген  шешен, 

батыр, ақын, əрі ж е т і ж а р ғ ы атанған 

кісі екен (М. Жолдасбеков: Жұлдыз, 1974, 

№5, 186). 

ЖЕТІЛІК: Жетілік шам. Кірəсін шам 

мойнының  өлшемі  кішірек  түрі.  Пілтесі 

жетпей майға түбіндегі, Ж е т і л і к  ш а м 

ортада түтіндеді. Анам үнсіз келісім бермей 

отыр,  Көрші  де,  қонақтар  да  күңкілдейді

(Б. Ысқақ, Тастағы., 93).

ЖЕТІМ: Жетім күнБір күн, жалғыз 

күн д. м. Берерінде арасына жылдар салып 

сарғайтқан «қу құдай» аларында ж е т і м



к ү н і н де көпсініпті (Лен. жас, 02.04.1977, 3).

Жетім  қол.  ж  е  р  г.  Құралақан.  Тіпті 

кейде  үйге  ж  е  т  і  м    қ  о  л  оралудан  да 

ұялады-мыс (Д. Əшімханов, Аққаба., 6).


212

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЖЕТІМБҰРЫШ з а т. Пəтер іздеген-

дер  баратын  жер.  Ж  е  т  і  м  б  ұ  р  ы  ш. 

Баспана  іздегендер  барады.  Мекені  оның

– Астана, Қыз-желеңдер барады (Қаз. əдеб., 

30. 11. 1990, 5).



ЖЕТІМШАЛҒЫ з а т. к ə с і б. Қыран

құс топшысының пышақ қыры түрмелеріне 

жеке-дара  біткен  кішкене  бес  қауырсын 

өзінің  тұрған  орнына  қарай  «жетім 

шалғы»  атанған  (Ж.  Бабалықов,  Қыран-

дар, 78). Құс  қауырсындарының  ішін-

де ерекше ауызға алынатынның бірі – ж е

т і м ш а л ғ ы (Бұл да, 77). Əсіресе адам-

ның  бас  бармақ  саусақтары  сияқты  жеке 

қимыл  жасайтын  «ж  е  т  і  м  ш  а  л  ғ  ы» 

мен  адамның  сұқ  саусағы  тəрізді  алақан 

ырқымен  қимылдайтын  «пышақ»  деп 

аталатын жалғыз қауырсын да өз қызметін 

мінсіз орындайды (Бұл да, 81).

ЖЕТІМШЕГЕ з а т. Бəкінің, пышақтың 

басын сабына бекітетін шеге. Сараң бай 

бəкіні аударып-төңкеріп қарап, ж е т і м 



ш е г е с і н і ң бүркеншікті тойтармасының 

балғадан  қалған  шұбар  дағын  көрсетіп, 

жаратпаған сыңай білдіреді (Қаз. əдеб., 22. 

06. 1984, 13). Содан  соң  əлгі  қадаубасты 

қайта суырып, бəкідегі ж е т і м ш е г е 

н і ң бүркеншігіне салып, жеңіл балғамен 

айналдыра сипай соғады (Бұл да).



ЖЕТІНШІ: Жетінші құрлық. п е р и 

ф  р.  Арктика  (жер  шарының  солтүстік 



полюс аймағы).

ЖЕТІСУ з а т. б о т. с ө й л. Жетісуда 

өсіріліп  шығарылған  алма  сорты.  Алма-

ның көптеген сорттары бар. Олар: Алма-

лы, Ж е т і с у, Алатау таңы, Салтанат т.б. 

Бұларды  Қазақстанның  селекционерлері 

өсіріп шығарды (ҚСЭ, 1, 278).

Жетісу  апорт.  Апорттың  Жетісуда 

өсіріліп  шығарылған  сорты. - Əрине, 

алманың ең жақсы сортын, Ж е т і с у  а п 



о р т ы н егеміз! (Ғ. Сланов, Шалқар, 95).

Жетісу бақатісі. з о о л. Тек Жетісуда 

кездесетіндіктен  бақатіс  кейде  осылай 

да аталынады. Ж е т і с у  б а қ а т і с і 

өте сирек кездесетін хайуанат (Балдырған, 

1981, №2, 21).

Жетісу  бұлбұлы.  п  е  р  и  ф  р.  Сара 

Тастанбекова д.м. Сараны бүкіл еліміз ол 

кезде Ж е т і с у  б ұ л б ұ л ы деп атағаны 

да белгілі (Жұлдыз, 1970, №3, 7).

ЖЕТІШЕЛПЕК з а т. э т н. Аруақтар 

рухына  арналып,  майға  пісірілген  жеті 

жұқа нан (Қаз. этнография., 2, 393). Ертең 

бір ж е т і ш е л п е к тарқатып жіберем бе 

деп ем (Ə. Кекілбаев, Бір шөкім., 16).

ЖИГУЛИ  з  а  т.  Кеңестік  кезеңдегі 

жеңіл машинаның бір түрі. 

ЖИГУЛИЛЕТІП ү с т. Жигули мініп, 

жигулиді  жүйткітіп.  Қолы  жеткендер 

шайқалтып – волгалатып, ж и г у л и л е т і п 

баратын болыпты деседі ғой (К. Сегізбаев, 

Біз қалада., 370).



ЖИДЕ  з  а  т.  Жиде  өсімдігінің  сүрегі, 

діңі.  Ауылда  өскен  той-жиынның  бірінде 

қолына  ж  и  д  е  д  е  н  шапқан  кішкене 

домбырасын  ұстап, «Рүстем  дастанды» 

сұңқылдап  ұзақ  жырлады  (О.  Сəрсенбай, 

Шығ., 4, 41). Түйе жүн шекпенін белін сыр-

тынан буа сала, қарбаласта қолына іліккен 



ж и д е қаданы сығымдай ұстап, атқа тақым 

басыпты (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 78).



ЖИДЕК:  Жидек  қақты.  Қатты 

тоңды, мұздады. Жаңа жылдың бастапқы 

кезіндегі  суықта  ж  и  д  е  к    қ  а  қ  т  ы  қ, 

түнімен  көз  ілмедік  десек  те  болғандай 

(Ленин жолы, 29. 01. 1969, 3).



ЖИДЕТАЛ з а т. б о т. ж е р г. Жиде 

ағашы.  Содан  ол  ауылдың  шет  жағына 

əдейілеп  ж  и  д  е  т  а  л  отырғызыпты

(Б. Омарұлы, Қаратерең., 13).

ЖИЕК: Жиек салу. э т н. Сырмақты 

түсті  жіппен  тігіп  жиектеу,  жиекпен 

көмкеру.  ≈  Шешем  сырмақты  əр  уақыт

ж и е к  с а л ы п тігетін. 

ЖИЕКЖОЛ  з  а  т.  Көше  жиегіндегі 

жаяу  адам  жүретін  жол  (тротуар). 

Асфальт  төселіп,  келісті  етіп  жасалған



ж  и  е  к  ж  о  л  д  ы  ң  екі  жағасына  оқтай

түзу тартылып, терек егілген (Тұлпар, 145).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет