Жәдидшілдік – ХІХ-ХХ ғғ. межесіндегі исламды модернизациялау жолындағы



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата25.04.2022
өлшемі294,84 Kb.
#32126
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
 

 

      Жәдидшілдік қозғалысының басты себебі – исламды дағдарыстан алып шығу 

 

     Жәдидшілдік  қозғалыс,  бастапқыда  Қырым  және  Еділ  бойындағы  ханафилік 

мәзһабты ұстанатын түркі тілдес халықтардың  татарлардың) арасында пайда болды, оның 

өкілдері  дүмшелік  пен  фанатизмге,  буквализм  мен  догматизмге  заманауи  өркениеттің 

білімі  мен  ғылымын  қарсы  қойды.  Олар  сол  кездегі  еуропалық  өркениеттің  қойған 

міндеттерін  шешу  үшін  «иджтихәдтың  қақпасын   ашу  қажеттілігін  алға  тартты 

(Нұрмұратов, 2013: 86).  

    Жәдидшілдік түркі тілі мен әдебиетін дамытуды, зайырлы пәндерді үйретуді, ғылым 

жетістіктерін пайдалануды, әйелдердің теңдігін қолдайтын ағартушылық қозғалыс болды. 

Жәдидшілдіктің көрнекті  өкілдері  қатарына Шағабуддин Маржани, Құсайын Фаизханов, 

Ысмайыл  Гаспаралы,  Мұса  Бигеев,  Ризаетдин  Фахретдинов,  Мифтахеддин  Ақмолда, 

Мұхаметсәлім  Үметбаев,  Зайнулла  Расулов  және  т.  б.  жатқызылады.  Бұл  қозғалысты 

Орынбордан шыққан ағайынды Құсайыновтар, Троицкіден шыққан Яушевтер, уфалық С. 

Нәзіров  пен  Г.  Хакимов  сынды  кәсіпкерлер  қызу  қолдады.  Орта  Азияда  Мінуәр  қари 

Әбдірашидханов,  Файзулла  Қожаев,  Махмұдқожа  Бехбуди,  С.  Міржәлелов  сияқты 

жәдидшілдер  танымал  болды.  Жәдидшілдік  қозғалысы  мектептер  мен  медреселерде 

«усул-и жәдид , оқытудың дыбыстық жаңа әдісін қолданудан басталды. Бұл әдіс ең алғаш 

рет  Уфа  губерниясындағы  «Ғұсмания   және  Орынбор  губерниясындағы  «Хұсайыния , 

Қазандағы  «Мұхаммадия  медре-селерінде қолданылды. 1890 жылдан бастап  «Расулия , 

«Ғалия ,  Стерлибаштағы  медереселерде  кәсіби  мұғалімдер  дайындалып,  Башқұрстанда 

бұл  әдіс  толығымен  бекітілді.  Білікті  мамандар  сондай-ақ  Стамбул  мен  Каирдің 

реформаланған медреселерінен, Бақшасарай мен Қасымов қалаларындағы педагогикалық 

курстар-ды  бітіріп  келді.  Сауат  ашу  бір  жылға  дейін  қысқарып,  оқытудың  еуропалық 

сыныптық-сабақтық стандарттары енгізілді. Орынбор өлкесінде әйелдер мектебі ашылды 

(Қараңыз: Нұрмұратов, 2013: 88-89).  

     Қозғалыстың тарихын алғаш зерттеуші Г. Сафаров 1921 жылы жәдидшілдік туралы 

былай  деп  жазды:  «Жәдидтер   деп  жүрген  мұсылман  интеллигенциясы  мектепті 

реформалау,  жаңа  орфографияны  енгізу,  оқытудан  арабшылдықты  және  көне  грек 

схоластикасын аластату және ұлттық мәдениетті дамытуды талап етіп отыр. Бұл қозғалыс 

бірте-бірте саяси жағынан да прогрессивті-ұлттық қозғалыс ретінде қалыптасуда. Ол татар 

және  қырғыз   яғни,  қазақ)  интеллигенциясының  ықпалымен  өсуде,  олардың  арасында 

жәдидтер бұдан да ертерек өз жағдайын нығайтып алған болатын   Сафаров, 1996: 88).  Г. 

Сафаров  жәдидтердің,  өз  халықтарының  мәдениетін  іс  жүзінде  жаңартумен  айналыса 

отырып,  ортодоксалды  позицияға  қарсы  тұрғандығын  атап  көрсетеді.  1905-1907  жж. 

революция  кезінде  олар  елдің  саяси  құрылысын  реформалау  жолында  күрес  жүргізді. 

Жәдидшілдіктің  ағартушылық  және  реформаторлық  талпыныстары  мектептегі  білім 

беруді ғана емес, ұлттың рухани мәдениеті саласын тұтастай қамтығандығын атап көрсету 

қажет.  Мысалы,  зерттеуші  А.  Бенигсен  жәдидизм  қалыптасуының  үш  кезеңін  көрсетеді: 

діни  теологиялық), мәдени және саяси реформашылдық  Бенигсен, 1983: 79).  

    Жәдидшілдік  қозғалысының  мәнін  ашып,  сипатын  айқындау  үшін  оның  тарихи 

объективті  алғышарттарын  анықтап  алуымыз  керек.  Жәдидшілдіктің  пайда  болуының 

бірнеше себептерін көрсетуге болады.  Біздің ойымызша бұл қозғалыстың орын алуының 




ең басты себебі – ислам өркениетінің сол дәуірдегі дағдарысқа ұшырап, құлдыруы болып 

табылады.  Ислам  өркениеті,  кез-келген  басқа  да  өркениеттер  сияқты,  қалыптасу,  даму 

және құлдырау дәуірлерін бастан кешіргені белгілі. VII-VIII ғғ. қалыптасқан ислам, IX-XV 

ғғ. даму, гүлдену кезеңін бастан кешіре отырып, бұдан кейінгі ғасырларда ұзаққа созылған 

құлдырау  дәуіріне  аяқ  басқан  болатын.  XVIII  ғасырдан  бастап  бүкіл  мұсылман  әлемі 

Еуропа  державаларының  тәуелділігіне  түсті   кейбірі  отарға,  кейбірі  жартылай  отарға 

айналды),  мұның  өзі  исламның  жалпы  дағдарысын  одан  әрі  тереңдете  түсті.  Осы  кезде 

мұсылманның  рухани  өзегін  қалыптастырып  отырған  сопылықтың  өзі  дағдарысқа 

ұшырады.  Сопылық  әрқашан  ислам  мәдениеті  мен  мұсылманның  рухани  болмысының 

негізі  болып  келген  болатын,  және  ол  барлық  кезеңдерде  қоғамдағы  қиыншылықтардан 

шығудың жолдарын тауып отырды. Ал қарастырып отырған кезеңде сопылық даналықтың 

көзі  болудан  қала  бастады,  осының  салдарынан  мұсылман  мәдениеті  өзінің 

өміршеңдігінен, динамизмінен айрылып қалды. ХІХ ғ. қарай сопылық өз мәнін жоғалтып, 

оның  орнына  «ишанизм   құбылысы  жандана  бастады.  Сондықтан  да  жәдидшілдіктің 

пайда  болуының  алғышарттарының  бірі  дәл  осы  құбылыспен  байланысты  болды. 

Жәдидшілдердің  қызметі  исламда  орын  алған  тоғышарлыққа,  догматизмге,  фанатизмге, 

дүмше-молдалыққа  қарсы  бағытталды.  Осы  жерде  айта  кететін  жағдай,  жәдидшілдер 

жалпы исламға қарсы күрескен жоқ, керісінше, исламды дағдарыстан алып шығып, оның 

ары қарай өркендеуіне жол ашуға тырысты. Жәдидизм көсемдері бұл қозғалыстың мәнін 

батыс  өркениетіне  қарсы  нағыз  шынайы  исламдық  интеллектулды  жауап  ретінде 

бағалады.  Қазақстандық  зерттеуші  С.А.  Асанованың  көрсетуі  бойынша,  жәдидшілдік 

объективті-прогрессивті  тарихи  үрдістің  көрсеткіші,  ол  мұсылмандық  және  ұлттық 

рухтың,  сонымен  бірге  гуманизм  ұстанымдарының  қорғаушысы  болды  (Асанова, 

интернет-ресурс).  Алайда,  жәдидшілдік,  жалпы  зайырлылыққа  қарсы  тұрған  жоқ,  соның 

ішіде  батыс  өркениетінің  жетістіктерін  жоққа  шығармады.  Ол  осы  кездегі  Шығыс  пен 

Батыстың  қасіретті  кездесуіндегі  шынайы  творчестволық  қозғалыс  болды.  Жәдидизм 

идеологтары  ұлттық  сана  мен  мәдениеттің  рухани  баюы,  толығуы  мен  өсуі    Батыс  пен 

Шығыс арасындағы конструктивті диалогсыз мүмкін еместігін жақсы түсінді. 

