Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет25/48
Дата25.11.2023
өлшемі229,23 Kb.
#127577
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48
Байланысты:
Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары-emirsaba.org

2-тапсырма: Тірек сөздердің синонимін пайдаланып, жинақы мәтін жазыңыздар.
Дина Нұрпейісова – талантты күйші. Жастайынан күйді керемет орындаған.
Құрманғазы Динаның талантын сырттай естіп, арнайы іздеп келеді де, тоғыз жыл бойы күйшілік өнерге өзі баулиды. Ең алғашқы туындылары «Бұлбұл», «Байжұма», «Көген түп», «Он алтыншы жыл» атты күйлері Динаның дарынды композитор екенін дәлелдеді.
1937 жылы Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен Алматыға келеді де сол жылдың күзінде ұлт дарындары бас қосқан екінші республикалық жиында күйлерін шебер орындағаны үшін тұңғыш сыйлығын алады. Осыдан кейін Дина «Қазақ филармониясына» жұмысқа алынып, оған «Еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы берілді. Осы жылы ол Жамбыл Жабаевпен танысады.
Мәскеуде өткен Бүкілодақтық ұлттық аспапта орындаушылар байқауында бірінші орынды иеленді. Ұлы Отан соғысы басталған тұста ол майдандағы ұлын зарыға күткен сағынышын «Ана бұйрығы» атты шығармасына негізге алды. Дина – Қазақ ССР-нің халық әртісі. Оның шығармалары қазақ домбыра өнерінің нағыз классикасы.
6-бөлімше. Мәтіндерді түзету және редакциялау


5-сынып

6-сынып

7-сынып

8-сынып

9-сынып

6. Мәтін дерді түзету және редак циялау

5.3.6.1
мәтіндегі орфография


лық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау

6.3.6.1 мәтіндегі орфография


лық және пунктуациялық қателерді сөздіктерге, емле ережелеріне сүйеніп, түзету, редакциялау


7.3.6.1
мәтіндегі сөздердің тақырыпқа сай орынды қолданылуын тексеру,


синонимдік қатармен ауыстыра отырып, лексикалық түзетулер енгізу, редакциялау

8.3.6.1
БАҚ материалдары негізінде стильдік ауытқуларды, орынсыз қолданылған сөз оралымдарын талдап, стильдік түзетулер жасау, редакциялау




9.3.6.1
жазба жұмысын абзацтар мен бөліктерге бөлу, ойын (ақпарат, идея) дұрыс жүйелеп, логикалық түзетулер енгізу, редакция


лау


5.3.6.1 мәтіндегі орфографиялық қателерді сөздіктерге сүйене отырып, түзету және редакциялау.
Редакциялау- (өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету) тексеру және өзгерту дегенді білдіреді.
Өзгерту – мазмұн тақырыпқа сəйкес ақпараттан тұратынына жəне оның ақпаратты бірыңғай беретініне көз жеткізу үшін қайта оқу немесе шығарма жобасын қайта қарау.
Оқушылар орфография, грамматика, пунктуациядағы қателерді анықтау жəне түзету үшін, сондай-ақ, өшіріп, қосып, материалды нақтылау үшін түрлі түсті қаламдарды пайдалану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет