ЖОСАҚТЫ с ы н. ж е р г. Жақсы,
жөнді, дұрыс. Шіркін-ай, жиек-жиегін
алтындатқан кесем кесе ж о с а қ т ы еді
ғой (О.Бөкеев, Қайдасың., 115).
217
Байынқол Қалиев
ЖОСАЛЫ... Етектегі ж о с а л ы жазық
уылжыған көгілдір нұрға малынып тұр
(Ə. Асқаров, Таңд., 253).
ЖОСАТТЫ с ы н. ж е р г. Сыртқа қарай
шығыңқы, дөңестеу. Гимнастеркасын
түзеп, кейін сырғытып, белбеуін тартып
қойды. Ж о с а т т ы кең кеудесін керіп, дем
алды (С. Шаймерденов, Таңд. шығ., 1, 40).
ЖОСЫН з а т. с ө й л. Жосық (заң,
ереже). Мемлекетті басқару істері Шыңғыс
ханның ж о с ы н ы реттеліп отырды (Аңыз
адам, 2011, №19, 43).
ЖОСЫНДА е т. с ө й л. Жосылт.
Торғай өзені мен кəрі сүйек Мұғаджар-
дан бастау шығарып, күннің шығысына
ж о с ы н д а п ұмтылған Ырғыз өзені
Сарыарқаның мидай жазық пұшпағында
ұшырасар еді (Қаз. əдеб., 30. 09. 1983, 8).
ЖОТАЛЫ с ы н. а у ы с. Еңсесі биік,
мерейі үстем. Малшылар ішінде көбінен
ж о т а л ы жүрген Көбеген үйі шашы-
лып шуатылмаушы еді (К. Мұқажанұлы,
Ортеке, 6).
ЖОТЫҒЫРСУ Жотығырсы етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖОТЫҒЫРСЫ е т. ж е р г. Ашу-
ланғансы, өкпелегенсі. Барғана үйге кел-
се ұнатпайды, Сұрланып ж о т ы ғ ы р
с ы п сөз қатпайды. Өмірін өксіп жатқан
ақылдасқан, Сорлыға екі жетім таң атпайды
(Шəкəрім, Шығ., 316).
ЖӨГІЛЕНУ Жөгілен етістігінің
қимыл атауы.
ЖӨЙІТ з а т. к ө н е. Еврей (яхуди).
Мұнымен тұра тұрсын екі бала, Хабарын
ж ө й т т е қалған ғаріп ана. Ғазаппен
залым ж ө й т т е қалған еді Япырым-
ау не болды екен сол бейшара (Бабалар.,
1, 154). Қасындағысының аты – Яков,
тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда
ж ө й т тəрізді, бірақ документте орыс
деп жазылған (М. Мағауин, Бір атаның,
7). – Бұл ж ө й т дінінің кітабы ғой
(Ш.Мұртазаев, Қызыл жебе, 6).
ЖӨЙІТШЕ ү с т. Жөйіт тəрізді,
жөйіт сияқты. Мен мұны ж ө й і т ш е
ойлайды деп айта алмаймын (Ана тілі, 15.
01. 1948, 13).
ЖӨН: Жөн тартып жатыр. Өлейін деп,
нашарлап жатыр. Ойымда үйдегі бағана
таңертең мен кетерде халі күндегеден де
нашарлап, ж ө н т а р т ы п ж а т қ а н
шешем (Б. Соқпақбаев, Балалық., 103).
ЖӨНДЕГЕНСУ Жөндегенсі етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖӨНДЕГЕНСІ Жөндеген болу, сыл-
таурату. Біраз күн қора-жайын ж ө н д е
г е н с і п, жер қара, күн жылыда кемпірін
доғдырға қаратпақ болды (Т. Мəмесейіт,
Таудан., 210).
ЖӨНДЕМДЕЛ е т. ж е р г. Көңілі ор-
нына түсу, жайлану. Жапардан шақшаны
алып үлгерген Оспанқұл басты бір шаруа-
сын тындырғандай өзінше ж ө н д е м д е
л е қалды (М. Айымбетов, Құмөзек., 208).
ЖӨНДЕМДЕЛУ Жөндемдел етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖӨНДЕТУШІ з а т. Бір нəрсені жөн-
деткен адам. Бірінің қолында құлағы
жапырылған самауыр, екіншісі – сол са-
мауырды ж ө н д е т у ш і н і ң жолшыбай
серігі, əрине (Қаз. əдеб., 13. 09. 1974, 4).
ЖӨНЕК Бекбатша мен қолбатша нар
бурасы аруанаға не жампозға шөгуінен
пайда болатын түйе тұқымы. Ж ө н
е к нарға ұқсас болғанымен сұлу емес
(Қазақша мал атаулары, 50). Нар бура мен
аруананың тұқымы ж ө н е к деп аталады
(Ана тілі, 20. 09. 1990, 8).
ЖӨНЕН с ы н. к ə с і б. Жасы толған,
қартая бастаған. Ж ө н е н мал – малдың
6-8 жасқа келгендері (Қазақша мал атаула-
ры, 147).
ЖӨНЕҢ с ы н. ж е р г. Ажарсыз,
көріксіз; жөнді емес. Сырты сұлу, іші
жиренішті, сырты ж ө н е ң, іші сұлу кез-
десе береді (Ғ. Мұстафин: Қаз. əдеб., 03.
08. 1984, 8).
ЖӨНСУ Жөнсі етістігінің қимыл
атауы. Бір жақта үймелеген толған қатын,
Бастары аппақ болып шағалаша. Ж ө н
с у і бозбаланың шетте қалып, Қатынға
қалжыңдайды жағаласа (С. Мұқанов, Таңд.
шығ., 12, 39).
ЖӨНСІ е т. Əлдеқандай болу, кербезсіну.
≈ Ж ө н с і м е й жөніңді айтсаңшы.
ЖӨНТЕКСУ Жөнтексі етістігінің
қимыл атауы. Бұқа басын салбырата ұстап,
ж ө н т е к с у і н қоймады (М. Етекбаев,
Жомарт жаз, 38).
ЖӨНШІЛ с ы н. Жөнін айтатын,
кімдікі жөн болса, соны жақтайтын.
Бөлшіл, бөлшіл, бөлшіл бол, Туысқанға
ж ө н ш і л бол. Желек жапқан жас келін,
Көпке жаққан елшіл бол (Ж. Ахмади,
Айтұмар, 134).
218
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЖӨҢ... Нар атасының ұлы көп. Олар:
аруана, біртума, қоспақ, ж ө ң, жампоз,
далбағай, қылағай, оқпақ т.б. (Қазақ елі,
07. 03. 1997, 4).
ЖӨҢКЕРІЛТ Жөңкеріл етістігінен
жасалған өзгелік етіс. Күш сынап, көмек
шеріңді ұғып, Шомылтты алтын Сырдың
суы шығып. Кировтың данышпандық ко-
мандасы. Жотаңды ж ө ң к е р і л т і п, кетті
тіліп (И. Байзақов, Құралай., 319).
ЖӨҢКЕРІЛТУ Жөңкерілт етістігінің
қимыл атауы.
ЖӨҢКІЛМЕЛІ с ы н. Жөңкілген,
қарқынды. Компанияның жұмыстары да
ж ө ң к і л м е л і сарынын тауып, өнімді жү-
ріп кетті (Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 267).
ЖӨПЕКТЕС е т. ж е р г. Жампаңдас.
Бұйра бас аққұба келіншек артында
əлдекіммен ж ө п е к т е с е сөйлесіп
тұрған күйеуін асықтырды (Е. Рахимов,
Тентек келін, 7).
ЖӨПТЕУІНШЕ ү с т. ж е р г. Ұйға-
рымынша, ойынша. Абзалдың ж ө п т е у і н
ш е: теңіз тамағындағы болған жайды ау-
данға тез хабарламай болмайды (Ə. Сарай,
Атырау, 508).
ЖӨРГЕК-ЖӨРГЕМ з а т. Жас баланы
орайтын шүберек, жөргек, жаялық т.б. Бір-
тіндеп ж ө р г е к-ж ө р г е м і н, көрпе-жас-
тығын, бесік-белбеуін, түбек-шүмегін əзір-
леп жатады (Қ. Толыбаев, Бабадан., 186).
ЖӨРГЕКТЕС с ы н. Бір жөргекке
бөленген. Енді жыға шырамыттым.
Менімен түйдей құрдас, ж ө р г е к т
е с жолдасымның келіні (Қ. Қазиев,
Иманжапырақ, 71).
ЖӨТКЕ е т. ж е р г. Белгілеу, айқындау,
əзірлеу. Сондай-ақ, көктеу, жайлау, күз-
деу, қыстау деп төрт маусым қоныс ж ө т
к е п, жердің тұяқ кесті болып бүлінуінің
алдын алып отырған (А. Нүсіпоқасұлы,
Ағаш бесік, 1, 107). Баласы оған да
тоқтамаса, қоныс, орын, үй ж ө т к е й д і
(Бұл да, 1, 13).
ЖӨТКЕУ Жөтке етістігінің қимыл
атауы.
ЖУА... 2. с ө й л. Пияз. Балаларының
аузынан жырып кейде бір жапырақ ет, кейде
бір литр сүт, кейде картоп, ж у а ала келеді
(С. Оспанов, Сопы., 46).
ЖУАЗ з а т. Өсімдіктен май сығып алуға
арналған ағаш құрал. Негізінен ж у а з б е н
қыша, зығыр сияқты майлы дақылдардың
дəнін сығу арқылы сұйық май алған (Қаз.
этнография., 2, 428). Былтыр біз Сатыдағы
Сатайдың май тартатын ағаш аспабы ж у а з
туралы жазып ек (Ана тілі, 17. 08. 1995, 5).
ЖУАН: Жуан бақай. Бақайы жуан
(ат). Қартаң ж у а н б а қ а й жирен ат пен
жайдақ шананы ол оны-мұны жұмыс үшін
жегеді (Б. Соқпақбаев, Таңд., 174).
Жуан қара. Ірі мал: жылқы, түйе, сиыр.
Бəтенге жиыны 50 ж у а н қ а р а жөнелтілді
(М. Əуезов, Қараш., 79). Бақтығұл иемденіп
жүрген азын-аулақ малды алты бірдей
ж у а н қ а р а н ы Асанға шығарып берді
(Бұл да, 83).
Жуан таяқ. Айтқандары жүріп тұрған
үстем тап өкілдері: бай, манап, би т.б.
Игілік қайтыс болғалы екі-ақ күн өтсе де,
оның балалары да ж у а н т а я қ елдің
жосығына көше қойыпты (Ғ. Мүсірепов,
Жат қолында, 148). Бірінің аузынан бірі
несібелі жемін қағып жеп, ж у а н т а я қ
күштілер əлімжеттілікпен əлсізге қиянат
етеді (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 114).
ЖУАНДАТЫҢҚЫРА е т. Даусын аздап
жуандату, күжілдеу. – Қонақпыз, – дедім
мен даусымды ж у а н д а т ы ң қ ы р а п
(Ə. Дүйсенбек, Көкжиек, 221).
ЖУАНДАТЫҢҚЫРАУ Жуандатың-
қыра етістігінің қимыл атауы.
ЖУАСЫТҚЫЗ Жуасыт етістігі-
нен жасалған өзгелік етіс. Бүгін таңер-
тең Айшуаққа тай ж у а с ы т қ ы з ы п
баулығалы жылқыға жүргелі жатыр еді
(Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 104).
ЖУАСЫТҚЫЗУ Жуасытқыз етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖУƏРМЕК з а т. Ер балаға қарата
айтылады. - Əй, ж у ə р м е к, шыныңды
айтшы, қалай келдің, бұл адам аяғы
баспаған шайтан шатқалға? (Ш. Мұртаза,
Жұлдыз көпір, 119). – Жағыңа жылан
жұмыртқалағыр ж у ə р м е к, өтірік айтады
(Қ. Қазиев, Иманжапырақ, 66).
ЖУРФАК з а т. «Журналистика
факультеті» деген тіркестің қысқарты-
лып қолданылуы. Ол кезде қазақ балалары
иə ж у р ф а к қ а, иə юрфакқа баратын кез
ғой (Ə. Тарази, Тасжарған, 339).
Ж У Ы П - Ш А Й Ғ А Н С У Ж у ы п -
шайғансы етістігінің қимыл атауы.
ЖУЫП-ШАЙҒАНСЫ е т. Жуып-
шайған болу, ақталғансу. Онысы өтті-
кеттінің бəрін ж у ы п-ш а й ғ а н с ы п,
219
Байынқол Қалиев
өзінше бір наз қылығын танытқаны (Т.
Отарбектегі, Зауал, 197).
ЖҰБАТУ: Жұбату шайы. э т н. Мар-
құмның артында қалған ең жақын туы-
старын арнайы шақырып, қайғыларын
жеңілдету үшін беретін ас, тамақ. Ж ұ б
а т у ш а й ы н əдетте марқұмның қырқы
өткен соң, туған-туыс, дос-жарандары,
көрші-қолаңдары кезекпен шақырып
бере бастайды (А. Нүсіпоқасұлы, Ағаш
бесік, 5, 91).
ЖҰДЫРЫҚШЫ з а т. с ө й л. Боксші.
– Сен бұл жерде Германияның ж ұ д ы р ы
қ ш ы л а р ы н тəрбиелегенше, атажұртқа
барып, өз халқыңның ж ұ д ы р ы қ ш ы л
а р ы н тəрбиеле, – деді ол (Зейнелла Сəнік,
Сергелдең, 5).
ЖҰҚАЛТЫР
1
з а т. ж а ң а. Бұранның
(болттың) астына салынатын жұқаша
сақина темір; шайба.
ЖҰҚАЛТЫР
2
з а т. ж а ң а. Жұқа, жыл-
тыр, түссіз зат; пленка. Қам кірпіштен
белгілі биіктікке дейін дуал соғып, үстін
ж ұ қ а л т ы р м е н жабады (Егем. Қазақст.,
13. 05. 2009).
ЖҰҚТЫРҒЫШТЫҚ з а т. Жұқтыра
бергіштік, жұққызғыштық. Оның етегіне
тоңғақ ж ұ қ т ы р ғ ы ш т ы ғ ы м е н ғана
бағы асып тұрған жəй əншейін жабықұр-
сақ əйел екеніне бір жолата көзі жетер еді
(Ə. Кекілбаев, Бір уыс., 139).
ЖҰЛДЫЗ
1
з а т. э т н. Жұлдыз пішіндес
ою-өрнек. Ұмытылып бара жатқан ою-
өрнектердің өзі сан алуан: шұғыла, бітпес,
арқар мүйіз, сүрме, айшық, ж ұ л д ы з,
тышқан ізі, т.б. (Қаз əдеб., 13. 07. 1984, 12).
ЖҰЛДЫЗ
2
з а т. Қызыл жұлдыз ордені
кейде қысқартылып осылай аталады.
Омырауына қос Ж ұ л д ы з таққан бəкене
бойлы қара шалдың əр сөзі көңілге қо-
нақтайды (Лен. жас, 09. 06. 1973, 2).
ЖҰЛДЫЗ: Жұлдыз құрақ. Құрақ-
тың жұлдыз пішінді түрі. Құрақтың қай-
шы құрақ, таңлай құрақ, ж ұ л д ы з қ ұ р а қ
деген түрлері болады (Ə. Ысқаққызы:
Радиодан).
Жұлдызың жоғары болсын! Мерейің
үстем болсын, бақытты бол д.м. тілек.
ЖҰЛДЫЗДЫ: Жұлдызды шаһар. п о
э т. Байқоңыр қаласы осылай аталынады
(Радиодан).
ЖҰЛДЫЗТАС з а т. а с т р. Аспан
əлемінен құлап түскен астрономиялық
дене; метеорит. Құдайға жалбарынып,
Американың үстіне бір алып ж ұ л д ы з
т а с құлап түссе екен деп тілеп жатты
(Ж. Қорғасбек, Жынды қайың, 82).
ЖҰЛДЫЗТҰМСЫҚ з а т. з о о л.
Тышқанның негізінен жер астында
тіршілік ететін, көзі соқыр, тұмсығы
жұлдызша бір түрі (ҚСЭ, 3, 337).
ЖҰЛДЫЗША ү с т. Айдың аты бойын-
ша, ай бойынша. – Сəуірді осы ж ұ л д ы з
ш а не дейді? – Апрель дейді (М. Əуезов,
Таңд. шығ., 1, 147).
ЖҰЛҚЫ-ЖҰЛҚЫСЫ: Жұлқы-
жұлқысы шықты. с ө й л. Жұлма-
жұлмасы шықты. Ойынның қызығы
– «бөріктеппей». Бұрын тебіліп, ж ұ л
қ ы-ж ұ л қ ы с ы ш ы қ қ а н бөрікті,
қалпақты, тақияны тебу онша қызық емес
(С. Қышқашев, Паңзада, 17).
ЖҰЛМА: Жұлма көже. Жайған нанды
жұлып-жұлып салып пісірген сүт көже.
Ж ұ л м а к ө ж е н і ауырып жатқан адамға
жасап берген (Қаз. этнография., 2, 440).
Онан соң балаларды ж ұ л м а к ө ж е г е
əбден тойғызды (Ə. Əлімжанов, Махамбет.,
249 (312).
ЖҰЛЫМЫРЛЫҚ з а т. Бермесіңді
тартып алатын батыл, епті. Ептілігіне,
ж ұ л ы м ы р л ы ғ ы н а бағып, түсімнің сар-
қылмас көзін тапқан сықылды (Р. Əутəліпов,
Алтын жемісті., 156).
ЖҰМ
1
з а т. э т н. Үндемейтін, кім
бұрын сөйлесе, сол ұтылатын ойын. Нағыз
«ж ұ м » ойнап отырған адамдар секілді
(І. Есенберлин, Шығ. жин., 1, 225).
ЖҰМ
2
з а т. Араб əріптерінің бірі (Қозы
Көрпеш, 132).
ЖҰМ
3
с ы н. с ө й л. Ұйымдасқан,
жұмдасқан; тату, тəтті. Ұқтыра ал-
май салақтап, Қаңғиды жұрттың ағасы.
Жұмырланған ж ұ м елдің, Аман жүрер
жағасы (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 320).
ЖҰМАҚ-ЖАЙ қ. Жұмақ. Несін ай-
тасыздар, бақыттың бал дəмін татамыз!
Ар жағында ж ұ м а қ-ж а й да тиіп тұр
(Д.Рамазан, Жылап аққан., 26). Сөйте тұра
ж ұ м а қ-ж а й ғ а баруды армандайды
(Бұл да).
ЖҰМАҚҚҰС з а т. з о о л. Еркектерінің
құйрық қауырсындары сəнді, өрнекті ірі
құс; тауыс. Ж ұ м а қ қ ұ с қауырсынының
бір уысы қазір 10-20 доллар тұрады.
Сондықтан да жергілікті тұрғындар ж ұ
220
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
м а қ қ ұ с т ы аулауды күшейтіп барады
(Қызыл құмдар., 169).
ЖҰМБАЗ з а т. Жүгері ұнын қанша
илесең де басы бірікпейді. Сосын оны
кішкентайдан үзіп алып, сығымдайды.
Жұмбаз дегеніміз сол. Кейін бармақтың
басындай ақ ж ұ м б а з д а р бірінен соң бірі
шолпылдап қазанға түседі (Т. Тобағабылов,
Түсінсең еді., 25).
ЖҰМБАҚСӨЗ з а т. Жұмбақтаған
сөзді табу ойыны. Көптеген методикалық
əдебиеттерде кроссворд, чайнворд, крип-
тограмма, ребус, жұмбақ, викторина, ж ұ
м б а қ с ө з д е р д і сабақтан бос уақытта
пайдаланудың маңызы көбірек сөз болады
(Қ. Қайымов, Зоология., 19).
ЖҰМБАҚТАНДЫР Жұмбақтан
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Онсыз
да мынау сиқыркешті одан сайын ж ұ м б
а қ т а н д ы р а түскісі келгендей маңдай
тұстағы алыс жалдың басынан от жалпыл-
дады (Ə. Кекілбаев, Елең-алаң, 272).
ЖҰМБАҚТАНДЫРУ Жұмбақтандыр
етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМСАҚ: Жұмсақ жері. э к с п р.
Құйрық. Мұсылман діні бойынша мұндай
адам дозаққа жануы керек деп аңғал
батырдың ж ұ м с а қ ж е р і н е көк
шыбықпен мың мəртебе дүре соқсын деген
осы Берке хан емес пе? (І. Есенберлин,
Алтын орда, 1, 83).
ЖҰМСАҚТАЛ Жұмсақта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Бірақ сөзі бұрынғы
ойдағы дайындаған сөзі емес, жуасып,
ж ұ м с а қ т а л ғ а н д а й кібіртік еді
(М. Əуезов, Қилы заман, 35).
Ж Ұ М С А Қ Т А Л У Ж ұ м с а қ т а л
етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМҺҰРИАТ з а т. к ө н е. Мемле-
кет, республика. Қытайдың ескі хандығы
жығылып, орнына жаңа ж ұ м һ ұ р и а
т (республика) жасалды («Қазақ» газеті,
1914, 116).
ЖҰМЫР з а т. б о т. Сабағы жұмырлау
келетін шөп түрі. Жылқыны – бетеге,
майқара, бұйырғын, бидайық, изенге,
қарамалды – тарлау, ж ұ м ы р, қияққа, қойды
– қарғатұяқ, қызғалдақ, жапырақшайырлы
жайылымдарға жайды (С. Мəуленов,
Жұлдызды., 125).
Ж Ұ М Ы РЛ А Н Д Ы Р Ж ұ м ы р л а н
етістігінен жасалған өзгелік етіс. Жасыл
матадан тұтас тігілген жол киімі оның
сүйріктей сұлу денесін онан сайын ж ұ м
ы р л а н д ы р ы п, сұлуландырып жіберіпті
(Ə. Əбішев, Ғаламат, 26).
ЖҰМЫРЛАНДЫРУ Жұмырландыр
етістігінің қимыл атауы.
ЖҰМЫРЛЫҚ... 2. а у ы с. Береке-
бірлік, татулық. Серікбай залың өрде жүр,
Қиыр шалғай жерде жүр. Береке-бірлік
қыла алмай, Ж ұ м ы р л ы қ т а н кенже
жүр (А. Үлімжіұлы, Шығ. жин., 2, 357).
ЖҰМЫРТАС з а т. Өзен жиектерінде
кездесетін жұмырланған тас (Бекітіл.
термин., 38).
ЖҰМЫРТҚА з а т. а н а т. Еркек
адамның, малдың ұмасындағы жұмыртқа
пішіндес без, атабез. Ж ұ м ы р т қ а н
ы ң ұмаға түспей қалуы көптеген қауіпті
асқынуларға алып кеп соқтыруы мүмкін
(Жас Алаш, 01. 11. 2003, 5).
ЖҰМЫС: Жұмыс бөлмесі. Қызмет
істейтін, шығармашылықпен айналы-
сатын бөлме. Ж ұ м ы с б ө л м е с і н і ң
негізгі жабдықтары – жұмыс столы, крес-
лолар, кітап сөрелері мен шкафтар
(Шаңырақ, 40).
ЖҰМЫСЖАНДЫ с ы н. Жұмыс десе
жанын салатын, жұмысқұмар. Лəйліп
жүрсе үнемі адам түлегі, Өмір өксіп, өлім
сақ-сақ күледі. Уақыт, сенің қадіріңді білсе
егер, Ж ұ м ы с ж а н д ы шаруакештер
біледі (Қ. Мырзалиев: Қаз. əдеб., 06. 04.
1973, 2).
ЖҰНТ з а т. Жабайы болып кеткен,
тағыланған, мінілмеген жылқы (Қаз. эт-
нография., 2, 447).
ЖҰҢҒАР з а т. к ө н е. Шыңғыс хан
заманындағы билеушінің сол қолы болып
табылатын лауазым иесі. Игі жақсылар
қақ айрыла сөгіліп, бірі сол қол – ж ұ ң ғ а
р ғ а, бірі оң қол – барұңғарға, атақ-дəреже,
абырой-мəртебесіне орай, əрқайсысы
өздеріне тиесілі орындарына отыра баста-
ды (М. Мағауин, Аласапыран, 50).
ЖҰПТАС: Жұптас сөздер. л и н г в.
Ұдайы өзара жұптасып қолданылатын
мəндес сөздердің (синонимдердің) тұрақты
тіркесі (плеонизм). Ж ұ п т а с с ө з д е р
бірінің мағынасын бірі күшейтіп қана
қоймайды, сонымен бірге ойды мəнерлі,
бейнелі түрде жеткізудің де құралы
(Б. Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 87).
ЖҰРАҒАТШЫЛ с ы н. Ағайыншыл,
туысшыл. Қасира бəйбіше көпшіл, ж ұ р а
221
Байынқол Қалиев
ғ а т ш ы л адам болатын (К. Мұқажанұлы,
Ортеке, 21).
ЖҰРАТ з а т. с ө й л. Жұрағат. –
Қарағым-ау, сенің белдігіңді тосырқап
жүрсем, жекжаттың ж ұ р а т ы боп
шықтың ғой (Т. Əлімқұлов, Көкек айы, 45).
Жақсының тозды мұраты, Пенденің кетті
ұяты. Байдан қайыр жоғалып, Жат болып
кетті ж ұ р а т ы (А. Үлімжанұлы, Шығ.
жин., 2, 328).
ЖҰРТКЕРШІЛІК с ы н. с ө й л. Елдік,
халықтық. Бас қосып бірнеше күн бірге
тұрды, Сөйлесіп ж ұ р т к е р ш і л і к кеңес
құрды. Ақыры Абылайдың хан болуын Бəрі
де бір ауыздан қабыл қылды (Батырлар
жыры, 6, 61).
Достарыңызбен бөлісу: |