Жәдидшілдер  өз  қозғалысын  дәстүрлі  мұсылмандық  мектепті  модернизациялау 

қажеттігімен  ғана  емес,  сонымен  бірге  жалпыадамзаттық  өркениеттің  ең  жоғарғы 

жетістіктеріне  тартылу  идеясымен  де  байланыстырғанын  байқаймыз.  Еуропалық 

ағартушылықтан ерекше, Шығыстағы ағартушылық қозғалыс, яғни жәдидшілдік дәстүрлі 

рухани  құндылықтарға  негізделді.  Еуропа  мәдениетінің  жетістіктерін  жоққа  шығармаған  

Ресей  мұсылмандарының  интеллектуалды  қаймағы,  алайда,  оны  мұсылмандық 

дүниетаным  арқылы  қабылдауға  тырысты,  олар  исламның  ХХ  ғасырдың  ғылыми 

ашылымдарына  қайшы  келмейтіндігін,  керісінше  бұл  ашылымдарға  ислам  ғылымының 

негізінде  қол  жеткізілгендігін  көрсетуге  тырысты.  Жәдидшілдік  қозғалысының  негізін 

қалаушы  Исмаил  Гаспралы  «Мұсылмандық  өркениет   атты  мақаласында  былай  деп 

жазды: «Зерттеулер ислам өркениеттің негізінде тұрғандығын көрсетеді және Құранда бұл 

қатынаста көп айтылған. ...Мұсылмандар ғылымға, еңбекке барынша ден қойып, өркениет 

қалыптастырды,  бұл  өркениет  көне  өркениеттің  толықтай  құлауынан  жаңа  өркениеттің 

пайда болуына дейін әлемге жарық  беріп тұрды, және соңғының пайда болу көзі  болды. 

Осылайша, мұсылмандар еуропалық ғылым мен білімге бөтен еместігіне көз жеткіземіз  

(Гаспринский, интернет-ресурс).  

Жәдидшілдік  қозғалысының  Қазақстандағы  ірі  өкілі  Шәкәрім  Құдайбердіұлы  екені 

белгілі.  Ол  халық  арасында  исламның  дұрыс  түсінігін  насихаттауда  көп  еңбек  сіңірді. 

Шәкәрімнің  «Мұсылмандық  шарты   атты  діни-философиялық  шығармасында  исламның 

өркениетке,  ғылымға  қайшы  келмейтіндігі  анағұрлым  жоғары  деңгейде  негізделген 

 Құдайберді,  2007:  215-299).  Шығарманың  өзі  автордың  аса  жоғары  философиялық 

ізденістерін, батыс философтарының ең соңғы еңбектерімен таныстығын, Құранды терең 

білетіндігін  көрсетеді.  Өзінің  негізгі  міндетін  Шәкәрім  исламның  негізгі  қағидаларын 

жүйелеу, оны мектептерде қазақ тілінде оқыту және өз бетінше оқып білу үшін түсінікті 




әрі  ыңғайлы  ету  деп  білді.  Аталған  еңбегінін  жазылу  себебін  Шәкәрімнің  өзі  былай 

түсіндіреді:  «Оқығандарыңыз  кітаптан,  оқымағандарыңыз  молдалардан  есітіп  білген 

шығарсыздар. Олай болса біздің қазақ халқының өз тіліменен жазылған кітап жоқ болған 

соң,  араб,  парсы  кітабын  білмек  түгіл  ноғай  тіліменен  жазылған  кітаптарды  да  анықтап 

ұға алған жоқ шығар деп ойлаймын. Сол себептен иман-ғибадат турасын шамам келгенше 

қазақ  тіліменен  жазайын  деп  ойландым.  Бұл  кітап  әрбір  қазаққа  оқуға  оңай  болып,  әрі 

оларға  пайда  әрі  өзіме  сауап  болар  ма  екен  деп,  үміт  еттім   (Құдайберді,  2007:  215). 

Кітаптың үлкен бөлігі шариғаттың негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған. Шәкәрім, іс 

жүзінде Құранның негізгі мәтінін қазақ тіліне алғашқы аударушылардың бірі болды. Оған 

дейінгі  мұсылман  авторлары  мұсылман  дінтанушылары  шығармаларынан  үзік-үзік  қана 

келтіріп  отыратын  болған,  сондықтан  қазақ  оқырманының  Құран  туралы  түсінігі  өте 

бұлыңғыр, білімі өте таяз болды. Шәкәрім исламның негізгі қағидаларын түсіндіріп қана 

қоймайды,  ол  дүмше-молдалардың  исламды  дұрыс  түсіндірмей  отырғандығын  айыптап, 

олардың надандығын сынға алды. Ол оқырмандарды өзінің артынан еруге, яғни шынайы 

имандылыққа  ден  қоюға  шақырады,  оның  түсінігінде  шынайы  сенім,  яғни  имандылық 

әрбір  адамның  жеке  күш  салуы,  амалдары  арқылы  іске  асады.  Кітапта  сол  дәуірдегі 

еуропалық  философиялық  ойды  сынға  алуға  ерекше  орын  берілген.  Әсіресе,  Огюст 

Конттың ойларын сынға ала отырып, ол логикалық әдістер мен рационалды ой негізінде 

исламды материализм мен атеизмнен қорғауға тырысады. Шынайы, көзі ашық мұсылман 

ретінде, Шәкәрім өз заманының көкейкесті, өзекті мәселелеріне Құраннан жауап іздейді, 

және мұндай жауаптарды тауып, Құран аяттарымен оқырманның көзін жеткізе біледі. 

Жаңашылдықтың  жаршысы,  жанымен  де,  тәнімен  де  түрікшіл  болған  қазақтың 

лирик  ақыны,  Мағжан  Жұмабаев  өзінің  «Бес  қымбат   деген  жырында  сол  кездегі  қазақ 

қоғамындағы құндылықтар жүйесін былайша сипаттайды:  

«Ең әуел керек нәрсе – иман  – деген,  

«Ақырет істеріне  ишларына) инан!  – деген! 

«Құдай кешірер!  – дегенмен, іс бітпейді,  

«Иман шартын білмесе, есен  ибан)  – деген. 

«Екінші керек нәрсе – ғақыл  – деген.  

«Ғақылсызда таупық жағы  шағы) тақыр!  – деген. 

«Аз іске ашуланып, дінін бұзар,  

Иманын кәпірлікке сатар!  – деген. 

«Үшінші қымбат нәрсе – сабыр  – деген, 

«Сабырлысы мұратын табар!  – деген. 

«Әр істе сабырсыздық тәубе – зорлық,  

«Сабырсыздық басқа пәле салар!  – деген. 

«Төртінші, қымбат нәрсе – шүкір  – деген,  

«Нығыметке шүкірсіздік – күпір  – деген. 

Жатқан жерден: «Құдай кешір!  – деген – қорлық, 

«Себеп іздеп тура жолмен жүгір  – деген. 

«Бесінші қымбат нәрсе – әдеп  – деген, 

Әдепсізде иман тұру ғажап!  – деген. 

«Кәпірлік – әдептіде тұрмағандай,  

Әдеп деген махаббатқа себеп! – деген  Жұмабаев, 2005: 256)  

Көріп  отырғанымыздай,  ақын  адамның  дүниеге  үйлесімді  көзқарасы  иманнан 

басталатынын анық жеткізеді.  

Жәдидшілдіктің қазақ даласындағы келесі ірі өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өзінің 

1890 жылы «Дала уәләятының газетінің  алтыншы және жетінші сандарында жарияланған 

«Баянауылдан  атты мақаласында дін мен ғылымның кереғарлығы туралы, ислам дінінің 

білім  алуды,  әсіресе  әйелдердің  білім  алуын  шектейтіндігі  жөніндегі  әр  алуан 

стереотиптерді  теріске  шығарады.  Мал  жиюдан  басқа  өнерге  құлықсыздық  таныта 

бастаған  қазақты  мұсылманша  болсын,  орысша  болсын,  ғылым  үйренуге  шақырып, 




аталмыш  мақалада  былай  деп  жазады:  «Мал  жиып  бай  болуды  ойлама.  Ғылым  үйреніп, 

білгіш  болуды  талап  қыл.  Неге  десең,  ғылым  –  пайғамбардан  қалған  мұра.  Мал  қарау  – 

байдан  қалған  мұра.  Малды  кісінің  дұшпаны  көп  болады,  ғылымды  кісінің  досы  көп 

болады. Мал жұмсай бастасаң, таусыла бастайды, ғылым жұмсай бастасаң, артылып, үсті-

үстіне  көбейе  береді...  Мал  біткен  кісі  мұрнын  көтеріп,  тәкаппарлық  қыла  бастайды. 

Ғылымды болған кісілер өзін өзі төменшікке алып, кішік көңіл болады  (Көпейұлы, 2008: 

329). 

Қазақ ойшылдары, сол дәуірдегі барлық мұсылмандық Шығыс ойшылдары тәрізді, 



исламның  ғылымға  қайшы  келмейтіндігін  дәлелдей  отырып,  сонымен  бірге  ислам,  ХХ 

ғасырдың  қайшылықты  құбылыстары  жағдайларында,  тұлғаның  гуманистік  негіздерін 

сақтайтындықтан,  әлеуметтік маңызға да ие екендігін көрсетуге тырысты. ХХ ғасырдың 

ең  озық  әлеуметтік  идеялары  –  социализм  мен  коммунизмді  де,  жәдидшілдер,  тек 

исламның  негізгі  қағидаларының  қайталануы  немесе  дамуы  деп  қарастырды.  Мысалы, 

1906  жылы  жәдидшілдердің  «Уақыт   газетінде  жарияланған  «Ислам  және  социализм  

атты  мақалада:  «Біз,  мұсылмандар  өз  сенімімізді  ұстана  отырып,  социализмнің  біздің 

ортамызға  енуінен  еш  зиян  көрмейтіндігімізді  жақсы  білеміз,  өйткені,  исламның  негізі 

болып табылатын теңдік пен бауырмалдық, ар-ождан мен қайырымдылық социализмге де 

тән.  Бұдан  көретініміз,  ислам  негіздері  социализм  мен  демократизм  негіздерімен  сәйкес 

келеді   (Қараңыз:  Асанова,  интернет-ресурс).  Шариғат  бойынша,  байлар  кедейлерге  өз 

мүлкінің 2 %-ын, ал барлық мүлік иелері астықтың 10%-ын беруге міндетті болуы, байлар 

мен  кедейлер  арасындағы  қарым-қатынас  әлеуметтік  және  экономикалық  жағынан 

шариғатта дұрыс жолға қойылғандығын көрсетеді.  

      Көріп  отырғанымыздай,  ХХ  ғасырдың  басына  қарай  қазақ  қоғамында,  халықтың 

санасында  ислам  діні  терең  тамыр  жайған,  ол  ұлттық  сананың  идеялық  негізін  құраған 

болатын.  ХІХ  ғасырда  Батыста  орын  алып  алған  қоғамды  дамытудың  жаңа  үрдістері 

Шығыс  халықтарына  да  ықпа  етпей  қоймады.  Осы  кезде  мұсылман  әлемінің  алдында 

үлкен  таңдау  тұрды:  рухани  және  әлеуметтік-экономикалық  салаларда  белсенді  түрде 

реформа  жүргізу  арқылы  халықты  өркениетке  алып  шығу  немесе  әлемдік 

қауымдастықтың артта қалған бөлігі ретінде Батыстың боданында қала беру. Бұған дейінгі 

әр  түрлі  халықтардың  тарихи  тәжірибесі  реформаны  білім  беру  жүйесінен  бастау  керек 

екенін  көрсетіп  берген  болатын,  өйткені  халықтың  сауатты  бөлігі,  кейінірек  қоғамның 

барлық  салаларындағы  реформалардың  жүруіне  ықпал  етеді.  Жәдидшілдер  білім  беру 

саласындағы реформадан бастап, кейінірек қоғамдық өмірдің барлық салаларында – баспа 

ісінде,  театрда,  тіпті,  саяси  салада  да  модернизациялық  үдерістерді  іске  асыра  бастаған 

еді. Өкінішке орай, бұл үдеріс большевиктердің билікке келуімен тоқтап қалды. Осы тұста 

тарихтың  балама  дамуы  теориясын  қолданатын  болсақ,  большевизм  келіп  килікпегенде, 

жәдидшілдік  идеяларының  іске  асуы  ешқандай  тап  күресінсіз-ақ,  қырып-жоюларсыз-ақ, 

өркениетті  жолмен  қоғамды  дағдарыстан  алып  шығуы  мүмкін  еді  деген  қорытынды 

жасауға болады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет