ЖҰРЫМ: Жұрымың кесілсін. Өмірің
қысқа болсын, өліп қал д. м . қарғыс. – Ж ұ
р ы м ы ң к е с і л с і н, жүгірмек! Тауда-
ғы жуадай сол! Өміріңде қағынып өт!
(Ə. Əзиев, Шапақ, 33).
ЖҰРЫН... Ж ұ р ы н ғ а елтірі, аңның
(түлкі, құндыз т.б.) терілері пайдаланылған
(Қаз. этнография., 2, 453).
ЖҰРЫНТЫҚ з а т. ж е р г. Қалған-
құтқан, қалдық, жұрнақ, жұқана. Ол
қарақұсындағы бір уыс бурыл шаштың
ж ұ р ы н т ы ғ ы н жинап əкеліп төбесі-
н і ң ж а л т ы р ы н ж а бул а ғ а н б о л д ы
(Қ. Ысқақов, Қараорман, 6).
ЖҰТПА з а т. Судың жер астына кетіп
жатқан жері, иірімі. Қол-аяғыңды байлап
ана көлдің ар жағындағы ж ұ т п а ғ а та-
стай саламыз (Ə. Кекілбаев, Үркер, 339).
Ол (бұлақ суы) анау етектегі ж ұ т п а ғ а
құйылып жатыр (Жұлдыз, 1973, №5, 180).
ЖҰТЫРАЙ е т . ж е р г. Жұтау, ашық-
шашық жату. Қаланың бір шетінде ала
бөтен ж ұ т ы р а й ы п жататын етікші, ар-
бакеш тұратын бықынажай махаллада туып
өскен (Ə.Кекілбаев, Елең-алаң, 22). Жар-
лының иініндегі елбе-селбе киімдей ж ұ т
ы р а й ы п тұр (Ə. Кекілбаев, Үркер, 42).
ЖҰТЫРАЮ Жұтырай етістігінің
қимыл атауы.
ЖҮГЕН: Жүгенін [жүген-құрығын]
ұстап қалды. Жұт жылдары жылқысы
жапай қырылып, құр-алақан қалды д. м.
Төгіліп бір боранда барлық құты, Мал
тұрсын, кісі өлтірді тамақ жұты. Көтермей
бір-екі айды, ақсүйек боп, Ж ү г е н і н ұ с
т а п қ а л д ы қазақ жұрты (С. Торайғыров,
Таңд. шығ., 309).
ЖҮГЕРІ з а т. 1. Жүгері дақылының
дəні. Бір шетте ылғи иығынан тастамай
сүйретіп жүретін қоржынынан елден жиған
қатқан нан, ж ү г е р і л е р і шашылып жа-
тыр (О. Тəжиева, Қара қолғап, 48). 2. с ы
н. Жүгері ұнынан жабылған (нан). Гусейн
ағай аспалы қапшығын ашып, жарты таба
ж ү г е р і нанын алды (Т. Тобағабылов,
Тағдыр, 14).
ЖҮГЕРІПАЯ з а т. Жүгерінің сабағы.
Собығы қайырылып алынған соң сиырға
салатын сабағын ж ү г е р і п а я деп атай-
ды (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 7). Тақта-тақта
егістердің жиегіндегі жүдеу ж ү г е р і п
а я л а р түссіз-түксіз, жүнжіген күйінде
жансыз ербиеді (Бұл да, 197).
ЖҮГІРТПЕ
1
з а т. с ө й л. Өрмектің
ерсі жібі мен қарсы жібінің арасынан
оңай өткізу үшін сопақша бір нəрсеге орап
алған арқау жіп. Мұны «арқау шөлмегі»
деп те атайды (ҚСЭ, 9, 49).
ЖҮГІРТПЕ
2
з а т. ж а ң а. 1. Жұмыстан
шығу үшін əр кабинетке барып, «қарызы
жоқ» деген белгі соқтыратын қағаз. 2.
м е д. Денсаулықты тексерту мақсатында
əр түрлі мамандарға барып көріну үшін
берілетін қағаз (бегунок).
ЖҮГІРТПЕ: Жүгіртпе жол. Теледи-
дардан хабар беріп жатқанда экранның
төменгі жағына жазылған қосымша хабар
(Бекітіл. термин., 38).
ЖҮДЕГЕНДІК з а т. Арықтағандық,
азғандық, жадағандық. Оның түрінде
шаршағандықтың, ж ү д е г е н д і к т і ң
ізі бар (А. Мекебаев, Алапат, 18).
ЖҮДЕГІШ с ы н. Жүдеп кеткіш, арық-
тағыш. Қарабайыр жылқыға қарағанда
қас жүйріктердің ерекше күй таңдағыш,
сол себепті тез мұқалғыш, тез ж ү д е г і ш
мінізінен ол хабардар еді (О.Сəрсенбай,
Шығ., 4, 4).
ЖҮДЕҢДІК з а т. Жүдеу тартқандық,
жүдегендік. Елдегі адамдардың түр-
ыңғайында да ж ү д е ң д і к, қатаңдық бай-
қалады (С. Нұрмағамбетов, Жауынгер., 24).
ЖҮЗ
1
: Жүз грамдатты. Арақ ішті. Ас
бөлмеге кіріп, тоңазыған қазымен ж ү з г р
а м д а т ы п шығуымызға жеңешем ақыры
көндірді (К. Сегізбаев, Біз қалада., 41).
ЖҮЗ
2
: Жүзін салды. Бетмоншағын
төкті, өтінді. Ж ү з і н с а л ы п, ешкімнен
аяқ лау машина да сұрамады (Д. Досжанов,
Жолбарыс., 10).
222
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЖҮЗБАСШЫ з а т. с ө й л. Жүзбасы.
Алдыменен жай жылқышы, содан ж ү з
б а с ш ы с ы н а жеттім, міне, қазір ханның
өзін қорғайтын төлеңгіттердің ж ү з б а с
ш ы с ы м ы н (І. Есенберлин, Алтын орда,
1, 111).
ЖҮЗБАСЫЛЫҚ з а т. Жүзбасы бол-
ғандық (Ж. Молдағалиев, Алғ. қоңырау, 123).
ЖҮЗБЕГІ з а т. Жүз кісінің бегі,
бастығы. Онымен тізелес отырған - Əкпар
ж ү з б е г і (Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 1,
24). Ішінде мен де бармын. Ж ү з б е г і н і ң
айқайына қарамадық (М. Мағауин, Ала-
сапыран, 102).
ЖҮЗБЕҚАНАТ з а т. Теңіз жануар-
ларының суда жүзуге көмегі тиетін бүйір
немесе арқа қанаттары. Ұшқыш балықтар
су бетімен жүзіп, инеліктің қанатына
ұқсайтын кеуде ж ү з б е қ а н а т т а р ы н
жайып жіберіп, ауаға самғай жөнеледі (Су
асты. тіршілік, 41). Бұл балықтардың басты
ерекшелігі – бұлшықетті екі жұп ж ү з б е
қ а н а т т а р ы бар (Бұл да, 47).
ЖҮЗГЕНДІ с ы н. Жүзген өскен,
жүзгені бар. Үйірім-үйірім, арал-арал
бүргенді, ж ү з г е н д і, теріскенді, жантақты
тоғайлар бар бұл арада (Ж. Жұмақанов, За-
мана., 132). Ақ таспа Мойынқұмның ж ү з г
е н д і, теріскенді, ақ сексеуілді жерлерінде
өседі (ҚСЭ, 1, 222).
ЖҮЗДІК з а т. ə с к. ж а ң а. Бесжүздіктің
(баталионның) құрамына кіретін əскери
бөлімше; рота.
ЖҮЗЖЫЛДЫҚ з а т. Жүз жыл
көлеміндегі уақыт. Күйеу ж ү з ж ы л д ы қ,
құда мыңжылдық (Мақал).
ЖҮЗТЕРУ з а т. ө н е р. Ою-өрнектің
бір түрі. «Құстаңдай», «сыңар өкше», «қос
мүйіз», «тоғыз көз», «ж ү з т е р у» сияқты
ою-өрнек нұсқалары белгілі бір кəсіппен
байланысты туындап дамыды емес пе?
(Лен. жас, 03. 08. 1974, 2).
ЖҮЗУШІ з а т. Суға жүзген адам.
Мұхитта ж ү з у ш і л е р д і ң құбыланамасы
бөгдеге танық (Қаз. əдеб., 01. 12. 1972, 4).
ЖҮЗШІЛ с ы н. Өз жүзін (үш жүздің
бірі) жақтаушы, дəріптеуші. Біздің
руыңды біл – рушыл болма, жүзіңді біл
– ж ү з ш і л болма дейтініміз сондықтан
(Жас Алаш, 30. 12. 2010, 5).
ЖҮЗІ: Бір [екі] айдың жүзі болды.
Бір (екі) айдай уақыт өтті. Тіпті аудан
орталығына барып ауру аяғын қаратуға да
мұршасы келмей, е к і а й д ы ң ж ү з і
б о л д ы дегенде əрең аяқтады-ау жөндеуді
(Н. Ораз, Сықырлы., 164).
ЖҮЗІК: Жүзік тықпақ. э т н. Жастар
жиналған отырыста жүзікті тығып, оны
табу ойыны. Əннен кейін əр алуан кəделі
ойындар ойналып, ең ақыр аяғы «ж ү з і к
т ы қ п а қ», «орамал тастамақ», «балтам
тап» ойындарына келгенде ойын-сауық
бірте-бірте аяқси бастаған (С. Омаров,
Қызыл арай, 136).
Жүзік іздеу. э т н. Біреу жүзікті тығып,
екіншісі оны іздеп табу ойыны; жүзік
тықпақ.. – Ойынды бастаймыз. « Ж ү з і к
і з д е у» ойнаймыз (Қ. Тұрсынқұлов, Анды-
Қарақыз, 123).
ЖҮЗІКТЕТ е т. Əркімге жүзік са-
лып, қарық қылу. Қатындардың алтын
ж ү з і к т е т і п, алтын білезіктетіп,
алтын сырғалатып кеткені əлей еді-ау!
(Ғ. Мүсірепов: Қаз. əдеб., 10. 11. 1972, 1).
ЖҮЗІКТЕТУ Жүзіктет етістігінің
қимыл атауы.
ЖҮЗІМДІ с ы н. Жүзім өскен, жүзімі
мол. Бұл – «Жас өркен» жеміс-жүзім
совхозының алмалы, ж ү з і м д і, жидекті
алқаптары (Еңбек туы, 12. 09. 1969).
ЖҮЙЕ-ЖЕЛІС з а т. ə д е б. ж а ң а.
Композиция. Шығарманың ж ү й е-ж е л і
с і (композициясы) бір қыдыру өзгеше (Қаз.
əдеб., 13. 04. 1984, 6).
ЖҮЙКЕ з а т. б о т. Жапырақ алақанында
болатын жіңішке тамыршалар. Жапырақ
алақанында ж ү й к е л е р болады. Оны жа-
пырақ жүйкелері деп атайды (Биология, 65).
ЖҮЙКЕ: Жүйкесі жүндей түтілді.
Жүйкесі тозды, мазасы кетті. Ректор
түгілі проректор, декан, тағысын-тағыларға
дейін ж ү й к е л е р і ж ү н д е й т ү т і л і п,
жарым жастары кеміп кететінін ұғындырып
баққан (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 130).
ЖҮКЖИНАР з а т. э т н. Жасау-
ды буып-түюге көмектескен əйелдерге
берілетін кəделі сый. Жасауды теңге буып-
түюге қолғабыс еткендердің ішіндегі жасы,
жолы үлкен əйелдің біріне ж ү к ж и н а р
кəдесі беріледі (Қаз. этнография, 2, 493).
ЖҮКСІН е т. с ө й л. Жүк көру, ауырсы-
ну. Ана бір орта жастағы азамат та жүруді
ж ү к с і н е т і н сияқты (Алматы ақшамы,
03. 01. 1989, 3).
ЖҮКСІНУ Жүксін етістігінің қимыл
атауы.
223
Байынқол Қалиев
ЖҮКШЕШЕР з а т. э т н. Қыз
жасауының жүгін шешкен адамға
төркіні жағынан берілетін кəделі сый.
Ж ү к ш е ш е р кəдені жігіт жақтың жақын,
сыйлы жеңгелерінің бірі алып, отырған
əйелдерге таратады (Қаз. этнография.,
2, 493).
ЖҮЛГЕ з а т. ж а ң а. Жер жырту
кезінде соқа аударған топырақтың ұзын
желісі; борозда (Бекітіл. термин., 39).
ЖҮЛЕК з а т. ж е р г. Тармақ.
ЖҮЛЕКТІ с ы н. ж е р г. Тармақты.
Қазіргі кезде олар тамаша мовзелейдің
қазандық, асхана, кітапхана, құдықхана
жəне бүкіл сегіз ж ү л е к т і коридорды
толық жөндеп бітті (Қаз. əдеб., 20. 10.
1978, 2).
ЖҮЛКЕ з а т. ж е р г. Үлес, сыбаға. Əр
қостан бір жылқы қолбасшының ж ү л к е
с і болады екен (Қ. Манин, Əруақты ата-
лар, 117). Сонда Райымбек: - Маған деген
ж ү л к е л е р і ң і з г е разылық, рахмет
айтамын. Бұл ж ү л к е н і үшке бөліңіздер
(Бұл да, 142).
ЖҮЛІКТІК з а т. Қулық, зұлымдық,
а л а я қ т ы қ . Б а с қ а л а р с а д а қ а н ы
мүгедектігімен алса, бұлар өздерінің
ептілігімен, дұрысын айтқанда ж ү л і к
т і л і г і м е н алады (Ғ. Мүсірепов, Қаз.
солдаты, 89).
ЖҮН: Жүн байпақ. Жұқа етіп қозы
жүнінен басылған байпақ; ұйық. Ж ү н б а й
п а қ т ы етіктің ішінен аяқ жылы болу үшін
киген (Қаз. этнография., 2, 499). Былғары
етіктің қыстыгүні жылы болуы үшін ж ү н
б а й п а қ (ұйық) киген. Ондай үлкен етіктің
аты – саптама. Қойдың жабағысынан жа-
сап, жеңіл етіктің ішінен киетін шұлықты
«байтаба» деген (С. Мұқанов, Таңд. шығ.,
15, 123).
Жүн иіру. қ. Жіп иіру. Ж ү н и і р у үшін
алдымен түтілген жүнді шүйкелеп алады
(Қаз. этнография., 2, 498).
Жүн сақал. Шатысып, бытысып
кеткен, түтеленген сақал. Ағы, қарасы
араласып өскен ж ү н с а қ а л, қазір
дəл бір шөлге шыққан дала бозындай
берекесізденіп беттің сиқын алып тұрған
шығар (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 383).
Жүн тарту. Киіз басу үшін сабалған
жүнді сол қолымен жұқалап қойып, оң
қолының қырымен басып, біркелкі етіп
жайып шығу. Ж ү н т а р т у д ы көбінесе
бір əйел атқарған. Өйткені 2-3 адам болса,
жүн дұрыс тартылмайды (Қаз. этнография.,
2, 497).
Жүн түту. Бір нəрсе тоқу үшін жүннің
іртігін қолмен жазып, үлпілдетіп, майдалап
тарқату. Ж ү н т ү т у г е əже-апаларына
қыздар да жəрдемдескен (Қаз. этнография.,
2, 498). Ж ү н т ү т у жұмысына қыздардан
бастап, ауылдың барлық əйелдері қатысады
(Қ. Толыбаев, Бабадан., 228). Ж ү н
т ү т у кезінде жүнге жабысқан ошаған
сияқты тікінді түйіршіктер бөлініп шығады
(Ə.Тəжімұратов, Шебер., 34).
Жүн шүйкелеу. Түтілген жүнді иіру
үшін оны созбалап, шиыршықтап дайын-
дау (Қаз. этнография., 2, 498).
Жүні тіріліп қалды. Бетіне қан
жүгірді, өңі кірді. Мəлік мені райынан
қайтты деп ойлады ма, немене, аз да болса,
ж ү н і т і р і л і п қ а л д ы (К. Ахметбеков,
Ақдала, 2, 111).
ЖҮНГЕ з а т. к ө н е. х а л қ. Қытай.
Бірақ қулығына найза бойламайтын ж ү н
г е еліне сенім бар ма, бүгін дос, ертең жау
(О. Бөкеев, Өз отыңды., 274).
ЖҮНДЕЛ Жүнде етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Ерді қаптау үшін не түйенің,
жылқының, не сиырдың ж ү н д е л г е н
шикі терісі, оған қағатын 15-17 мм шеге
керек (Қаз. əдеб., 19. 04. 1985, 4).
ЖҮНДЕЛУ Жүндел етістігінің қимыл
атауы.
ЖҮНЖЕГІ з а т. з о о л. Үй жану-
арлары мен жабайы жануарлардың
денесінде тіршілік етіп, олардың жүнін
жейтін паразит. Құстардағы паразиттер –
түбітжегілер жəне қауырсынжегілер болса,
сүтқоректілердегі паразиттер тек ж ү н
ж е г і л е р деп аталады (Р. Сəтімбеков,..
Қызықты биология, 89). Түбітжегілер
мен ж ү н ж е г і л е р д і ң түрлері өздері
паразитті тіршілік ететін иелерінің атымен
аталады (Бұл да).
ЖҮНЖҮН з а т. Қытай арағының бір
түрі. Қуырылған жуа мен ж ү н ж ү н -
н і ң исі бұрқырап мұрныңды жарады
(Қ.Жұмаділов, Соңғы көш, 4).
ЖҮНТАРАҚ з а т. Сабы ағаштан
жасалған, бірнеше қатар майда темір
тістері бар, жүн түтуге арналған құрал.
Ж ү н т а р а қ п е н қолмен түтуге
келмейтін, ұйысып қалған жүндерді түтеді
(Қаз. этнография., 2, 497).
224
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ЖҮРГІЗ е т. қ. ө н е р. Ұзынша келген
сəндік əшекейді, ою-өрнекті көлденеңінен
немесе тігінен орналастыру. ≈ Уықтың
қарына сыздық ж ү р г і з д і.
ЖҮРГІЗІЛ Жүргіз етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Қас бетін ою-
өрнек салынған жұқа темірмен жабады.
Ол темірлерге қақтаған күміс шабылады.
Сыздықтар, ширатпалар ж ү р г і з і л е д і.
Үзбелер, шытыралар қағылады. Маржан та-
сты қозалар орнатылады (Ж. Бабалықұлы,
Ер қанаты, 260).
ЖҮРГІНШІ з а т. 1. Жол жүріп бара
жатқан адам. ≈ Көп ж ү р г і н ш і л е р
д і ң бірі болар. 2. Көшеде жүрген адам
(пешеход). Жол хауіпсіздігін сақтау жүр-
гізушілермен қатар ж ү р г і н ш і л е р г е
де байланысты (Қаз. əдеб., 03. 09. 1976, 2).
ЖҮРГІШ... Ол барып тұрған ж ү р г
і ш т і ң өзі екен емес пе? (Т. Əлқанұлы,
Тірліктен., 88).
ЖҮРДЕК: Жүрдек ат. Берік ат
пен бəйге аттарының аралығындағы
салт жүріске арналған ат. Ж ү р д е к
а т – қазақ жылқысының орасан үлкен
қашықтықтарды салт атпен бағындыруға
пайдаланылатын жылқы түрі (Ана тілі, 16.
05. 2013, 5).
ЖҮРДЕКТЕТ е т. Тез жүргізу, жыл-
дамдату, шапшаңдату (І. Жансүгіров,
Шығ., 281).
ЖҮРДЕКТЕТУ Жүрдектет етіс-
тігінің қимыл атауы.
ЖҮРЕГЕН с ы н. Қайда болса сонда
жүріп кететін, жүргіш. Алайда ешкі
жазда желдеп, қыста ықтап кететін ж ү
р е г е н, өреген, ыстық-суыққа шыдам-
сыз, бағым-күтімді көп тілейтіндігімен
де ерекшеленеді (Б. Адамбаев, Халық
даналығы, 26).
ЖҮРЕК
1
: Жүрегінің басы топтану. Бір
нəрсеге алаң болу, елегізу, көңілі бөліну. –
Апырай, амансың ба, Нұрашжан. Қарадай
елегізіп, ж ү р е г і м н і ң б а с ы т о п т а
н ы п, бір шыны аяқ шайым да бойыма та-
рамай қойды ғой (Ж. Мусин, Туған үй., 71).
Жүректің құлағы. а н а т. Жүрек
қарыншасын ашып-жауып тұратын
қақпақ (клапн). Мынау ж ү р е к т і ң қ ұ
л а ғ ы... Мұны да итке лақтырған жерінен
алдым (Б. Майлин, Таңд., 88).
ЖҮРЕК
2
з а т. к ə с і б. Жылқының тұяқ
астындағы жұмсақ еті. – Мамаңа айтшы,
сары май шыжғырсын. Аттың ж ү р е г і н
е сормақта тартпасақ, суға тазаратын емес,
– деді əкем (М. Мəжитов, Аманғали, 244).
ЖҮРЕКЖАРДЫ... 2. Шын жүректен
шыққан, ағынан жарылған, шынайы.
Бұл ойларын Оразбек ағамыз еліміздің
айтулы тұлғасына айналған Алтынбек
Сəрсенбаевтың да азаматтық ірілігі мен
адамгершілік биіктігі жайлы ж ү р е к ж а
р д ы тебіреніспен толықтырған (Қаз. əдеб.,
16. 08. 2013, 6). Өйткені анасының ж ү р е
к ж а р д ы əні «Елім-ай» оның бесік жыры
болған-ды (Қаз. əдеб., 12. 12. 1986, 13).
Олар ж ү р е к ж а р д ы лебіздерін айтып,
өлең арнады (Лен. жас, 18. 03. 1988, 3).
ЖҮРЕКСІНУШІЛІК з а т. Баты-
лы жетпеушілік, қаймығушылық. Жігер-
сіздік емес, əрине, ж ү р е к с і н у ш і л
і к. Тағдырына деген жауапкершілік (Б.
Омарұлы, Қаратерең., 77).
ЖҮРЕКШЕ з а т. г е о г р. Жүрек
пішіндес дөң (биіктік). Біз сол бетімізбен
астыңғы жақтағы ж ү р е к ш е г е шықтық
(М. Етекбаев, Жомарт жаз, 70). Лагерь ж ү
р е к ш е н і ң үстінде екен (Н. Қазыбеков,
Дала., 54). Байқап қарасаң, жүрекке
ұқсайтыны рас екен. Осындай ұқсастығына
бола халқымыз мұндай жерді ж ү р е к ш е
деп атайды (Бұл да). – Лагерь содан кейінгі
ж ү р е к ш е н і ң үстінде, – деді (Бұл да).
Жүрекше ен. э т н. Жүрек пішінді ен.
Мал құлағына салынатын еннің түрлері
көп: жырық ен, қиықша ен, ж ү р е к ш е
е н, тесік ен, кесік ен т.б. (Қаз. этнография.,
2, 50).
Жүрекше жапырақ. қ. ө н е р. э т н.
Жүрекше пішінді ою. Қазақ шеберлері
қолданатын оюдың түрлері көп. Олардың
ең негізгілері: қошқармүйіз, сынықмүйіз,
түйетабан, қырықмүйіз, сыңырмүйіз, ж ү
р е к ш е ж а п ы р а қ т.б. (Шаңырақ, 434).
ЖҮРЕЛЕ: Жүрелеп отыру. Тізені
бүгіп, құйрықты жерге тигізбей, бар
салмағын екі аяқтың басына сала отыру.
Ж ү р е л е п о т ы р у ер адамдарға ғана тəн
отырыстың түрі (Қаз. этнография., 2, 502).
ЖҮРІМ: Жүрім берсін. қ. Өмір берсін.
Қалғандарыңа ж ү р і м берсін енді.
Қайтеміз, қолдан келсе тірі адамды ажалға
береміз бе (Т. Тобағабылов, Түсінсең еді.,
181). Ала-ақ қойсын, қорқытқаны сол бол-
са. Əйтеуір сендерге ж ү р і м б е р с і н
(Қ. Найманбаев, Беймезгіл., 224).
225
Байынқол Қалиев
Жүрімің құрғыр. «Жүргеніңнің жолы
болсын» д. м. жеңіл қарғыс. – Қап, ж ү р і
м і ң қ ұ р ғ ы р көк шолақ-ай! (Лен. жас,
07. 01. 1976, 3).
ЖҮРІҢКІРЕУ Жүріңкіре етістігінің
қимыл атауы.
ЖҮРІССОҚТЫ с ы н. Көп жүріп
шаршаған, титықтаған. Арбалар мен
зеңбіректердің маңына қалай болса солай
киімшең қисая кеткен ж ү р і с с о қ т ы
жұрт дем алып қарқ болмады (Ə. Кекілбаев,
Елең-алаң, 61).
ЖЫБЫРЛАҒАНСУ Жыбырлағансы
етістігінің қимыл атауы.
ЖЫБЫРЛАҒАНСЫ е т. Жыбырлаған
болу, жыбырлаңқырау. Бір-біріне қағазша
желімделіп қалған, қансыз-сөлсіз ерні еміс-
еміс ж ы б ы р л а ғ а н с ы д ы (С. Оспанов,
Сопы., 4).
ЖЫБЫРЛАУЫҚ з а т. в е т. с ө й л.
Жыбырлақ. Қойлар, əсіресе тоқтылар
ж ы б ы р л а у ы қ п е н ауыра бастады
(Ə. Жылқышиев, Мешін жылы, 7). Ж ы б ы р
л а у ы қ – малда болатын ауру. Ішек іріп
кетеді. Көбінесе көктемде, күзде кездеседі.
Бұл ауру соры көп, ащы шөпті жерде бол-
майды. Ауру – шөптен, шөп – топырақтан
(Қаз. əдеб., 14. 02. 1986, 6).
Достарыңызбен бөлісу: |