Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



бет26/48
Дата25.11.2023
өлшемі229,23 Kb.
#127577
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48
Байланысты:
Жазылым дағдысын қалыптастырудың жолдары-emirsaba.org

Тексеру, өзгерту жəне дұрыстау.
Бір уақытта бір қате типіне тексеру жасаңыз: мысалы, жазылу емлесін түзетуден бастауға болады. Бұл сіздің бар назарыңызды бірнеше сəтті бір уақытта қарауға емес, бір міндетке аударғаныңызды көрсетеді.
Қателерге тексеру кезінде мəтінді ақырын дауыстап оқыңыз. Олай етпеген жағдайда, мəтінді тез оқу немесе оймен оқу үдерісі кезінде, кейбір сөздерге мəн бермей тастап кетуіңіз мүмкін.Мұғалім барлық жауаптарды тексеру, өзгерту жəне түзетудің қажеттілігін нақтылау керек.
Түзету стратегиялары:
  • Жазбаша мазмұндаманың бір бөлігін соңынан басына дейін оқыңыз. Бұл орфографиялық қателерге бүкіл назарыңызды аударуға мүмкіндік береді; түсіну мүмкін емес болғандықтан, сіз бүкіл сөзге жеке-жеке мəн бересіз.


  • Тыныс белгілерін домалақтаңыз, емле қатесін жақшамен ерекшелеңіз. Əр белгінің өз кезегінде қарастырылатынына жəне қажет болған жағдайда қандай да бір өзгертулер енгізуге мүмкіндік беретініне көз жеткізіңіз.


  • Жазу бөлігін жеке сөйлемдерге бөліңіз. Бұл сізге грамматика, орфография жəне пунктуацияның сөйлемдегі анықтығына назар аударуға мүмкіндік береді.


Мысалы: Енесі тебкен (дұрысы тепкен) құлынның еті ауырмайды.


ІІ. Бірлескен жазылым
Бірлескен жазылым әдісін қолданғанда мұғалім жазушы болу дегеніміз не екенін көрсетеді: табысты жазушы болу үшін мәтінді құрастыру, ауызша қайталау, оны жазу және қайтадан оқып шығу үдерістері қамтылады, сонымен қатар, әртүрлі нысандарда, әдеби (әңгімелер мен өлеңдер) және әдеби емес (ақпараттық мәтіндер) мәтін түрлерінде сөз, сөйлем және мәтін деңгейінде жазылым жүйесі қандай рөл атқаратынын түсіндіру көзделеді.
Бірлескен жазылым әдісі қарастырылатын сабақ – оқытудың интербелсенді түрі, онда мұғалім алдымен көрсетеді, содан кейін жазушы рөлінде әрекет етеді; содан кейін оқушыларға қолдау ала отырып, мәтінді құрастыруға мүмкіндік берердің алдында оқушылардың идеяларын жинақтап, оларды толықтырып түзетеді. Мұндай тәсіл оқушыларға өздерін соншалықты табысты сезінуге мүмкіндік береді, себебі жеке жұмыс барысында олар өздерін бұлай сезіне алмайды. Бергер (2003) оқушыларға «жетістікке жақын екендігін көруге мүмкіндік берілсе, бұдан кейін бұл оқушылар осыған дейін болғанындай енді ешқашан болмайды. Ол өзінің
жаңа бейнесін, жаңа мүмкіндіктерін көреді. Содан құлшыныс, алға ұмтылу туындайды» деп мәлімдейді.
Бірлескен жазылым арқылы мұғалім жазылымның мақсаты мен оған кім қатысып отырғанына басым көңіл бөледі, сөйтіп нақты аудиторияға ықпал етіп, нақты мақсатқа жету үшін қажетті көркем құралдарды, сөздік қорды және сөйлем құрылымын анықтайды. Оқу жоспарында әрбір бөлім белгілі бір аудиторияға арналған белгілі бір мақсатта жазылған мәтін түзуге бағытталған, мысалы, біз жаңа мектептің ашылуына байланысты тұсаукесер картасын жазамыз.
Анағұрлым тиімді мектептер арасында жүргізілген зерттеу барысында Фратер (2002) анағұрлым табысты мұғалімдер мақсат пен аудиторияға баса назар аударатынын анықтады: «Мектептер бір қызық парадоксқа кезігіп отыр – бүкіл әлемде аса тиімді тәсіл ретінде қарастырылып отырған «жазылым» үдерісі олардың назарынан тыс қалған, ол мектеп аясында біршама жасанды көрінеді... біз оларды жазып төселуге үйретудің орнына, шынайы мақсатқа жету үшін балалардан аз жазуды сұраймыз. Мектептерде жүргізілген зерттеу осындай құрылымдық қиындықпен күресуге ерекше назар аударуға ықпал етті: олар тапсырманы қызықты ете отырып, мақсатты атап көрсету арқылы өз оқушыларына бұл жазбаның кімге арналғаны туралы ойлануға көмектесті». МАН 33-бет.

Мысалы: Бірлескен жазылым «Мәтінді аяқта» әдісі
Мұғалім мәтінді бастап алғашқы абзацын жазып көрсетеді. Оқушылар мәтінге тақырып қойып, әр топ бір сюжеттен әрі жалғастырып жазады да, соңғы топ аяқтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет