Жәдидшілдік – ХІХ-ХХ ғғ. межесіндегі исламды модернизациялау жолындағы



Pdf көрінісі
бет4/10
Дата25.04.2022
өлшемі294,84 Kb.
#32126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Кіріспе 

Шынында да, Алла әр ғасырдың басында уммаға 

дінді жаңарту үшін адам жіберіп отырады. 

Мұхаммед пайғамбар 

 

Соңғы жылдары қоғамымызда қолға алынып жатқан рухани жаңғырудың табысты 



жүруі  тарихымызда  орын  алған  модернизациялық  үдерістерді  қайта  қарастырып,  озық 

тұстарынан  үйреніп,  кемшіліктерінен  сабақ  алуды  қажет  етеді.  Оның  үстіне,  исламдағы 

модернизация  мәселесін  зерттеудің  өзектілігінің  барынша  артуы  қазіргі  таңда  әлемде 

орын  алып  отырған  жаһандану  және  интеграция  үрдістерімен  де  тығыз  байланысты, 

өйткені  қазіргі  таңда  ислам  өркениеті  әлемдік  дамудың  балама  даму  жолдарын  ұсынып 

отырған өркениеттердің бірі болып табылады.  

Мұсылман  елдерінде  орын  алған  модернизациялық  үдерістердің  ең  бір  айтулысы 

ХІХ-ХХ  ғғ.  межесінде  болған  жәдидшілдік  қозғалыс  екендігі  белгілі.  Аталмыш  мәселе 

төңірегінде  сол  жәдидшілдердің  өзінен  бастап  қазіргі  таңға  дейін  зерттеушілер 

ізденістерін  жүргізіп  келеді,  сондықтан  бұл  зерттеулердің  барлығына  мақала  аясында 

талдау жасап шығу мүмкін емес, тек кейбіріне ғана тақырыпты ашу мақсатында сілтеме 

жасап отыруға тырысамыз.  

«Жәдидизм    араб.        —  «жаңа )  –  бұл  ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың 

басында  орын  алған  қоғамдық-саяси  және  мәдени-ағартушылық  қозғалыс,  ол  Ресей 

империясының мұсылман халықтары арасында кең тарады.  Қозғалыстың негізін салушы 

қырым  татарларынан  шыққан  атақты  ағартушы  Исмаил  Гаспралы  болып  табылады. 

Қозғалыстың  негізінде  мұсылман  мектептерінде  бірқатар  зайырлы  пәндерді  енгізу  және 

араб тілін оқытудың жаңа, дыбыстық әдісін  араб. «усул-и жадид  - «жаңа әдіс ) қолдану 

жатқан болатын. Жәдидшілдікке сол кезеңде қарсы бағытталған қозғалыс қадымшылдық 

(араб.قديم  «ескі ,  «консервативті )  деп  аталды.  Қадымшылдық  өкілдері  заманауи 

жаңашылдықты  қабылдамайтын,  шарғиат  жолынан  ауытқымауды  талап  ететін 

консервативтік  ұстанымда  болды.  Ескішіл,  консервативті  қоғамдық  ағым  ретінде 

қадымшылдық  жәдидшілдікпен  қатар  өмір  сүріп,  онымен  кескілескен  күрес  жүргізді 

 Мухаметшин Р. Исхаков Д. Интернет-ресурс). 

Жәдидшілдік  қозғалысына  отандық  тарихнамада  мәдени-ағартушылық,  зияткерлік 

қозғалыс болды деген баға берілген, cондықтан барлық зерттеулер осы бағытта жүргізілді. 

Алайда,  бұл  қозғалыстың  исламды  модернизациялау  бағытындағы  қозғалыс  болғандығы 

зерттеушілердің  назарынан  тыс  қалып  қойған.  Ал  іс  жүзінде  жәдидшілдік  мұсылмандық 

білім  саласында,  оны  реформалау,  жаңарту,  модернизациялау  мақсатында  пайда  болды, 

яғни,  бұл  қозғалыс  исламның  өз  ішінде  пайда  болды.  Батыс  зерттеушісі  А.  Бенигсеннің 

берген  бағасы  бойынша,  жадидизм  «ислам  өркениетінің  жауһары   болып  табылады 

 Бенигсен,  1983:  55).  Сондықтан  да  біздің  мақала  жазудағы  мақсатымыз  жәдидшілдік 

қозғалысын  ХІХ-ХХ  ғғ.  межесіндегі  исламды  модернизациялау  әрекеті  ретінде  ашып 

көрсету,  қозғалыстың  тарихи  объективті  алғышарттарын  анықтау,  оның  түркі 

халықтарында  жаңа  дүниетанымның  қалыптасуындағы  орны  мен  рөлін  көрсету  болып 

табылады. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет